у
Футбол • 15 Мамыр, 2026
Команданы Чемпиондар лигасының ширек финалына жеткізген бас бапкер «Қайраттан» неге кетті?
«Қайрат» футзал клубының басшылығы Қазақстан чемпионатындағы сәтсіз ойындар сериясынан кейін кадрлық шешімдер қабылдай бастады. Клуб бразилиялық бапкер Даниэль Жуниормен келісімді бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Астанада 2035 жылға дейін екінші әуежай салынады
Елордада екінші әуежай салу жоспарланып отыр. Осылайша, қолданыстағы әуе айлағы кеңейтіледі. Қазіргі уақытта нысанның орналасу орны бойынша жобалық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2026
Маңғыстауда 40 млн жыл бұрынғы акула тістері табылды
Маңғыстау аумағында шамамен 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген акулалардың тістері табылды. Бұл өңірде бір кезде теңіз түбі болғанын тағы бір рет айғақтап отыр. Ғалымдардың айтуынша, қазіргі шөлейт аймақ жер ежелгі алып Тетис мұхитының жағалауы немесе түбі болған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Мамыр, 2026
Қарағанды облысында 74 түрлі дәрілік зат шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады
Үкімет Қарағанды облысында фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматы • 14 Мамыр, 2026
7 балдық жер дүмпуіне арналған дайындық: Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтті
Алматыда қала аумағын қамтыған ауқымды сейсможаттығу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар қызметі 7 баллдық жер сілкінісі кезінде әрекет ету тәртібін пысықтады. Оқу-жаттығуға 1000-нан астам ТЖД қызметкері мен бірқатар арнайы техника жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2026
Фермерлердің жерлерін аюлардан қорғайды: Жапонияда робот-қасқырлар пайда болды
Жапонияның ауылдық аймақтарында жабайы жануарлардан, әсіресе аюлардан қорғау үшін қасқыр бейнесіндегі роботтар қолданыла бастады. Бұл технология адам мен жабайы табиғат арасындағы қақтығысты азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2026
Қазақстаннан шетелдерге кеткен техникалық кадрлар саны келгендерден көп
Соңғы жылдары Қазақстанда білікті мамандардың шетелге кету қарқыны баяулаған. 2025 жылы кәсіби білімі бар 7,9 мың адам елге келсе, 3,6 мың адам шетелге қоныс аударған. Осылайша таза өсім 4,2 мың адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2026
Енді Қазақстан азаматтары Таиландта ұзақ уақыт бола алмауы мүмкін
Таиланд билігі шетелдік туристер үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл өзгеріс қабылданса, елге ұзақ мерзімге барып қыстайтын Қазақстан азаматтарына да жаңа талаптарға бейімделуге тура келеді, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 14 Мамыр, 2026
Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Алматы облысының Ақши ауылында түйе шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жергілікті шаруалар түйе санын көбейтіп, өнім экспортын ұлғайтып жатыр. Қазіргі таңда өңірде өндірілетін құрғақ шұбат Қытай нарығына жөнелтіле бастады. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Президент: Қазақстан нағыз цифрлық ел болу үшін нақты қадамдар жасап жатыр
Қазақстан-Түркия бизнес форумындағы сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық экономиканы дамытуды аса маңызды міндет ретінде атап, жаппай цифрландыру үдерісіне айрықша көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажет
Қазақстан-Түркия бизнес форумындағы сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің өнеркәсіп саласындағы жетістіктерін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Президент: Бизнеске қолайлы жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі
Қазақстан-Түркия бизнес форумында Қасым-Жомарт Тоқаев аталған салада ауқымды жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 14 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты
Мемлекет басшысы бұл форумның екі ел үшін тиімді әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, алқалы жиынды ұйымдастыруға атсалысқан Түркия тарапына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2026
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Ақтөбе облысы арқылы өтетін стратегиялық маңызы бар Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды. Автожол 7 дербес учаскеге бөлінген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2026
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Елімізде автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді. Бұған Caspi Bitum зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасы нәтижесінде қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 14 Мамыр, 2026
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
Қостанай облысында 2022 жылғы табиғи өрттен зардап шеккен Аманқарағай орманын қалпына келтіруге арналған ауқымды волонтерлік акция өтті. AGROMASH және Allur машина жасау кәсіпорындарының 300-ден астам қызметкері 5 мыңнан аса қарағай көшетін отырғызды. Іс-шараны ұйымдастыруға жұмысшы жастардан құрылған «Еңбек жастары» қозғалысы бастамашылық еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 14 Мамыр, 2026
New Vision Forum: Алматыда әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады
Алматы қаласында 11-13 маусым аралығында жыл сайынғы New Vision Forum халықаралық бизнес-форумы ұйымдастырылады. Ауқымды шара Орталық Азиядағы ірі іскерлік және технологиялық алаңдардың бірі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2026
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинді 24 қыркүйекте Вашингтонға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2026
Кубада халық жаппай шеруге шықты: Елде жанармай қоры таусылған
Куба астанасы Гаванада электр жарығының өшуіне байланысты жаппай наразылық шерулері өтті. Жағдайға АҚШ-тың Кубаға қарсы енгізген блокадасы әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2026
Қазақстандағы алғашқы сталкер әйел: Полиция қандай мәлімдеме жасады?
Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов Қазақстанда әйел адамның ер адамды қудалауына қатысты сталкинг дерегі тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 14 Мамыр, 2026
Ұлттық құрама қақпашысы шетел чемпионатындағы үшінші трофейін жеңіп алды
Бакудің «Сабах» клубы Әзербайжан кубогінің иегері атанды. Ал финалдық матчтың басты қаһарманы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2026
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды
Қызылорда облысы полициясы 2012 жылы болған кісі өлтіру дерегін ашты. Қайғылы оқиға Қармақшы ауданының Жосалы кентінде топтық төбелес кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2026
Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында болған қатты дауыл мен нөсер жаңбыр 89 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
Алматының тергеу соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімін ұзартты. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 14 Мамыр, 2026
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Алматыда бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері бар 10 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Ұсталғандар қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық, бопсалау секілді ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Мамыр, 2026
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, Арал теңізін сақтау және су ресурстарын тиімді басқару мәселесін жедел шешу қажеттігін көтерді. Депутат бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 13 Мамыр, 2026
Астанада Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады
Астанада «Тәуелсіздік даңғылын (Әл-Фараби) жалғастыру құрылысы» жобасы аясында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, 25 мамырдан бастап жыл соңына дейін Әл-Фараби даңғылы мен Ф. Оңғарсынова көшесінің қиылысында қозғалыс толықтай жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Мамыр, 2026
Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.