Соңғы жаңалықтар
Ауа райы • 03 Маусым, 2026
Найзағай, бұршақ және дауыл: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Сондай-ақ кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 03 Маусым, 2026
Астанада шомылу маусымы басталды: Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Астанада шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тек арнайы белгіленген орындарда шомылуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 03 Маусым, 2026
Қазақстанда екі ұялы байланыс операторы автоқоңырау қызметін өшіреді
Еліміздегі Kcell және Beeline ұялы байланыс операторлары автоқоңырау қызметін тоқтататынын мәлімдеді. Өзгерістер маусым айының соңынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Маусым, 2026
Астана мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе рейстері ашылды
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе қатынасы кеңейіп келеді. 2026 жылғы 2 маусымнан бастап Астана мен Ұлан-Батыр қалалары арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2026
Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?
Шымкент пен Астанада кәмелетке толмағандардың қазасына әкелген жол апаттарынан кейін қоғамда жүк көліктерінің қала ішінде қозғалысын шектеу мәселесі көтерілді. Алайда Ішкі істер министрлігі мұндай көліктердің қалаға кіруіне толық тыйым салу мүмкін емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2026
Депутат рұқсатсыз көкпар өткізген тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуді талап етті
Елімізде көкпар ұлттық ойынынан жарақат алып, өміріне қауіп төндіргендер санының артуына байланысты Мәжіліс депутаты Болат Керімбек көкпарға бақылауды күшейтуді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2026
Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот отырысы басталды
Алматыда әлеуметтік желіде Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты мәлімдемелерімен танылған блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот процесі басталды. Оған «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2026
Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Никос Христодулидиспен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Маусым, 2026
Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы мектеп бітіру кештеріндегі орынсыз сән-салтанат пен әлеуметтік бәсекенің күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Ол Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында соңғы қоңырау мен мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Көкше теңіз жағасында «Balkhash Tour Fest» фестивалі өтеді
Балқаш көлінің жағалауында 19-20 маусым күндері дәстүрлі «Balkhash Tour Fest» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Маусым, 2026
«Almaty Superski» тау шаңғысы курорты қашан іске қосылады?
Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген Kazakh Tourism Development Ltd компаниясы директорлар кеңесінің отырысында Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды. Аталған компанияның бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев Almaty Superski жобасын жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Шығыс Қазақстан облысының әкімі отставкаға кету туралы өтініш берді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің бірінші орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға өтініш берді. Алайда өңір басшының өтініші қабылданбаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 03 Маусым, 2026
Жасанды интеллект қандай мамандарды еңбек нарығынан ығыстырады?
Цифрлық дәуірдің жаңа белесінде адамзат технологиялық төңкерістің куәсі болып қана қоймай, оның бел ортасында өмір сүріп жатыр. Бүгінде күнделікті тұрмыстан бастап мемлекеттік басқару ісіне дейін еніп үлгерген жасанды интеллект (ЖИ) – дамудың жаңа мүмкіндігі әрі үлкен жауапкершілік жүктейтін технология. Осы орайда елімізде жасанды интеллект жүйелерін реттейтін заңнамалық базаны қалыптастыру және оның еңбек нарығына әсерін бағамдау – уақыт талабынан туындаған маңызды міндет.
Мәдениет • 03 Маусым, 2026
Ұлытауда республикалық этномәдени фестиваль өтеді
27 маусым күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылында «Көкмайса – Ұлы даланың тірі тарихы» атты республикалық этномәдени фестиваль ұйымдастырылады. Ауқымды шара қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2026
Тәуелсіздік сарайында Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Семей тұрғыны ақшасын қайтаруды талап еткен танысын балағаттағаны үшін жазаланды
Семей тұрғыны танысына ақша қарыз болған. Бірақ оны белгіленген мерзімде қайтара алмаған. Қарыз беруші кезекті рет ақшасын қайтаруды талап еткен. Оны 51 жастағы ер адам балағаттаған. Нақты айтқанда, оған өрескел түрде тіл тигізген дауыстық хабарлама жіберген, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Маусым, 2026
Ержан Жиенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 03 Маусым, 2026
Рақымшылық аясында қанша адамның айыппұлы кешіріледі?
Мәжілістің жалпы отырысында Рақымшылық жасау туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Жаңа заң оның қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылықтарға ғана қолданылады. Яғни, заң күшіне енгеннен кейін жасалған әрекеттер рақымшылыққа ілікпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Маусым, 2026
Бишімбаев пен Перизат Қайратқа рақымшылық жасала ма? ІІМ вице-министрі жауап берді
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бірқатар сотталған азаматтарға, соның ішінде Қуандық Бишімбаевқа, Кәрім Мәсімовке және Перизат Қайратқа рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Мәжіліс нотариустардың жауапкершілігін күшейтетін заңды қабылдады
Мәжіліс екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет мәселелері және заң көмегі мәселелері бойынша бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2026
«Бұл – күшті мемлекеттің көрінісі»: Депутаттар жаңа рақымшылық туралы айтты
Жаңа Конституцияға байланысты рақымшылық туралы заңды қабылдау азаматтарға сот орындаушыларына жүгінбей-ақ мүлік пен банк шоттарына қойылған шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев өз баяндамасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Маусым, 2026
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар рақымшылық жасауға қатысты заң жобасын талқылап жатыр. Жаңа заң жобасына қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Маусым, 2026
Елімізде сотталған азаматтардың қаншасы рақымшылыққа ілігеді?
Мәжіліс отырысында депутат Әділ Жұбанов Конституцияның 30 жылдығына орай өткен жылы рақымшылықпен босатылған азаматтардың қаншасы қайта қылмыс жасағаны және биылғы рақымшылыққа қанша сотталушы ілігетіні жөнінде Ішкі істер министрлігі өкіліне сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Маусым, 2026
Электрондық сауда операторларының қызметі заңнамалық деңгейде бекітілмек
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа енгізілетін түзетулерге сәйкес келтіруге бағытталған.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Батыр есімі берілді: Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестенің жағдайы белгілі болды
Ақтөбеде көшеде пакет ішінен табылған жаңа туған нәрестені сәбилер үйіне ауыстыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Нәрестеге Батыр есімі берілген екен, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 03 Маусым, 2026
Қазақстанда кімдердің әкімшілік жазалары толықтай кешіріледі?
Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасау көзделіп отыр. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан таныстырған заң жобасына сәйкес, алғаш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық та жүргізілмек. Алайда сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм және өзге де ауыр санаттағы қылмыстар үшін сотталғандарға рақымшылық қолданылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Маусым, 2026
Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Астанада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр. Жиында бірқатар маңызды заң жобалары қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 03 Маусым, 2026
Хакерлер ЖИ көмегімен Instagram қолданушыларының деректерін ұрлаған
Meta компаниясының қызметкерлері Instagram желісіндегі хакерлер шабуылына ұшырады. Кибералаяқтар пайдаланушылардың жеке деректеріне жасанды интелект арқылы қол жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 03 Маусым, 2026
Амангелді батырдың ағаш төсегі музейде сақтаулы тұр
Амангелді ауылындағы А.Иманов атындағы мемориалдық музейде Торғай өңірінің арғы-бергі тарихына қатысты 5800-ден аса жәдігер сақтаулы тұр. Соның ішінде Амангелді батырдың бала кезінде жатқан төсегі де бар. Құнды жәдігер батырдың анасы Қалампырдан қалған.
Кино • 03 Маусым, 2026
Димаш Құдайберген «Таймас» фильмінің түсірілім алаңына барды
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Таймас» көркем фильмінің түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездесті. Кездесу барысында ол түсірілім тобына қолдау білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.