Әлем • Бүгін, 14:31

Үндістанда Лионель Мессидің 21 метрлік ескерткішін алып тастады

1 мин
оқу үшін

Үндістанның Калькутта қаласында футбол аңызы Лионель Мессиге арналып қойылған зәулім ескерткіш бұзылды. Жергілікті билік бұл шараны қауіпсіздік мақсатында жасалған мәжбүрлі қадам деп түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістанда Лионель Мессидің 21 метрлік ескерткішін алып тастады

Фото: Ашық дереккөз

Ресми мәліметтерге сүйенсек, аймақта соққан қатты жел биіктігі 21 метрден асатын алып монументті шайқалтып, маңайдағы тұрғындардың өміріне айтарлықтай қауіп төндірген. Аталған нысан былтыр Лионель Мессидің Калькутта қаласына жасаған ресми сапары аясында салтанатты түрде ашылған болатын.

Айта кетейік, Үндістандық миллиардер Мессиге 1,2 миллион долларлық сағат сыйлаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Аргентина ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған алдын ала кеңейтілген құрамын жариялады. Тізімге 55 футболшы енген, олардың көшін команда капитаны Лионель Месси бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар