Соңғы жаңалықтар
Елорда • 03 Маусым, 2026
Елорданы еңселендірген экономикалық аймақ дамудың жауапты кезеңіне қадам басты
Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтар арасындағы көшбасшысы – елордалық «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы. Бұл аймақ елдегі барлық арнайы экономикалық аймақтар өндірісінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр.
Президент • 03 Маусым, 2026
Алатау – жаңа мүмкіндіктер мекені
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес өтті. Мұнда Президент жаңа шаһарды қалыптастырудың негізгі басымдықтарын айқындап берді. Атап айтқанда, Алатауды инвестиция мен инновацияның халықаралық орталығына айналдыру, заманауи инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, қолайлы құқықтық және іскерлік орта қалыптастыру, цифрлық технологиялар мен «ақылды қала» шешімдерін кеңінен енгізу, энергия тиімділігі мен ресурстарды ұтымды пайдалану, сапалы адам капиталын дамыту және тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын құру міндеттерін алға қойды. Мемлекет басшысы атап өткендей, Алатау болашақта еліміздің экономикалық өсімінің жаңа драйверіне айналуға тиіс.
Қоғам • 03 Маусым, 2026
Тұлғаны сапалы білім қалыптастырады
Қай кезеңде болсын ұлт болашағын ойлаған халық ұрпағына ерекше көңіл бөледі. Ел дамуының келешегі – адам капиталында. Ал оның негізі жастарымыздың білім сапасы мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне тікелей байланысты. Демек, білім мен тәрбие бар жерде – даму бар, заман талабына сай өркендеу бар.
Білім • 03 Маусым, 2026
Арқа төріндегі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ұлт мақтанышы, қазақ ағартушылығының атасы Ыбырай Алтынсариннің мұрасына арналған «Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы-педагог, этнограф, тарихи тұлға» атты республикалық ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиын ұлт ұстазының рухымен сырласқан, оның өлшеусіз мұрасын бүгінгі күннің биігінен зерделеген рухани кеш болды.
Экономика • 03 Маусым, 2026
Серіктестікке серпін берген кездесу
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Тараздағы даулы видео: полиция басшысы қызметінен кетуі мүмкін
Тараз қаласында әлеуметтік желіде тараған даулы видеодан кейін аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылуы мүмкін. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Маусым, 2026
Қазақстан спортшылары түрлі додаларда бақ сынап, сәтті өнер көрсетіп жатыр. Кезекті жарыс күнделігінде хоккей, теннис, күрес, футбол жаңалықтарын ұсынамыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2026
Солтүстік Қазақстан облысында бес мыңға жуық маман жетіспейді
Солтүстік Қазақстан облысында алдағы жылдары еңбек нарығындағы кадр тапшылығы өткір мәселеге айналуы мүмкін. Өңірлік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша 2026–2028 жылдары облыс кәсіпорындарына шамамен 5 мыңға жуық маман, жұмысшы және қызметкер қажет болады.
Теңге • 03 Маусым, 2026
Доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?
Бүгінде әлеуметтік желілерде «доллар 600 теңге болуы мүмкін» деген ақпарат тарай бастады. Осыған орай қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесов пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Маңғыстауда ауладан мектеп оқушысының мәйіті табылды
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ауладан мектеп жасындағы баланың мәйіті табылды. Мәліметтерге сүйенсек, оқиға 1 маусым күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Жұбайыңызға 10 миллион теңге аударсаңыз да, тексерілмейсіз
Отбасылық және тұрмыстық қажеттіліктер үшін жұбайлар арасындағы ірі көлемдегі аударымдар салық органдарына күдік тудырмайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 02 Маусым, 2026
Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді
6 маусым күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ереван қаласында Армения құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 02 Маусым, 2026
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның көп өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнап, жаңбыр күтілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Елдің шығысында қатты ыстық сақталады. «Қазгидромет» мәліметінше, 3 маусым күні республика бойынша ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Денсаулық • 02 Маусым, 2026
Медицинадағы революция: Қазақстанда бірыңғай цифрлық контур құрылды
Денсаулық сақтау министрлігі 21 мыңнан астам ұйым мен 275 мың медицина қызметкерін бірыңғай цифрлық контурға біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Қостанайда білім бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды. Қылмыстық істі Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 02 Маусым, 2026
Иран мен АҚШ келіссөздерінің тоқтауы мұнай бағасын күрт өсірді
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуінен Иран мен АҚШ арасындағы байланыстардың тоқтатылуы әлемдік мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне себеп болды. Нарықтағы мәліметтерге сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 97 долларға дейін, ал WTI мұнайы 94 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Семейде шаруашылық тауарлары сақталған қойма өртенді
Семей қаласындағы Кошевой көшесінде бір реттік пайдаланылатын тауарларды көтерме саудамен айналысатын кәсіпорын аумағындағы қойма ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Үкімет Степногорск пен Көкшетаудағы жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Үкіметі Ақмола облысындағы жылу-энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға 3,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 02 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелла мен оның отандастарынұлттық мереке – Республика күнінің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 02 Маусым, 2026
Кипр Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді
2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 02 Маусым, 2026
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының кезекті тобы әкелінді
Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Ерлан Қарин: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қоғамдық қозғалысқа айналды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Таза Қазақстан» жобасының қоршаған ортаны қорғаумен қатар жауапты әрі саналы қоғам қалыптастыруға үлес қосып отырғанын айтты. Оның сөзінше, бастама біртіндеп күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Президент «штрафстан», «айыппұлстан» туралы айтқандарды қатаң сынға алды
Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 02 Маусым, 2026
Қазақстанға аптап ыстық келе жатыр: Маусымда ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі
Қазақстанда маусым айы құбылмалы ауа райымен басталады. Синоптиктердің болжамынша, жаздың алғашқы айында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Қордай маңындағы қайғылы жол апаты: Бір адам қаза тапты
Жамбыл облысында адам өліміне әкеп соққан ірі жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы жағдай Қордай ауданында болып, екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
БҚО-да балалар лагеріне жұмысқа тұрмақ болғандардың бұрын сотталғаны анықталды
Батыс Қазақстан облысында жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында жүргізілген тексеру барысында балалар лагерлерінде жұмыс істеуге ниет білдірген бірнеше адамның бұрын сотталғаны анықталды. Полиция мәліметінше, олардың құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?
Астанада мамыр айында іске қосылатын субұрқақтар сонадайдан көз тартып тұрады. Әсіресе, ыстық күндері тұрғындардың салқындауы үшін субұрқақ маңы таптырмас орынға айналады. Субұрқақты қызықтап суына шомылатын балақайларды жиі көзіміз шалады. Мұндайда балалардың шат-шадыман күлкісі мен ойынын бұзғың-ақ келмейді. Бірақ мұндай сәттер кейде ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Осы орайда Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевтан субұрқақтан келетін зиян туралы сұрап-білген едік, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 02 Маусым, 2026
Алматыдан Гонконгке тікелей әуе рейсі ашылады
Алматы әуежайынан тағы бір халықаралық рейс іске қосылды. Енді ел тұрғындары Алматыдан Гонконгке тікелей ұша алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Президент «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірегей спорт жобасы – «Атлетико де Мадрид Қазақстан» халықаралық деңгейдегі футбол академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.