е
Жұмыс • 20 Мамыр, 2025
Қостанайда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Қостанай қаласының орталық алаңында өткен жәрмеңкеге биыл университет, колледж бітіретін мыңнан аса студент жастар келді. Іс-шараға жүзге тарта жұмыс беруші қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар да бар.
Ауыл • 19 Мамыр, 2025
Алматы облысында алғаш рет қос функциялы тірек орнатылды
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында өңірдегі алғашқы қос функциялы тірек іске қосылды.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Петропавлда 30 жастағы жігіт канистрден дәнекерлеуші лампаға бензин құйып жатқанда отқа оранып, денесінің 90 пайызы күйікке ұшырады.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайтуға арналған республикалық жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты
2025 жылғы 19 мамырда Астанада Мәдениет қызметкерлері форумының ашылуы болып өтті. Іс-шара мәдениет және өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне арналды.
Әдебиет • 19 Мамыр, 2025
Ақын Мұхтар Шаханов шымкенттіктермен жүздесті
Шымкент жұртшылығы Қазақстанның еңбек ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановпен кездесті. Іс-шара Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өтті. Кездесудің аталған оқу орнында өтуі тегін емес. Себебі М.Шаханов қазақ поэзиясындағы дарынды тұлға болумен қатар осы университеттің байырғы түлегі саналады.
Президент • 19 Мамыр, 2025
Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары туралы заңына қол қойды
Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары жөнінде келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент • 19 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент • 19 Мамыр, 2025
Президент тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін жабылады
Мемлекеттік кірістер комитеті «Тажен» өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін уақытша жабылатынын хабарлады.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер
14 жасар ақтаулық Эдгар Мамедов – Қазақстанның шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер ретінде тіркеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Алматыда бір түнде 20 мың адам музейге барды
Алматыда аңыз тұлғалар «тірілді». Өткен түнде мегаполис музейлері театрландырылған қойылымдар мен перформанстар арқылы жанды тарих кеңістігіне айналды. Биыл жиырмасыншы рет өткен ауқымды акцияға 20 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Мамыр, 2025
Қазақстан шайбалы хоккей құрамасы АҚШ-қа есе жіберді
Данияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жаһан біріншілігінің кезекті сынында ел құрамасы АҚШ спортшыларынан жеңілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Деструктивті мультфильмдер министрлікті алаңдатып отыр
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті интернет кеңістігінде таралып жатқан деструктивті мазмұндағы мультфильмдерге қатысты ата-аналарға ескерту жасады. Комитеттің мәлімдеуінше, сырт көзге балаларға арналған секілді көрінетін кейбір бейнематериалдар шын мәнінде агрессияны насихаттайтын және адамгершілік құндылықтарға кері әсер ететін бұрмаланған ақпаратты қамтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Үстел теннисінен Жәния Бекмұхамбетова үстем болды
Болгарияның Панагюриште қаласында үстел тениисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
24 мамырдан бастап үйі жоқ азаматтар онлайн кезекке тұра алады
Елімізде тұрғын үй алу жүйесінде жаңа өзгерістер енгізілді. Енді 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне бұрынғыдай тек жергілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Елімізде «Музей түні – 2025» акциясы қалай өтті
18 мамыр әлем бойынша «Халықаралық музей» күні аталып өтілді. Айтулы датаны еліміздегі мәдени мекендер «Музей түні – 2025» акциясымен айшықтады. Бұл күнді келушілер көңілін бұрып, таңғажайып түн форматында өткізу Қазақстанда 2006 жылдан қалыптасты. ҚР Орталық музейінің осы бастамасы бүгінде бұлжымас дәстүрге айналып, осы жылы жиырмасыншы рет ұйымдастырылды. Қазір ел бойынша 294 музей жұмыс істеп тұр. Өткеннің өрнегін бүгінге жеткізіп, болашаққа аманаттар орындарда 4,5 млн жәдігер сақтаулы. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстан музейлерінің табалдырығын 6,6 миллионнан астам адам аттаған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 19 Мамыр, 2025
ШҚО мамандары қытай медицинасымен танысты
Шығыс Қазақстан облысынан келген делегация ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына сапары аясында Алтай аймақтық дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасында болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Оралда тіл оқыту орталығы ашылды
Орал қаласындағы «Достық үйінде» Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2025
Мәдениет және спорт саласының бұрынғы вице-министрі сотталды
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі сот мәдениет және спорт саласының бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты үкім шығарды. Ол қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Ең көп табыс тапқан теннисшілер
«Дядя Ваня» телеграм-арнасы отандық теннисшілердің биылғы жылғы табысын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2025
Қызылордада «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды
Елімізде жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) пайда болды. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған Үкімет қаулысына сәйкес, «Қорқыт Ата» АЭА Қызылорда облысында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар орналасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 19 Мамыр, 2025
Алматыда ветеринария ғылымына 120 жыл толуына орай конференция өтті
Алматыда Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының 120 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шарада Қазақстан мен шетелдің ғалымдары биологиялық қауіпсіздік, инфекциялық аурулардың алдын алу және ветеринариялық инновациялар саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 19 Мамыр, 2025
Демеушілер 101 жастағы ардагердің баспанасын жөндеп берді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Осакаров ауданының тұрғыны Анна Котованың үйі күрделі жөндеуден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 19 Мамыр, 2025
Ұлттық дәстүрдің жандануына жол ашқан мереке
Астанадағы «Балқарағай» демалыс аймағында халқымыздың ежелгі салты – Қымызмұрындық кең ауқымда аталып өтті. Бұл жай ғана мереке емес, көктем мен тіршіліктің оянуын, даланың дархан тынысын сездіретін, халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келген қасиетті дәстүрлерінің жаңғыруы. Қазақтың шипалы сусыны қымызды ұлықтауға арналған салтанатқа қала тұрғындары және шетелдік туристер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бар
Қазақстанда жұмыс істейтін барлық 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығының (БҰӨО) 57-сі қалаларда болса, 63-і ауылдарда орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 19 Мамыр, 2025
Александр Бублик халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Ерлер арасында еліміздің көшбасшы теннисшісі Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Өткен аптадағы спортшылардың жеңістері
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері туралы шолу ақпарат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Жетісуда қаламгер есімі ұлықталды
Жетісу облысында көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында ұйымдастырылған мерейтойлық шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, ақын Ұлықбек Есдәулет, ғалымдар мен қаламгерлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Мамыр, 2025
Үкімет Жезқазғандағы әлеуметтік мәселені шешуге 1,8 млрд теңге бөлді
Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.