Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Тұрғын үйлердегі қоғамдық тамақтану орындарына тексеру жүргізіледі
Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын сақтауға қатысты талаптардың сақталуы тексеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Қазақстанда қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есе азайды
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 02 Маусым, 2026
Әлем чемпионаты: Сауд Арабиясы жанкүйерлеріне тегін билеттер тарата бастады
ФИФА турниріне көрермен аз келуі мүмкін деген қауіппен Сауд Арабиясы өз жанкүйерлеріне тегін билеттер тарата бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
Жамбыл облысында әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысының Талас ауданында әскери ұшқышсыз ұшу аппаратының штаттан тыс қону фактісін растады. Мәліметтерге сүйенсек, оқыс оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
ҰҚК қызметкерлері Атырау әкімін жұмыс орнынан алып кеткен
Атырау қаласының әкімі Шакир Кейкин жауап алу үшін құқық қорғау органдарына жеткізілді. Қала әкімін ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері облыс әкімінің ғимаратынан алып кеткен. Кейін ол босатылып, үйіне жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Екібастұзда бір жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Екібастұз қаласында бір жасар бала бесінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлап кетті. Оқиға салдарынан бала ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
«ҚазМұнайГаз» компаниясында өндірістік жарақат соңғы бес жылда 34%-ға төмендеген
Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев аталған компанияның қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Алматыдағы балалар ауруханасында ана мен дәрігер арасында жанжал шықты
Алматы қаласындағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында кішкентай науқастың анасы мен медицина қызметкері арасында жанжал туындады. Оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Жоғары білім табыстың кепілі ме?
«Оқысаң озарсың, оқымасаң тозарсың» деген сөзді бала кезден естіп өстік. Көпшілік үшін жоғары білім алу тұрақты жұмыс пен жақсы табысқа жетудің басты жолы саналады. Алайда соңғы жылдары еңбек нарығындағы жағдай бұл түсініктің өзгеріп жатқанын көрсетеді. Бүгінде кейбір жұмысшы мамандық иелері, оның ішінде аула сыпырушылар мен тазалық қызметкерлері жоғары білімді мамандардан көбірек жалақы алатын жағдайлар кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Енді қауіпті өндіріс орындары мен шахталарды жасанды интеллект бақылайды
Цифрландыру шеңберінде жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу арқылы «е-ТЖМ» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық статистика бюросы еліміздегі балалар санына қатысты деректер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 02 Маусым, 2026
Үш жасар Әміреге Президенттің Алғыс хаты табысталды
Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек үш жасар Әміре есімді баламен кездесті. Бұған дейін ол LRT-мен алғаш рет сапар шеккен сәті түсірілген видеосымен танылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Павлодарда ер адам көпқабатты үйді өртемек болды
Павлодар қаласында белгісіз ер адам тұрғын үйдің кіреберісіне бензин шашып, өрт қоюға әрекет жасаған. Оқиға таңертеңгі уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Әл-Фарабидегі жол апаты: Сотталушы мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін
Адвокат Жохар Утебеков Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, белгілі бір жағдайларда кінәлі деп танылған азамат үкім шыққаннан кейін шамамен 1 жыл 3 айдан соң жазасын жеңілдетуге қол жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 02 Маусым, 2026
Мұнай-газ саласындағы әріптестік
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы Сюзанн Куганмен кездесті.
Саясат • 02 Маусым, 2026
2026 жылдың 31 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен Саяси бюро мүшесі, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси-құқықтық комиссиясының Хатшысы Чэнь Вэньциннің төрағалығымен қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан-Қытай консультациялары өтті.
Саясат • 02 Маусым, 2026
Павлодарда ірі өнеркәсіп паркі салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов сингапурлық «XINFA GROUP» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Павлодар облысында салынатын өнеркәсіп паркіне дайындық барысын талқылады.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Жарық жағамын деп жарық дүниемен қоштасты
Ұлытау облысына қарайтын Жезді кентінде тоқ желісінің тозғаны, иесіз қалғаны туралы облыс ашылғаннан бері айтылып келеді. Ешқандай нәтиже жоқ. Ақыры адам өліміне апарды. Нақтырақ айтсам, осы салада электрик болып жұмыс істеген Қуаныш Гүлімбетов қайтыс болды.
Білім • 02 Маусым, 2026
Шәкәрім университетінде өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты іс-шара биылғы түлектер үшін есте қаларлық ерекше оқиғаға айналды. Балалық шақтан болашаққа қадам басқан «Shakarim High School» мектебінің түлектері арасында «Алтын белгіге» үміткерлер мен білім бәйгесінде топжарған озаттар аз емес.
Білім • 02 Маусым, 2026
Теңіз академиясының жаңа ғимараты
Ақтауда Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті жанынан Теңіз академиясының жаңа оқу ғимараты ашылды. Жаңа ғимарат Yessenov University-дің жеке қаражаты есебінен салынды. Құны 1,430 млрд теңгені құрайтын үш қабатты кешеннің жалпы аумағы 4 600 шаршы метрді құрайды. Бұл нысан 900 білім алушыға арналған.
Білім • 02 Маусым, 2026
Ai-Sana: идеядан – инновацияға
Қазір жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері AI-Sana бағдарламасы туралы жиі айтады. Уақыт талабынан туған бастаманың қарқыны тура жасанды интеллектінің даму жылдамдығындай көрінеді. Өйткені осы күні ізденушілердің аталған жоба аясында дайындаған әзірлемелері экономика, білім мен басқа да салаларда қолданысқа енгізіліп үлгерген. Бұл – бастамасы ғана. Себебі алда бағдарламаның әлі бірнеше кезеңі бар. AI-Sana-ның аяқ алысы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.
Экономика • 02 Маусым, 2026
Жалақым жоғары, қолға тигенде неге аз?
Салық маманы Балжан Бақытқалиқызының жауабы:
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайына қатысты сараптама нәтижесі белгілі болды
Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева Алматыда стационарлық кешенді психологиялық-психиатриялық сараптамадан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Маусым, 2026
Семей ет комбинатының жұмысы қайта жанданды
Абай облысы құрылғалы бері өңір экономикасына серпін беретін маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Әсіресе кеңестік кезеңнен қалған ірі өндіріс орындарын қайта жаңғырту ісі қарқын алды. Соның жарқын мысалы – қайта түлеп жатқан Семей ет комбинаты.
Пікір • 02 Маусым, 2026
Осыдан он бір жыл бұрын Төрегелді аға Шарманов газетімізге «Құндылықтар құлдырауы» деген мақала жазып, ғылымның құнсыздануы мен ысырапшылдықты, арзан атаққұмарлық пен даңғаза тойқұмарлығымызды, «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүретін тоғышар ұрпақты өткір сынға алған еді. Мақаланы оқып отырып, қоғамдағы адал еңбек пен адамгершілік құндылықтың әлсіреуі академик ақсақалдың да жанына батқан екен-ау деп ойлағанбыз. Ал қазір осы құлдырау шарықтау шегіне жетіп, жарамсақтықтың жарысына ұласып кеткендей көрінеді...
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Сапа сын, қызмет мін көтермесе қайтпек керек?
Қазір көпшілігі сауданы онлайн жасауға үйір. Тұрғындар тұрмыстық тіршілікте тұтынатын тауарлардан бастап үлкен техникаларға дейін виртуалды базарлардан сатып алады. Цифрлық дәуір азаматтардың уақытын үнемдегенмен, түрлі дауды да көбейтіп отыр. Мәселен, жыл басынан бері Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 22 559 шағым түскен. Көрсеткіш – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Достық үйінің іргетасы қаланды
Алматы облысында татулығы мен ынтымақ-бірлігі жарасқан 105 этностың өкілі тіршілік етіп келеді. Осы себепті өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту мақсатында еңсесі биік Достық үйінің іргетасын қалау рәсімі айрықша аталып өтті.
Инфрақұрылым • 02 Маусым, 2026
Жаңартылған Балқаш әуежайы алғашқы рейстерін қабылдады
Балқаш қаласында толық реконструкциядан кейін қайта ашылған әуежай алғашқы рейстерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Маусым, 2026
Ләйлә Сұлтанқызы: Үміт ешқашан үзілмеуі керек
Қазір қоғамда бедеулік мәселесі өзекті болып тұр. Әрине, бұл бұрын да болған, бірақ медицина дамыған заманда жасанды жолмен бала көтеру таңсық емес. Алайда оған қол жеткізе алмай отырған отбасылар көп. Бірі мемлекеттік квотаға іліге алмай қалса, енді бірінің қаражаты жоқтығы – қолбайлау. Тіпті бірнеше рет несие алып, нәтиже болмаған соң, үміті үзілгендер бар. Ал үзілген үмітті қайта жалғауға бола ма? Бұл сұрақты журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мариям Қазақстан» қорының жетекшісі Ләйлә Сұлтанқызына қойдық.
Медицина • 02 Маусым, 2026
Кеңгір ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды
Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласынан небәрі сегіз шақырым жерде орналасқан Кеңгір ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-дәрігерлік амбулатория ашылды. Елді мекенде шамамен 3 мыңға жуық халық тұрады.