Медицина • 13 Ақпан, 2025

Алматы облысында дәрігерлер жағдайы ауыр әйелді аман алып қалды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы көпсалалы облыстық ауруханасында дәрігерлердің өзара шұғыл әрекет етуінің арқасында 42 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды. Мамандар Іле аудандық ауруханасынан жүктіліктің 32-ші аптасында ауыр жағдайда түскен әйелге  шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.

Алматы облысында дәрігерлер жағдайы ауыр әйелді аман алып қалды

«Жүкті әйелде преэклампсия және HELLP синдромы анықталған болатын. Осыған орай, бірнеше сала мамандары бірлесе әрекет етіп, төрт рет шұғыл ота жасады. Бұл жерде науқаста көптеген асқынулармен, сепсис, органдардың дұрыс жұмыс істемеуі науқастың жалпы жағдайының ауырлауына әкелді. Ота кезінде толық хирургиялық гемостаз және ішкі мықын артерияларын байлау жүргізілді, бірақ науқастың жағдайы үлкен алаңдаушылық туғызды», дейді облыстық аурухананың акушерлік гинекология және перинатология орталығының директоры Гүлжахан Жұмадуллаева.

Операциядан кейін үшінші күні акушерлік, реаниматология және гепатология саласындағы сарапшылардың қатысуымен телемедициналық кеңес жүргізілді.

«Барлық қиындықтарға қарамастан, медицина қызметкерлерінің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында оң нәтижеге қол жеткізді. Бірнеше сала мамандары заманауи тәсілдерді қолдана отырып, ана мен баланың өмірін құтқарып қалды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы жақсарып, отбасына аман-есен оралды», деп толықтырды Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03