Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
Атырауда түнгі уақытта қыдырған 30 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Атырау қаласында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түнгі профилактикалық рейд барысында қараусыз көшеде жүрген 30 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін өсіретін GREEN ЕСО заманауи жылыжай кешенінің қызметімен, сондай-ақ Қазақстан нарығындағы өндіріске қолданылатын технологиялармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 02 Маусым, 2026
ҰБТ-да құқықтары бұзылған талапкерлер қайда жүгіне алады?
ҰБТ тапсыру кезінде құқықтары бұзылған талапкерлер комплаенс қызметіне жүгіне алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы экологиялық талаптарды бұзатын компанияларды қатаң бақылауға алуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте инвестициялық жобаларды іске асыру, экологиялық қауіпсіздік және жерді қалпына келтіру мәселелеріне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Президент: Alatau City құрылысында отандық өнімге басымдық берілуі керек
Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City жобасын табысты жүзеге асыру үшін жер мәселесін жедел реттеу қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынға алып, бұл бағытта мемлекеттік органдардың дәрменсіздік танытуына жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 02 Маусым, 2026
Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру – конституциялық міндет
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау конституциялық міндет екенін еске салды. Мемлекет басшысы Alatau City жобасын дамыту барысында қаланы абаттандыруға, қоғамдық кеңістіктерді көбейтуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Президент: Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру керек
Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы инвесторларға барынша жайлы жағдай жасауды және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуді аса маңызды міндет ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы: Алатау қаласы ресурстарды үнемдеп қолдануда үлгі болуға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте энергия тиімділігін арттыру мен ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесіне баса назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Алатауды криптоқалаға айналдыруды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласы цифрлық активтерді дамыту мен жаңа қаржы жүйесін қалыптастырудың стратегиялық орталығына айналуы тиіс екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдегі инфрақұрылымдық мәселелердің шешілмеуін сынға алып, жобаның мақсаттары мен нақты әлеуметтік-экономикалық жағдай арасындағы алшақтыққа назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Президент: Alatau City алғашқы толық цифрлы қала болады
Алатау қаласын дамытуға арналған кеңестегі сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Алатау жобасына қатысты заңнамалық жұмыс жылдам жүргізілуге тиіс
Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамытуға арналған арнаулы құқықтық режимді толыққанды іске асырудың маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы жобаның табысты болуы үшін сапалы заңнамалық база қалыптастырып, инвесторларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған құқықтық актілерді қысқа мерзімде қабылдау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
«Баяғы жартас – сол жартас»: Президент Қонаев қаласының инфрақұрылым құрылысын сынға алды
Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы: Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі. Онда ол Alatau city жобасына зор үміт артып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Президент: Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Экс-депутатқа косметикалық ота жасаған клиникадан заңбұзушылықтар анықталды
Ақтауда косметикалық отадан кейін қайтыс болды делінген Маңғыстау облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Ербол Айтуов қаралған клиникаға тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Маусым, 2026
Жапонияда тайфун салдарынан 600-ге жуық рейс тоқтатылды
Жапонияда алапат тайфун салдарынан елдің оңтүстік-батыс аймақтарында электр қуаты жаппай үзіліп, жүздеген әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Маусым, 2026
Флорида штатының билігі OpenAI компаниясын сотқа берді
АҚШ-тың Флорида штатының билігі OpenAI компаниясын және оның бас директоры Сэм Альтманды сотқа берді. Олардың айтуынша, ChatGPT әсіресе кәмелетке толмағандар үшін үлкен қауіп төндіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 02 Маусым, 2026
Алматы вагон депосының директоры жемқорлық ісі бойынша ұсталды
Алматы вагон депосының директоры сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында ұсталып, тергеу мерзіміне қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Маусым, 2026
Қытайда төбелеске қатысқан Қазақстан азаматы ұсталды
Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаров Қытайдың Гуандун провинциясында денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
«Казцинк» зауытындағы жарылыс: Апаттың алдын ала себебі белгілі болды
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Шығыстүстімет» және «Қазцинк» кәсіпорындарында болған ірі өндірістік апаттардың алдын ала себептерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Маусым, 2026
Хаби Алонсо тактикасына болжам: Дастан Сәтпаев «Челсиде» қай позицияда ойнауы мүмкін?
Қазақ футболының жанкүйерлері соңғы уақытта Дастан Сәтпаевтың болашағына ерекше қызығушылық танытып отыр. Жас шабуылшының Еуропаға жол тартуы және оның «Челси» жүйесіндегі мүмкіндігі көптеген талқылауға арқау болды. Әсіресе, әлемдік футболда жас таланттарды дамытуымен көзге түскен Хаби Алонсо секілді маманның қол астында ойнау мүмкіндігі футболсүйер қауымның қызығушылығын арттыра түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Тұрғын үйлердегі қоғамдық тамақтану орындарына тексеру жүргізіледі
Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын сақтауға қатысты талаптардың сақталуы тексеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Қазақстанда қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есе азайды
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 02 Маусым, 2026
Әлем чемпионаты: Сауд Арабиясы жанкүйерлеріне тегін билеттер тарата бастады
ФИФА турниріне көрермен аз келуі мүмкін деген қауіппен Сауд Арабиясы өз жанкүйерлеріне тегін билеттер тарата бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
Жамбыл облысында әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысының Талас ауданында әскери ұшқышсыз ұшу аппаратының штаттан тыс қону фактісін растады. Мәліметтерге сүйенсек, оқыс оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
ҰҚК қызметкерлері Атырау әкімін жұмыс орнынан алып кеткен
Атырау қаласының әкімі Шакир Кейкин жауап алу үшін құқық қорғау органдарына жеткізілді. Қала әкімін ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері облыс әкімінің ғимаратынан алып кеткен. Кейін ол босатылып, үйіне жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Екібастұзда бір жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Екібастұз қаласында бір жасар бала бесінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлап кетті. Оқиға салдарынан бала ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
«ҚазМұнайГаз» компаниясында өндірістік жарақат соңғы бес жылда 34%-ға төмендеген
Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев аталған компанияның қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Алматыдағы балалар ауруханасында ана мен дәрігер арасында жанжал шықты
Алматы қаласындағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында кішкентай науқастың анасы мен медицина қызметкері арасында жанжал туындады. Оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.