у
Президент • 23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметінің сілтеме жасап.
Күрес • 23 Сәуір, 2026
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер (U17) мен жастар (U20) арасында өткен «Victory Cup» турнирінде Қазақстанның балуандары 8 алтын, 9 күміс және 16 қола медаль иеленді. Барлығы – 33 жүлде, деп жазады Egemen.kz.
Құқық • 23 Сәуір, 2026
Құқықтық тәртіпті нығайту: Бас прокурор ЕҚЫҰ Бас хатшысымен кездесті
Бүгін Бас прокурор Берік Асылов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлумен кездесу өткізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 23 Сәуір, 2026
Қазақстанда ветеринарларға қосымша төлемдер енгізілуі мүмкін
Парламент Мәжілісінің отырысында ветеринария мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Құжатта ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
Олжас Сүлейменов Мұхтар Шахановтың қазасына көңіл айтты
Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту хатын жолдады. Ақынның хатын төменде толық ұсынып отырмыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
10 жылдық мерейтой: National Geographic Qazaqstan үздіктерді марапаттады
Қазақстандағы танымдық және деректі контент ұсынатын маңызды ақпарат көздерінің бірі National Geographic Qazaqstan журналы биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтіп отыр. Айшықты мереке қарсаңында басылым отандық ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Сәуір, 2026
Алматыда жаңбыр тоқтамай тұр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматыда ауа райының күрт нашарлауына байланысты қалалық коммуналдық қызметтер жоғары дайындық режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматша Грекиядан экстрадицияланды. Операцияны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2026
Жетісу өңірінде Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін жарыс өтті
Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін жасөспірімдердің республикалық турнирі дүркіреп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2026
Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды
Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 23 Сәуір, 2026
Базардағы тексерістен кейін 80-нен астам делдалдың жұмысы тоқтатылды
Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев Қарағанды қаласына жұмыс сапары барысында көтерме және әмбебап базарларды аралап, бизнес өкілдерімен, базар иелерімен кездесу өткізді. Кездесулер барысында базарларда бірқатар делдалдық схема анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Сәуір, 2026
Астанада 15 автобус бағыты уақытша өзгерді
Астанада 15 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 23 Сәуір, 2026
Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысы қашан аяқталады?
Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы жоспарға сай жүріп жатқанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысын жыл соңына дейін аяқтау көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 23 Сәуір, 2026
Щучинсктегі жарылысқа қатысы бар тағы екі күдікті ұсталды
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған жарылыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр. Бүгінде аталған қылмыстық іске қатысы бар тағы екі күдікті ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысына Сауд Арабиясы Королі мен Тақ мұрагерінен хат келді
Президентке Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әл Сауд хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2026
FIFA әлем чемпионатының матчтарына қосымша билеттерді сатылымға шығарды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының басталуына 50 күн қалғанда халықаралық футбол федерациясы (FIFA) билеттер сатылымының финалдық кезеңін қайта ашты. Бұл кезеңде АҚШ, Мексика және Канадада өтетін турнирдің барлық 104 матчы бойынша билеттер сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Сәуір, 2026
Жаңбыр, тұман, найзағай: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоктиктердің айтуынша еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауып, дауыл болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Сәуір, 2026
Абай облысында шаруа қожалығы басшысы 211 млн теңге жымқырған
Абай облысында шаруа қожалығының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Маңғыстау облысында қатты жауын-шашын салдарынан мал шығыны тіркеліп, фермерлер биліктен өтемақы төлеуді және өлген малды жою жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Mutua Madrid Open–2026 турнирінің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы кездесуінде чехиялық Тереза Валентованы үш сетте жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Астанада өткен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының саммиті қорытындысы бойынша 26 наурыз Арал теңізі, сондай-ақ Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Мемлекет басшысының пікірінше, аймақтағы су мәселелері мен экологиялық сын-қатерлер арта түскен сәтте өзара келісімге келіп, кедергілерді бірлесіп еңсеру үшін күш-жігер жұмылдыру, бірлік таныту – өте маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент су проблематикасын аймақ елдеріне ортақ әрі халықаралық қоғамдастық назар аударатын өзекті мәселе ретінде қарастыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс сот жарыссөзі кезеңіне өтті. Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев сотта айыптау ұстанымын таныстырып, айыпталушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, жаза мөлшерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалана отырып түсірілген фильмдерге арналған алғашқы халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) кинофестивалі өтеді. Елордада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы мен өтінім қабылдау тәртібі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Сәуір, 2026
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жүйелі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершіліктің қатаңдатылғанын мәлімдеді. Енді агрессивті жүргізу мен қауіпті маневр жасау тек айыппұлмен шектелмей, «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланып, жүргізушіні 15 тәулікке дейін қамауға алуға негіз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Сәуір, 2026
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елордада демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Қызылорда облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлері ұйымдастырған бюджет қаражатын көп жыл бойы жымқыру схемасы әшкереленді. Іс Бас прокуратураның бақылауына алынып, сот шешіміне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.