«Қазгидромет» мәліметінше, 23 сәуір күні сағат 15:00-ден бастап жауын-шашын басталып, 17:00-ден кейін нөсер жаңбырға ұласады. Желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін жетуі мүмкін. 24 сәуірде найзағайлы жаңбыр күтілсе, 25 сәуірде өткінші жауын-шашын болжанып отыр.
Су басу қаупінің алдын алу үшін қалада тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл мақсатта 104 арнайы техника, 74 мотопомпа, 12 ассенизаторлық көлік жұмылдырылып, 75 бригада (425 жұмысшы) жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 2300 дана құм салынған қап дайындалған.
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Қосымша түрде құтқару қызметтері мен төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері де іске тартылды. Жалпы қала бойынша 2,7 мыңнан астам адам мен 1,2 мыңнан аса техника қызмет көрсетіп жатыр.
Нөсер жаңбыр мен дауыл: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қала тұрғындарына сақтық шараларын сақтап, су басу қаупі бар аумақтардан аулақ болу ұсынылады.