Соңғы жаңалықтар
Зерде • 02 Маусым, 2026
Қазіргі жастардың талғамы, толғандыратын тақырыбы да бөлек. Олар көбіне тың идеялар мен батыл қадамдарға жақын. Заманның тамырын дөп басып, еркін ойлап, өзгеріс лебінде ерек қимылдаған ұрпақтың өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық пен қуғын-сүргін туралы әлеуметтік платформалардағы пікірлерін топтастырып ұсынуды жөн көрдік.
Зерде • 02 Маусым, 2026
«Құран тізбегі» операциясы қалай жүргізілді?
Кеңестік қуғын-сүргін кезінде Алаш зиялыларымен қатар дін қайраткерлері де қуғындалды. 20-жылдардың бел ортасынан басталған дін қызметкерлерін қудалау саясаты 1937–1938 жылдары шегіне жетіп, дін адамдарын ату жазасына кесумен аяқталды.
Әдебиет • 02 Маусым, 2026
Марина Цветаева алты жасынан бастап үш тілде: орыс, неміс, француз тілінде өлең жаза бастайды. Ол кезде орыс қоғамында француз тілінде сөйлеу аристократтықтың белгісі болатын. Әкесі Еуропада беделі бар өнертанушы, Пушкин музейінің негізін қалаған адам болыпты. Анасы Маринаның жан-жақты болуына ерекше көңіл бөлді, ол шет тілдерде еркін сөйлеп қана қойған жоқ, музыкамен де айналысты. Он бір жасында «Кітап үстелім» деген дастан жазды.
Заң мен Тәртіп • 02 Маусым, 2026
40 млн теңге пара алған: Өскеменде сот алқасының төрағасы ұсталды
Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 02 Маусым, 2026
Мұқағали Мақатаевтың «Шәмілге жазған хаттардан» деген атақты топтамасы бар. Ақын іште тұншыққан шерін Шәмілге мұң шағу арқылы жеткізеді. Өзіне сұрақ қойып, содан жауап іздейді.
Әдебиет • 02 Маусым, 2026
Сөз өнеріне алпыс екі тамырымен байланып, жаураған жанын жырымен жылытып, бұйығы сыр-бұйымтайын өлеңге шаға жүріп, 37 жыл ғана өмір сүрген Тұрсын Жұмаш есімі осы күні естіле бермейді.
Қазақстан • 02 Маусым, 2026
«Иноагенттер тізімі»: Қазақстанда кімдерді шетел қаржыландырады?
Қазақстан азаматтары мен компаниялар 2025 жылдың екінші жарты жылдығында шетелден 12 млрд теңге қаражат алған. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет нақты сомалар мен шетелдік донорлар көрсетілген тізімді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 02 Маусым, 2026
Түлектердің туған жерге тартуы
Жетісу жерінде туған елге деген жанашырлықты айшықтайтын тағылымды бастамалар баршылық. Айталық, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдің мектеп бітіруші түлектері айналаны абаттандыру, табиғатты аялау іс-шараларына білек түре араласып, өздері өскен өлкеге мыңдаған ағаш пен гүл көшеттерін сыйға тартты.
Мәселе • 02 Маусым, 2026
Жасыл желекке жанашырлық қажет
Солтүстік Қазақстан облысында 554 мың гектар орман алқабы бар. Алайда жыл сайын оның көлемі азайып келеді. Өңірдегі 12 орман шаруашылығы оталған жасыл желекті қалпына келтіру бағытында тұрақты түрде екпе жұмысын жүргізіп отыр. Ал жекеменшікке берілген аймақтарда ағаш кесу фактілері жиі кездескенімен, орманды қалпына келтіру жұмысы тиісті деңгейде қадағаланбайды.
Экология • 02 Маусым, 2026
Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?
Кейінгі кездері Сырдарияның арнасы ортайып, өзен жағалауындағы жұрттың да көңіліне алаң кіріп тұр. Өзендегі жалпы су қоры жыл сайын төмендеп, оны жағалай қоныс тепкен төрт мемлекеттің суға деген сұранысы еселеп артып отыр. Оның зардабын несібесін жерден терген диқандар ғана емес, кезіндегі шалқар теңізден қалған даланың күміс алқасындай Арал да тартып келеді.
Шахмат • 02 Маусым, 2026
Норвегия астанасы Ослодағы «Norway Chess Women» турнирінде жерлесіміз Бибісара Асаубаева табысты өнер көрсетіп жатыр.
Мәселе • 02 Маусым, 2026
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы 440 шақырымнан астам электр желісі мен екі жүзден астам трансформаторлық қондырғының тозу деңгейі бүгінде 90%-ға жеткен. Стандартқа сәйкес 220 Вольт кернеу берілуі керек болса, мұндағы тоқ қуаты 150 Вольттан аспай, қалт-құлт етіп тұр.
Әскер • 02 Маусым, 2026
Күзге дейін 21 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылады
Елімізде Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселе • 02 Маусым, 2026
Ұрпақ қауіпсіздігі – басты назарда
Қостанай облысында балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларына 457 млн теңге бөлініп отыр. Биылғы жаз 102 мыңнан астам бала тұмса табиғат аясына орналасқан 12 лагерьде, одан қалды мектеп жанынан ашылған 617 орталықта демалады.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
Замана бұлбұлы Бағланова тұрған үйге суреті салынды
Алматыда қаланың сәнін асырған әдемі мұралдар жеткілікті болса да, замана бұлбұлы, қайталанбас дарын, КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мұрал мегаполиске ерекше әр беріп тұр.
Байқау • 02 Маусым, 2026
Ұлытау облысы, Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығында Ақмарал Әлтаева атындағы I республикалық «Арқа аруы – 2026» сұлулық байқауы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған байқауда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, қазақ қызының өнері мен өнегесі, мәдениеті мен сұлулығы әйгіленді.
Спорт • 02 Маусым, 2026
Испанияның Понтеведра қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогінің финалдық сайысы өтті. Алғашқы күні аралас жұптардың техникалық бағдарламасында Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов қола медальға қол жеткізді. Олар Ұлыбритания мен Испания спортшыларынан қалып қойды. Жекелеген сайыста италиялық Филиппо Пелати мен испаниялық Энеко Санчес Агиларды алға жіберген Алдияр Рамазанов та дәл сол межеден көрінді.
Тағзым • 02 Маусым, 2026
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Өскемендегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінде «Ұмытылмауы тиіс» атты кездесу өтті.
Үкімет • 02 Маусым, 2026
Есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру туралы республикалық штаб отырысын өткізді. Жиында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, сондай-ақ Бас прокуратура, Әділет, Оқу-ағарту, Жасанды интеллект және цифрландыру министрліктерінің басшылығы, бірқатар өңір әкімі баяндама жасады.
Саясат • 02 Маусым, 2026
Маңызды заңдар топтамасы қаралады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтіп, онда депутаттар палатаның 4 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібін айқындады.
Саясат • 02 Маусым, 2026
Сенат пен Ұлттық банктің бірлескен жобасы
Астанада Парламент Сенаты мен Ұлттық банктің ақша-кредит саясатына арналған кезекті бірлескен білім курсы басталды. Семинардың ашылуында тыңдаушыларға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов дәріс оқыды. Іс-шарада жаһандық және ішкі экономикалық үрдістер мен реформаларға, сондай-ақ ел макроэкономикасын жаңғыртуға бағытталған заңнамалық міндеттерге мән берілді.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Қызылордада ботаникалық бақ ашылды
Қызылордада ботаникалық бақтың құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Маусым, 2026
Атом қуаты: Энергетикалық белеске сенімді қадам
Еліміздегі алғашқы атом электр стансасының құрылысы 2027 жылы басталатын болды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов мәлімдеді. Ал стансаны іске қосу 2030 жылдардың ортасына қарай жоспарланып отыр. Екі энергоблок кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Бұл – мемлекетті тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Балалар • 02 Маусым, 2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бүгінде елімізде 6,9 миллионнан аса бала тұрады. Олардың құқығын қорғау, сапалы білім алуына жағдай жасау, денсаулығын нығайту әрі қауіпсіз ортада өсуіне мүмкіндік беру мемлекеттің басты міндетінің бірі болып отыр. Осы бағытта елімізде балаларды қолдауға арналған жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Әлем • 02 Маусым, 2026
Трамп Израиль мен «Хезболла» атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы арасында атысты тоқтату жөнінде келісім жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 02 Маусым, 2026
Доллар бір күнде 3 теңгеге қымбаттады
Ұлттық банк 2 маусымға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. Оған сәйкес, доллар бағамы 488,96 теңгені, ал рубль бағамы 6,81 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Маусым, 2026
Еліміздің оңтүстігінде 37 градусқа дейін ыстық болады
«Қазгидромет» 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Маусым, 2026
Қазақстан Гонконгқа құны 100 млрд доллардан асатын жобаларды ұсынды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанаға жоғары деңгейдегі делегацияны басқарып келген Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен келіссөздер өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын, қаржылық әріптестікті дамытуды, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы көлік байланысын нығайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 01 Маусым, 2026
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 маусымға Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 01 Маусым, 2026
Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасында сенсация жасады
Темірлан Анарбеков Еуропалық футболдың басты жұлдыздарымен бір қатарға енді. Статистикалық FlashScore порталы қазақстандық қақпашыны Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларының қатарына қосты, деп хабарлайды Egemen.kz