
Фото: gov.kz
Қаражат шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын жаңғыртуға мүмкіндік беретін мембраналық жабдықты орнату арқылы қуаты тәулігіне 124 мың м3 қолданыстағы тазарту құрылыстарын толық реконструкциялау жобасының екінші кезеңін қосуға бағытталды.
Облыс орталығын сумен жабдықтау Кеңгір су қоймасы арқылы жүзеге асырылады. Айта кетейік, қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген. Жабдықтар мен технологиялардың 90 пайызы тозған. Бұл қаржы қазіргі уақытта 98,6 мың адамды құрайтын Жезқазған қаласы халқының әлеуметтік-экологиялық ахуалын одан әрі жақсартуға және тұрғындардың санитарлық-гигиеналық өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.