Облыс
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Ақтоғайлық кәсіпкер ауылына спорт кешенін салып берді
Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылының тумасы, кәсіпкер Серік Қасымбеков туған еліне тарту жасап, 60 миллион қаражатқа заманауи спорт кешенін салып берді. Ел еңсесін көтерген бұл жаңалық ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 29 Қыркүйек, 2025
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласындағы Ақсай полиция бөлімі қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, үй ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 29 Қыркүйек, 2025
Жетісуда отбасыға қолдау көрсететін тоғызыншы орталық ашылды
Жетісу өңірінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған тағы бір қадам жасалды. Ақсу ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы іске қосылып, бұл облыс бойынша ашылған тоғызыншы нысан болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда халықаралық конференция өтіп жатыр
Ұлытау облысында қыркүйек айының 27–29 күндері аралығында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Қыркүйек, 2025
Саран қаласында көпқабатты үйде алапат өрт болды
Қарағанды облысының Саран қаласында көпқабатты үйден шыққан алапат өрттен 4 адам ажал құша жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында өрттен 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды
Жамбыл облысында таңғы сағат бестің шамасында ірі өрт шығып, 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2025
Ақмола облысындағы үй ауласында жабайы сілеусін жүр
Ақмола облысында құтқарушылар, полицейлер мен орман қорғаушылары жеке үйдің ауласынан жабайы сілеусінді ұстады. Жыртқыш әлі бір жасқа толмаған бөлтірік болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 28 Қыркүйек, 2025
Қазалыда аудан әкімі сайлауы өтіп жатыр
Бүгін Қазалы ауданы тұрғындары 4 жыл мерзім қызмет атқаратын жаңа аудан әкімін сайлайды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 28 Қыркүйек, 2025
Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылды
Түркістан қаласында қолөнершілер қалашығының ресми ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ Түркістан қаласының халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болуына орай «Түркістан – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық фестиваль, «Turkistan world craft fest-2025» халықаралық қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Атырауда әлеуметтік қызметтерге арналған бірыңғай тарифтер бекітіледі
Атырау облысында мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай тарифін бекіту көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2025
Атырауда тұрақтандыру қорындағы көкөніс көлемі 50 мың тоннаға жетеді
Атырау облысында тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамту үшін көкөністер қорын 50 мың тоннаға жеткізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы New York Film Academy филиалы ашылды
Табиғаты көркем Қаскелең қаласында халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығы саласында маңызды оқиға орын алды. Ол – Орталық Азиядағы әлемге әйгілі америкалық кино мектебінің алғашқы филиалы New York Film Academy Kazakhstan салтанатты түрде ашылды. Жаңа кампус Energo University мен Dala Edge креативті паркі базасында құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 27 Қыркүйек, 2025
«KNAUF» компаниясының қолдауымен Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде халықаралық деңгейдегі «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» шеберлік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025
Өңірде жылу беру маусымы басталды
Қысқы 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл бұл шараларды іске асыруға 43 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат негізгі бағыттар бойынша 11 инвестициялық жобаға – 10,2 миллиард теңге, көмір мен мазут сатып алуға – 6 миллиард теңгеден астам, коммуналдық нысандардың жөндеу науқанына – 15,5 миллиард теңге, сондай-ақ, «АРЭК» АҚ мен «Көкшетау Энерго» ЖШС ірі энергия компанияларының жөндеу жұмыстарына – 11,4 миллиард теңге көлемінде бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025
Қоянды ауылында мемлекеттік электр желілеріне қосу жұмыстары басталды
Ел ішіндегі күрделі мәселелер біртіндеп шешіліп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпал етуде, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қыркүйек, 2025
Абай облысы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының құрамындағы Карелия Республикасына барды. Сапар аясында екі өңір арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2025
«Даналық көпірі» мәдени-ағартушылық акциясы
Халық арасындағы ынтамақтастықты нығайту мақсатында Көкшетауда «Даналық көпірі» мәдени-ағартушылық акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында автокомпоненттер өндіретін жаңа зауыт жұмысын бастады
Автомобиль өнеркәсібі – Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. Бүгінде елімізде автокөлік құрастыру көлемі артып келе жатқанымен, қосалқы бөлшектердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Осыған байланысты, мемлекет тарапынан автоқұрастыру зауыттарын отандық өнімдермен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 26 Қыркүйек, 2025
Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтуде
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Қызылорда облысында Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті.
Заң • 26 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда «Заң мен тәртіп» фотокөрмесі өтті
Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында полиция қызметкерлерінің жұмысына арналған «Заң мен тәртіп» атты фотокөрме ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауыл • 26 Қыркүйек, 2025
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жыл сайын аң-құс арналған азық дайындау ісі тиянақты жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Ұлытау облысында қайтарылған қаражатқа 7 медициналық нысан салынады
Ұлытау облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өңірде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік жоба жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 26 Қыркүйек, 2025
Атырауда ҰҚК қызметкері ұсталды
Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне қылмыстық іс қозғалды. Оның ұсталғанын ҰҚК растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін айыппұл салынды
Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша жергілікті азаматқа қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2025
Ақмола облысында бүгінге дейін 5 миллион тоннадан астам астық жиналды. Барлық егістік алқабының 70 пайызға жуығы бастырылып, ақық дән құт қамбасына құйылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Ақмола облысында 5 миллион тонна астық жиналды
Ақмола облысында қазірдің өзінде 5 миллион тонна астық жиналды. Бұл — егін ору жұмыстары әзірге тек 70 пайыз алқапта, яғни үш миллион гектардан астам жерде ғана жүргізілгеніне қарамастан қол жеткізілген көрсеткіш. Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, биылғы өнім рекордқа жақын және былтырғы көрсеткіштен асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 25 Қыркүйек, 2025
Халықаралық ұйым басшысы тарихи нысандармен танысты
Жуырда Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет бойынша ұйымының (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс сапары барысында мәртебелі қонақ республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда халықаралық ұйым басшысы Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелерінде, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2025
Абай облысында «Жыл кітапханашысы» анықталды
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары Одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» номинациясына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Қыркүйек, 2025
«Еңбек жолы - 2025» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылына орай дәстүрлі республикалық «Еңбек жолы - 2025» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Құдық – Маңғыстаудың тіршілігінің негізі
Маңғыстау облысы – табиғаты қатал, климаты құрғақ, жауын-шашыны аз аймақ. Шөлейт пен кең жазықтарда малға да, адамға да қажет көкорай шөп аз өседі. Жерүсті өзендерінің жоқтығынан, мұндағы тіршіліктің басты тірегі – жерасты суы. Сол себепті ауыл шаруашылығымен айналысатын халық үшін құдық – өмірдің негізгі көзі, тіршіліктің тірегі, деп хабарлайды Egemen.kz.