жұмыс
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті
Алматы қаласында қызылша дерті қайта өршіді. Күн сайын 20-25 жағдай тіркеліп отырғандықтан балаларға екпе жұмысы жүргізіле бастады. Екпені тіркелген емханада тегін алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2025
Биыл 173 жаңа зауыт ашылып, 18 мың жұмыс орны құрылды
Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 173 индустриялық жоба жүзеге асырылды, бұл шамамен 22 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында сотталған 200 адам жұмыспен қамтылады
Атырау облысының кәсіпкерлері сотталғандарды жұмысқа қабылдауға ниет білдіріп отыр. Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №15 мекемесінде әрқайсысының жалпы ауданы 880 шаршы метр екі ангар мен 564 шаршы метрлік модульді ғимараттың құрылысы аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 16 Желтоқсан, 2025
Түркістанда жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыруға қатысты ұсыныстар айтылды
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға және жұмысшы мамандықтардың беделін нығайтуға бағытталған инновациялық ғылыми-технологиялық сессия және «Еңбек» фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2025
Қостанайда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер ұсталды
Қостанайда өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон полициясы заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2025
Астанада құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты
Астананың сол жағалауындағы құрылыс алаңында 41 жастағы жұмысшы биіктен құлап, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Түзету мекемесінде өндірістер іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды
Алматы облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №10 мекемеде екі жаңа өндірістік нысан — «INFINITEL» және «БроМарт» кәсіпорындары іске қосылды. Нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылып, жазасын өтеушілерді тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың кезекті кезеңі жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 12 Желтоқсан, 2025
Биыл елімізде 821 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы ақпаратқа сәйкес, елде 296 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, 821,1 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 11 Желтоқсан, 2025
Астанада пробация есебіндегі адамдарға арналған акция өтті
Елордадағы Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында пробация есебінде тұрған адамдарға арналған әлеуметтік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы мансап орталықтарына 63 мың адам не үшін жүгінген?
Биыл жыл басынан бері мансап орталықтарына хабарласқан атыраулықтардың саны 63 мың 55 адамға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Мойынты – Шығанақ учаскесінде 4 теміржолшыны жүк пойызы басып кетті
10 желтоқсан күні кешке сағат 17.15-те Қарағанды облысы Мойынты – Шығанақ учаскесінде оқыс оқиға орын алды. Жүк пойызы жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды қағып кеткен. Машинист шұғыл тежелуді қолданғанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 09 Желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты аяқталды: үздік қатысушылар марапатталды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты өз мәресіне жетті. Іс-шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің үздік студенттері мен жас мамандары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Жұмысшыларға жалақысын бермеген 494 кәсіпорын анықталды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 494 кәсіпорын 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңге көлеміндегі жалақысын бермей келгенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2025
Петропавлда интернет желісін тартумен айналысқан жұмысшы қаза тапты
Петропавлда көтергіш құрылғыда жұмыс істеп жатқан екі маман биіктен құлап, 35 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Екінші азамат түрлі жарақат алып, ауруханаға жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 7 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Атырау облысында жыл басынан бері мансап орталықтарына жұмыс іздеген 24 мыңнан астам жас жүгінген. Оның ішінде 22 500-іне түрлі әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
«30-дан аса жұмыс орны ашылды»: Түркістанда жаңа зауыт іске қосылды
Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта «ER-QAN GROUP» ЖШС-ның орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын шығаратын зауыт пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 03 Желтоқсан, 2025
Қостанайдағы «Аллюр» зауытында жас мамандарға арналған оқу-жаттығу орталығы ашылды
Қостанайдағы «Allur» зауыты көлік бояу цехына маман даярлайтын «МСВ Бояу» оқу-жаттығу орталығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Ел тұрғындары желтоқсан айында қанша күн демалады?
Желтоқсан айында 5 күндік жұмыс аптасымен жасайтындар 9 демалыс күнін және 22 жұмыс күнін өткізеді. Ал 6 күндік жұмыс режиміндегі тұрғындарда 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні болады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 27 Қараша, 2025
Майқайыңдағы құтқарушылар өлімі бойынша сот үкімі шықты
Майқайыңдағы 4 құтқарушының өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істе айыпталған тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты. Үкім Екібастұз қалалық сотында жария етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қараша, 2025
Білім саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды
Аталған жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова эксперттік қауымдастықпен отандық IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Он үшінші жалақы кімдерге беріледі?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлер қандай жағдайда сыйақы немесе «он үшінші жалақы» алуға үміт арта алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Елімізде жұмыс уақытын бір сағатқа қысқарту ұсынылды
Мәжілісте кішкентай баласы бар ата-аналарға жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды енгізу туралы ұсыныс айтылды. Бастаманы Мәжілістің пленарлық отырысында Еңбек кодексіне өзгерістер талқыланған кезде депутат Қарақат Әбден көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 463 шетел азаматы еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қараша, 2025
Павлодар облысында зауыт жұмысшысы күйіп қалған
Жазатайым оқиға – 12 қарашада аталған облысқа қарасты Ақсу қаласында болған, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 14 Қараша, 2025
Қазақстанда ең төменгі жалақыны кімдер алады?
2025 жылы Қазақстанда 16 мен 24 жас аралығындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 279,9 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш басқа жас топтарынан айтарлықтай төмен, олардың орташа жалақысы 400 мың теңгеден асады, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom-ға сілтеме жасап.
Президент • 14 Қараша, 2025
Форумда Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді
Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 14 Қараша, 2025
Елдегі кәсіпорындар жұмыскерлерге 2,3 млрд теңге жалақы төлемеген
1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 394 кәсіпорны 9,8 мыңнан астам жұмыскерге 2,3 млрд теңгеге жалақы қарызы бар екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қараша, 2025
Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі өсті
Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға жетті, бұл пандемия кезеңіндегі көрсеткіштермен шамалас, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Қараша, 2025
Астанада 2800-ден астам жол жұмысшысы қар күреуге шықты
Елордада қар күреу жұмысы үздіксіз жалғасып жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.