Алматы
Құрылыс • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда әуеайлаққа жақын салынған екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов халықаралық әуежай маңындағы бірқатар тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
25 қаңтар күні сағат 14:35 шамасында Алматыдағы Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автобус жүргізушісінің кенеттен денсаулығы нашарлап, оқиға орнында жан тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда эстон қолғаптарының көрмесі ашылды
Ұлттық орталық музейде Эстония елшілігінің қолдауымен Эстонияның Ұлттық музейі (ENM) дайындаған «Қолмен өрілген қолғап сыры» деп аталған жылжымалы көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2026
Биыл қыста Алматы тауларында бес адам қаза тапты
Алматы тауларында биылғы қысқы маусымда бес адам ажал құшты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Республикалық жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің бас құтқарушысы Вадим Пак брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 25 Қаңтар, 2026
Абайдың 180 жылдығы: ҚазҰУ білім беру жүйесіне жаңа пәндер енгізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ғылыми кеңесте ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Алматыдағы №1 перзентхана ақыры сүріліп тынды
Алматы билігі тарихи перзентхананың неге сүрілгеніне түсініктеме берді. Жұрттың алуан түрлі пікір қайшылығын тудырған Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ақыры сүріліп, орнында жаңа ғимараттың құрылысы басталды. 1938 жылы салынған ескі ғимарат енді келмеске кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 23 Қаңтар, 2026
Қазақстан туристер үшін ең тартымды елдер қатарына кірді
Туристерге ұсынылатын әлемнің ТОП-25 елінің қатарына Қазақстан да енді. Еліміздің басты туристік астанасы – Алматы бірнеше аралдық аумақтарды басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Богданович мұздығында қар көшкіні жүруі мүмкін
Кіші Алматы өзені алабында орналасқан Богданович мұздығында және «Шымбұлақ» курорттық аумағында қар көшкіні қаупі жоғары болып тұр. Бұл туралы «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 22 Қаңтар, 2026
Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды
Алматыда былтыр интернет-алаяқтыққа қарсы 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, жапа шеккен азаматтарға 700 млн теңге қайтарылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздескен Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан − Қытай шекарасында жер сілкінді: Зілзала алматылықтарға сезілді ме?
Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,3 болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 22 Қаңтар, 2026
Алматыда 350-ден астам сирек кітап көрмеге қойылды
Алматыдағы Ұлттық академиялық кітапханада биыл мерейтойлары аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әдебиет пен өнер саласында өшпес із қалдырған 16 көрнекті тұлғаның өмірі мен шығармашылық жолына арналған ауқымды көрме өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Алматы облысында өткен жылы жоғалған студент әлі табылмады
Алматы облысында 16 жастағы студент өткен жылдың қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен. LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жас жігітке іздеу салған хабарлама жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Қаңтар, 2026
Алматыда 12 мыңнан астам қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе жасалды
Қаңтар айында көп елде жатыр мойны обырымен күресу шаралары жүреді. Алматыда да қазір бұл ауруды ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы қолға алынған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Райхан Болатбекова жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы ең көп тараған онкологиялық аурудың бірі екендігін нақты деректермен дәйектеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2026
Алматыда ивент-компаниялардың IV Орталық Азия конференциясы өтіп жатыр.
Алматы қаласында Мәдениет нысандары технологиялары инженерлері қауымдастығының (АИТОК) ұйымдастыруымен жалға беруші және ивент-компаниялардың IV Орталық Азия конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2026
Алматыда Оңтүстік Кореяның танымал телешоуы түсірілді
Алматыда Оңтүстік Кореяның танымал «Менің кішкентай бойдақ жігітім» телешоуы түсірілді. Түсірілімге корей елінің әйгілі актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су арнайы келген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін
Алматыдағы Есентай өзенінде қауіпті жағдай сақталып отыр – қатты аяз бен мұздың жиналуына байланысты мұзды су селі қайта жүру қаупі бар. Бұл туралы бүгін «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 20 Қаңтар, 2026
Алматы әкімдігі заңсыз салынған ғимаратты сүріп тастады
Алматыда Ақан Сері көшесі, 18-үй мекенжайында орналасқан рұқсатсыз салынған қосалқы нысан сот шешімімен бұзылды. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 20 Қаңтар, 2026
Шымбұлақ пен Медеуге шетелдіктер тәнті болды: Алматы Viajar журналының тізімінде
Испанияның Viajar туристік журналы Алматыны тау бөктерінде орналасқан және қала орталығынан тау шаңғысы трассаларына жылдам жетуге болатын әлемдегі бес қаланың қатарына енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Қаңтар, 2026
Алматыда сэндвич-панельдер шығарылады: Өндірістен бюджетке қанша табыс түседі?
Алматыда «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында сэндвич-панельдер өндіретін инвестициялық жоба іске қосылды. Жобаны Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрамындағы Almaty Finance қаржыландырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Қаңтар, 2026
Тоғызқұмалақтан облыстық біріншілікте кімнің мерейі үстем болды?
Талғар ауданында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жеке чемпионаты өтті. Жарысқа 2012 жылы туған және одан үлкен жастағы шамамен 75 спортшы қатысып, өздері тұратын аудандардың намысын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Алматыда Ұлан сарбаздары ант қабылдады
Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде 600-ден астам ұландық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Әскери бөлім қатарына жаңадан қосылған сарбаздар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Қаңтар, 2026
Жалған ақпарат: Алматыдағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында орналасқан біренеше мектепке террористік шабуыл жасалатыны туралы хабарлама тарады. Қала полициясы жаппай тарап жатқан хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Алматыда қарақшылар күндіз әйелге шабуыл жасап, 30 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қала полициясы көп ұзамай күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 18 Қаңтар, 2026
Алматы облысында суға шомылу рәсімі өтіп жатыр
Биылғы 18 және 19 қаңтар күндері Алматы облысында дәстүрлі «Құдайға шоқыну» мерекесіне арналған суға шомылу шаралары басталды. Соған орай өңірде барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, рәсімді өткізуге арналған 21 стационарлық орын анықталып, келісілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2026
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Қаңтар, 2026
«Қиылыстағы мұражай» деректі фильмі жарыққа шықты
Өткен жылы еліміздің мәдени өміріндегі ең айшықты оқиғалардың бірі – мегаполистің қымбат тастармен көмкерілген алқасы іспетті Almaty Museum of Arts ордасының алматылықтарға сыйға тартылуы еді. Өйткені соңғы отыз жылда шаһарда озық технологиялар, заманауи инженерлік, архитектуралық шешімдері тоғысқан үлкен музейлер салынбағандықтан, көрген де арманда, көрмеген де арманда дейтін халықаралық көрмелер мен беделді биенналелер Алматыны айналып өтіп жатты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Қаңтар, 2026
Алматыда мәдени-білім беру орталығы ашылды
Бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жанынан жастарды, креативті қауымдастықтарды және білім мен инновацияға ұмтылған қала тұрғындарын біріктіретін «American Space & Makerspace» жаңа мәдени-білім беру орталығы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 17 Қаңтар, 2026
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.