Саясат • Бүгін, 09:00

Маңызды заңдар топтамасы қаралады

2 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтіп, онда депутаттар палатаның 4 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібін айқындады.

Маңызды заңдар  топтамасы қаралады

Алдағы палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәй­кес келтіру, Қазақстан Респуб­ликасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қам­сыз­дандыру туралы заңнамасын жетіл­діру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» және оған ілеспе «Қазақ­стан Республикасының Қылмыс­тық, Қылмыстық-про­цес­тік, Қылмыстық-ат­қару кодекс­теріне және Қазақ­стан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конститу­циясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетіл­діру мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарайды.

Аталған құжаттардың негізгі мақсаты – заңнамалық акті­лерді жаңартылған Конс­ти­туция талаптарына сәй­кестендіру, сайлау рәсімдерін жетілдіру және ұлттық заң­наманың жекелеген салаларын одан әрі дамыту.
Сонымен қатар күн тәр­тібіне «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнама­лық актілеріне ғылым, ғылым­ды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң енгізілді. Заң нормалары ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қаты­настарды құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіруге, білім, ғылым және экономика арасындағы байланыс­ты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік және мемлекеттік жүйелердің тиімділігін арт­тыруға бағытталған.

Бұған қоса алдағы отырыс­та сенаторлар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заңдарды және басқа да заңдарды қарайды.

Отырыс барысында депутаттар Мәжіліс қабылдаған заңдарды тұрақты комитеттер арасында бөліп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Сенаттың жұмыс жоспарын талқылады.

Соңғы жаңалықтар