Ауа райы • Бүгін, 14:14

Найзағай, бұршақ және дауыл: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Сондай-ақ кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Найзағай, бұршақ және дауыл: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 4 маусымда батыс аймақтарда, 4-5 маусымда елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжайды. Ал Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде ғана ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +22...+30°C-қа дейін жылынады.

Солтүстік-шығыс пен шығыста +30...+37°C-қа дейінгі аптап ыстық сақталады.

Оңтүстік-шығыста аптап ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы +25...+33°C шамасында болады.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, маусым және тамыз айлары әдеттегіден ыстық болады. Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар