Ана
Білім • 29 Мамыр, 2026
Жоғары білімнің жасырын құны: Студент шәкіртақысын қайда жұмсайды?
Бүгінде түлектер үшін университетке түсу мамандық пен диплом мәселесі ғана емес, кейінгі жылдары бұл – қалтаңа қарай көсілетін таңдауға айналды. Жатақхана не пәтер ақысы, тамақ, қоғамдық көлік пен күнделікті қажеттілікке кететін қаражат біраз талапкердің қай қалада білім алатынын жоғары оқу орны беделінен бұрын анықтап отыр.
Президент • 29 Мамыр, 2026
Президент: Қазақстан технологияны нетто-экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті. Жоғары кеңестің төрағасы ретінде Қазақстан Президенті интеграциялық құрылымды одан әрі қарқынды дамытуды көздейтін бірқатар стратегиялық басымдықты атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 29 Мамыр, 2026
Африкада үздік ондыққа енді: 81 жастағы марафоншыға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 81 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ардагер спортшыға «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыстап, оның ел спорты мен қоғам дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Мамыр, 2026
Астанада Сауран көшесінің бойындағы қосалқы жол бір айға жабылады
Астанада 1-30 маусым аралығында Сауран көшесінің бойындағы қосалқы жол толық жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Мамыр, 2026
Астанада «Палау орталығынан» өрт шықты
Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан «Палау орталығында» өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Бейсекова көшесіндегі сауда үйі аумағындағы жеке тұрған ғимараттан шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Мамыр, 2026
Күш қолданып, ақша аударуға мәжбүрлеген: Астанада алты шетелдік адам ұрлағаны үшін сотталды
Астананың «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы адам ұрлау және өз бетінше билік ету үшін қатаң жауапкершіліктің қарастырылғанын еске салады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2026
Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды
Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Мамыр, 2026
Астананың масасы мазаны алып барады: Зиянкестерді улау қазан айына дейін жалғасады
Астанада күн жылына салысымен маса мен түрлі шыбын-шіркей қаптап, тұрғындардың мазасын қашыра бастады. Биыл күн толық ысымай жатып-ақ қансорғыш жәндіктер көбейіп, көшеде еркін серуендеуге кедергі келтіріп отыр. Әсіресе кешкі уақытта саябақтар мен тұрғын үй аулаларында масаның көптігі мұңға айналған. Терезені аша алмай отырған тұрғындар да жетерлік. Жылда қаланы жәндіктерден залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Egemen.kz тілшісі білді.
Қаржы • 29 Мамыр, 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес
Қазақстан Президенті геосаяси дүрбелеңдер кезеңінде өтіп жатқан форумның өзектілігіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 28 Мамыр, 2026
Ресей Президенті 2027 жылы ЖИ-ге арналған жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды
РФ Президенті ЕЭФ-2026 форумында Ресейде жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту міндеттерін шешуге қажетті кадрлар мен ресурстар бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 28 Мамыр, 2026
Астанада 21–27 мамыр аралығында өткен Түрік асханасы апталығы аясында қазақ және түрік халқының көне түркі тарихынан тамыр тартқан ортақ тағамдары әзірленіп, көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 28 Мамыр, 2026
Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды
Биыл халықаралық пікірталас алаңында «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру» тақырыбы талқыланады, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 28 Мамыр, 2026
Медицина саласындағы түйткіл: Емханалардағы кезек қашан қысқарады?
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеніне бірнеше жыл өтті. Жүйенің нәтижесінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі артып, қымбат тексерулер тегін болуы тиіс еді. Алайда бүгінде емханалардағы ұзын-сонар кезек, жалпы тәжірибелік дәрігерге (ЖТД) бірнеше апта бұрын жазылу, КТ мен МРТ-ға айлап күту секілді мәселелер қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Осы мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі Egemen.kz тілшісіне ресми түсініктеме берді.
Президент • 28 Мамыр, 2026
Тәуелсіздік сарайында Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 28 Мамыр, 2026
Астана, Алматы қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро мен рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 27 Мамыр, 2026
Ресей Президентіне әуежайда домбырашылар ансамблі құрмет көрсетті
Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі және сырнайшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Радмир Хайбуллин Ресей мемлекеті басшысының құрметіне Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен попурри орындады, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 27 Мамыр, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды
Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 27 Мамыр, 2026
Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Астанада бүгін, 27 мамыр күні қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Мамыр, 2026
Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды
Астанада жүк көлігі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2026
Бейімбет Майлиннің ескерткішіне мініп фотосессия жасаған қыз жауапқа тартылды
Астанада 18 жастағы бойжеткен жазушы Бейімбет Майлиннің ескерткішінде фотосессия жасағаннан кейін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 27 Мамыр, 2026
Құрбан айт: Астанада мал бағасы қанша?
Бүгін мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр. Таң сәріден мешіттерде айт намазы оқылып, тұрғындар бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Айт мейрамы қала ішінде ерекше қарбаласпен басталды. Әсіресе мал базарында халық қарасы көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2026
Арқалықта мектептің шатыры өртенді
Қостанай облысының Арқалық қаласында №5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратының шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz,
Спорт • 26 Мамыр, 2026
Елордалықтар 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты әуежайдан қарсы алды
Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен халықаралық марафонға қатысып, елге оралған ардагер спортшы, 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты астана жұрты әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
5176 студентке орын жетпейді: Алматыда жатақхана мәселесі қашан толық шешіледі?
Алматыда жыл соңына дейін 20 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 26 Мамыр, 2026
Құрбан айт кезінде тұрғын үйлердің ауласында мал союға тыйым салынады
Астанада Құрбан айт мерекесі қарсаңында санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Биыл Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. Мереке кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және құрбан шалу рәсімін қауіпсіз өткізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Мамыр, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Бүгін Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Астанадағы Мұңайтпасов атындағы стадион 4 маусымда ашылады
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Бас прокурор Берік Асыловпен бірге құрылысы толық аяқталған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы әйгілі стадионды аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Мамыр, 2026
Астанада электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін
Маусым айынан бастап елордада электр энергиясының тарифі 12,5%-ға өсуі мүмкін. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ басқарма төрағасы Руслан Әбжанов мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
25-29 мамыр күндері Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында 25-29 мамыр аралығында Астана қаласының кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.