м
Оқиға • 14 Ақпан, 2025
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Бүгінде елімізде 2 млн 445 мың мың зейнеткер бар. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Ақпан, 2025
Фестивальдегі аграршылар көшесін 16 мың адам тамашалаған
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліндегі аграршылар көшесін «Ecoculture-Eurasia» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ», «Евразия Агро Семей» ЖШС, Qazsut Сүт палатасы, Westfalie, Қазақстанның Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, Қазақстан Құс өсірушілер одағы және Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті секілді стратегиялық серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 14 Ақпан, 2025
АҚШ азаматтығын алған ер адам ауқымды айыппұл төледі
Павлодарда тұратын ер адам АҚШ елінің азаматтығын алғаны туралы тиісті органдарға ескертпеген. Сот ер адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2025
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип бекітілді
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы күнге орай мерейтойлық логотип бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2025
Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов Петропавл 2-ЖЭО-ын жаңғырту қарқынын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Ақпан, 2025
Хоккейші қыздар Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан 3:0 есебімен басым түсіп, IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 14 Ақпан, 2025
Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Иә, әдебиетсүйер қауым әңгіме қазақ поэзиясының бір биігіне айналған Жұмекен Нәжімеденов жөнінде екенін бірден аңғарған да шығар. Жиырма бір жасында Қазақ елінің әнұранын жазған жауһар жырдың иесіне биыл тоқсан жыл толады. Онымен қоса осы жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Біз осы жайларды ұштастыра отырып, ақынның Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің алтын қорында сақтаулы тұрған жұмыс картасын оқырман назарына ұсынбақпыз.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды
Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Атырау облысында зорлық-зомбылықпен байланысты 30 қылмыс тіркелді
Атырау облысында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 30 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Оның ішінде 12 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Әлия Молдағұлованың музейі қайта жасақталды
Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе қаласындағы мемориалдық музейіне күрделі жөндеу жүргізіліп, экспозициялары сандық жүйеде қайта жасақталды. Жаңа экспозицияның диорамаларында 3D-mapping, AR-технология, сандық сторителлинг, жасанды интеллект, голограмма пайдаланылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Ақпан, 2025
Алматы облысында дәрігерлер жағдайы ауыр әйелді аман алып қалды
Алматы көпсалалы облыстық ауруханасында дәрігерлердің өзара шұғыл әрекет етуінің арқасында 42 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды. Мамандар Іле аудандық ауруханасынан жүктіліктің 32-ші аптасында ауыр жағдайда түскен әйелге шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Бұрыннан қолданыстағы емдеу әдістері Қазақстанда әлі сараптамадан өтіп жатыр - депутат
Депутат Айнұр Арғынбекова әлемде медициналық маңызды шешімдер болса да отандық емделушілер диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін жылдар бойы күтуге мәжбүр екендерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
TikTok Қазақстанда 13 жасқа толмағандардың 1,9 миллион есептік жазбасын жойды
Бүгінде өзекті сипатқа ие болған Қауіпсіз интернет күні қарсаңында TikTok өкілдері отандық журналистермен кездесіп, 2024 жылы Қауымдастық ережелерін бұзғандықтан жойылған контент санын жариялады. Қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші платформа қолданушыларды цифрлық сауаттылық негіздеріне баулитын әрі қазақ тілді аудиторияға бағытталған «Ең Алдымен Қауіпсіздік» жаңа білім беру жобасын іске қосқанын мәлімдеді.
Заң • 13 Ақпан, 2025
Президент әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Ақпан, 2025
Инклюзивті білім беретін маман тапшы - депутат
Парламент Сенаты депутаты Бибігүл Жексенбай депутаттық сауалында Қазақстанда инклюзивті білім беруге қол жеткізудің қиындығы мен сапасындағы мәселелерді айтты. Оның айтуынша, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны көбейіп бара жатқандықтан оларды қолдау жөніндегі қолданыстағы ескі ережелерді қайта қарау керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Ақпан, 2025
Былтыр тұрмыстық ауыр қылмыстар саны азайған
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхаиров хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2025
Әйел полицейлер жаңа қызметке кіріседі
Әйел полицейлер жаңадан құрылған Отбасылық тұрмыстық-зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшеде қызмет атқаратын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Астанада ұлттық құндылықтарды ұлықтаған семинар өтті
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» бірлесіп, Қ. Мұхамедханов атындағы №90 мектеп- гимназиясында «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі» тақырыбында республикалық семинар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Қаратөбеде мың адам «Атамекенді» шырқады
Бүгін Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің туған күні. Өнер иесінің 85 жылдық мерейтойына орай оның туған жері Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының орталығында мыңға жуық тұрғын жиналып, «Атамекен» әнін шырқады.
Спорт • 13 Ақпан, 2025
Хоккейші қыздар Қытай құрамасын жеңді
Еске салайық, қысқы Азия ойындарында хоккейден А тобындағы Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ойында Жапониядан жеңіліп қалған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары 15 тәулікке қамалды
Астана қалалық соты Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровты 15 тәулікке қамап, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Елімізде отбасылық зорлыққа қарсы арнайы бөлімше құрылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2025
Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Ғалым-композитор Ағайша Исағұлованың 80 жылдық мерейтойы өтті
Алматыда Қазақ ұлттық мемлекеттік қыздар университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің үздігі, әнші, композитор Ағайша Шермұхамбетқызы Исағұлованың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
«Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» атты пилоттық жоба іске қосылды
Ақмола облысында Мемлекет басшысының бірыңғай дрондар инфрақұрылымын енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Жұмысынан айрылған 106 мың адам әлеуметтік төлем алды
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 106 мың адамды құрады. Бұл ретте 31,2 мың адамға төлем осы жылы тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 9,4 млрд теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2025
Жасанды интеллект бойынша KazLLM моделі әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қазақ тіліндегі жасанды интеллектті дамытуға бағытталған KazLLM ауқымды тіл моделі әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Ақпан, 2025
Чилидің Араукания аймағындағы орманда үлкен өрт болып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.