Елорда • Бүгін, 13:50

Астанада шомылу маусымы басталды: Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

1 мин
оқу үшін

Астанада шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тек арнайы белгіленген орындарда шомылуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада шомылу маусымы басталды: Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

Елордада шомылу маусымы ресми түрде басталып, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтті.

Құтқарушылар Есіл өзенінде күн сайын патрульдік бақылау жүргізіп жүр. Сонымен қатар қауіпті аумақтарда үш мобильді құтқару бекеті жұмыс істеп тұр.

1 маусымда ашылады: Алматы облысының жағажайлары шомылу маусымына дайын

Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін шомылуға арналған бес ресми орын белгіленген. Ал жабдықталмаған және қауіпті аймақтарға шомылуға тыйым салынғаны жөнінде арнайы ескерту белгілері қойылған.

«Суда болатын жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған орындарда тіркеледі. Сондықтан тұрғындар мен қонақтарды тек ресми жағажайларда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және мас күйде суға түспеуге шақырамыз», деді Астана қалалық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин.

Ведомство мәліметінше, судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өткен жылғы шомылу маусымында жүргізілген рейдтер барысында 176 әкімшілік хаттама толтырылған.

Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды демалыс кезінде сақтық шараларын сақтап, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар