Ел
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Өткен жылы Қазақстанда 27 млн мобильді абонент тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Қазақстандағы білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын оқыту процесіне сауатты әрі сапалы енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Экология • 13 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?
Қазір экология мәселелері адамзат үшін ең өзекті әрі күрделі проблемалардың біріне айналды. Табиғи ресурстардың шектен тыс пайдаланылуы, қоршаған ортаның ластануы, климаттың жаһандық өзгеруі және биоалуандылықтың азаюы табиғи экожүйелердің тұрақтылығына елеулі қауіп төндіріп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының және Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) мәліметтері бойынша, кейінгі онжылдықтарда парниктік газдардың көлемі айтарлықтай артып, жаһандық орташа температураның көтерілуіне себеп болған.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді
Абай облысында алимент өндіру мәселесіне қатысты жедел-профилактикалық іс-шаралар жүріп жатыр. Тексеру барысында алимент бойынша берешегі бар азаматтар анықталған. Қарыз көлемі бірнеше мың теңгеден бастап, қомақты қаражатқа дейін жеткен жағдайлар кездеседі, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2026
Могулшы Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы финалдық сайыс өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Ақпан, 2026
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтіп, қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 12 Ақпан, 2026
Қазақстаннан Қытайға 12,3 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді
Қытайға жемдік ұн тиелген контейнерлік пойыз аттанды. Жалпы көлемі 12,3 мың тоннаны құрайтын өнім Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдауымен жөнелтілді. Бұл қадам екі ел арасындағы аграрлық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Ақпан, 2026
Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты
Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері қызметіне Нұрсұлтан Теміров тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 12 Ақпан, 2026
Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынбақ
Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев шетелдің спорттық азаматтығын қабылдаған ресейлік спортшыларға Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германияға сапары аясында елдің экономика және энергетика министрі Катарина Райхемен кездесті. Келіссөздерде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланып, индустриялық-технологиялық сала, энергетика, логистика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы бағыттарына басымдық берілді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2026
12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін бірқатар облыста тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынымыз 3 алтын, 2 күміс жүлдемен толықты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 11 Ақпан, 2026
Мектептерде смартфонсыз оқу мәдениеті қалыптасып келеді
Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен 2021 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Смартфонсыз мектеп» жобасы елордадағы білім беру кеңістігінде нақты нәтижесі көрсетіп отыр. Бес жыл ішінде жобаға қосылған мектептер саны артты, ең бастысы, сабақ кезінде ұялы телефон қолданбайтын оқушылар қатары көбейе түсті, деп жазады Egemen.kz.
Әйел әлемі • 11 Ақпан, 2026
Қазақ әйелдерінің ғылымдағы үлесі қандай?
11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Бұл дата әлемдік ғылым кеңістігінде әйелдердің рөлін айқындап қана қоймай, жас буынды зерттеушілік жолға ынталандыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 11 Ақпан, 2026
Алматы облысында бір отбасы үйін күн панельдері арқылы жылытып отыр
Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында тұратын Жаңабаевтар отбасы күн энергиясын қолдану арқылы өз үйлерін толықтай электр қуатымен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар артық өндірілген электр энергиясын ортақ желіге өткізіп, қосымша табыс тауып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан іріктеу кезеңі өтті. Бұл сында отандасымыз Павел Колмаков сәтті өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2026
Қонаевта алдағы күндері жел қайта күшеюі мүмкін
Қонаев қаласында коммуналдық және жедел қызмет мамандары жойқын желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру шаралары толықтай қала әкімдігінің есебінен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Сарапшылар: Телефон алаяқтарымен әзілдесудің өзі қауіпті
Телефон арқылы жасалатын алаяқтық күн санап түрленіп, психологиялық айла-тәсілдерге көбірек сүйене бастады. Мамандардың айтуынша, күмәнді қоңырауларға жауап беру, тіпті қалжыңдап сөйлесу де адамды тәуекелге итермелейді. FinGramota сарапшылары мұндай әрекеттің неліктен қауіпті екенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Ақпан, 2026
Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді
Тараз қаласында қайғылы оқиға тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі бірдей жас баланы анасы лақтырып жіберген. Оқиға Төле би даңғылы бойындағы жатақханада болған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Ақпан, 2026
Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 09 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт түрлерінен Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан ақ Олимпиаданың жарыс жолына бүгін 5 отандасымыз шығады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Ақпан, 2026
Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының Фракция жетекшісі қызметін атқарған Елнұр Бейсенбаевты жаңа лауазымға тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Жаңатастағы жел: Бірнеше үйдің шатыры ұшты
Бүгін Жаңатас қаласында жылдамдығы секундына 32 метрге дейін жеткен қатты жел соғып, салдарынан бірнеше нысанға зақым келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 06 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Ел өнеркәсібі цифрлық кезеңге аяқ басты. Ірі кәсіпорындар жасанды интеллектіні өндірістік үдерістерге нақты енгізуге көшті. Бұл үрдіс былтыр іске қосылған 2025-2026 жылдарға арналған ірі кәсіпорындардың өндірістік үдерістеріне жасанды интеллектінің практикалық шешімдерін енгізу жөніндегі Жол картасы арқылы жүйелі сипат алып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген құжат өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауды жеделдетуге және нейрожелілерді нақты өндірісте кеңінен қолдануға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 05 Ақпан, 2026
Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес
Елордада студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Жиын қорытындысында қатысушылар Қазақстанның Ата заңына енгізілетін өзгерістерді толық қолдайтындарын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Ақпан, 2026
Велоспорттан Азия чемпионаты басталды
Сары құрлықтың ең үздік велошабандоздары Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында бас қосты. Дүбірлі дода бүгін басталып, тура бір аптадан кейін мәреге жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Ақпан, 2026
Елена Рыбакина үздік спортшы атанды
Отандық Sportarena.kz порталы 2026 жылдың қаңтар айындағы Қазақстанның ең үздік алты спортшысын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Ақпан, 2026
Биыл елімізде қандай әлемдік жарыстар өтеді?
Былтыр 30-ға жуық әртүрлі деңгейдегі халықаралық жарыстар өтсе, биыл да ел аумағында әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өткізу жоспарланып отыр. Жарыстар Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Талғар, Ақтау қалаларында өтіп, қысқы, жазғы, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерін қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.