Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
Жетісу облысында әкім оқушыны қағып өлтірді
Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі оқушыны қағып өлтірді. Бұл ақпаратты аудан әкімдігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2023
Төрт құрлық чемпионатында Ұлттық құрама алғашқы медальды олжалады
Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен төрт құрлық чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама аталған турнирдегі алғашқы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 07 Қараша, 2023
Еліміз биыл наннан тарықпайды - Әлихан Смайылов
Елімізде егін жинау науқаны аясында республиканың нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 07 Қараша, 2023
2024 жылы Үкімет 16 заң жобасын әзірлейді
Әділет министрі Азамат Есқараев Үкімет отырысында 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Балалар ойнап жүріп алтын қазынаны тауып алғанын білмеген
Сабақтан келе жатқан ауыл балалары көне әшекейлер қазынасын тауып алған. Олар оның бағалы жәдігер екенін білмей, қалтасына басып кете барған.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
Атыраулық оқушы аламан бәйгеде осымен екінші рет көлік ұтып алды
«Қарақұс» атты тұлпар бәйгеде топ жарып, иесіне тағы да көлік мінгізді. Бұл жолы аламан ат бәйгесі Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының 90 жылдығына арналған, деп хабарлайды Egemen.kz «AtyrauPress» сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Биыл 16,9 млн гектар астық жиналды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында егін жинау науқанының аяқталу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 07 Қараша, 2023
«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді
Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннис • 07 Қараша, 2023
Қазақстанның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
Жаңашылдыққа бет бұрған мәслихат
Павлодар облысында мәслихаттар депутаттары азаматтармен жұмыс істеудің жаңа бағыттарына көше бастады. Бұдан былай халық қалаулылары мемлекеттік органдарға сауал жіберу, шенеуніктерден белгілі бір шешімдерді талап ету, жұртшылықтың шағымын талдау бойынша оңтайлы әдіс-тәсілдерге үйретілмек.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Қаржылық сауатсыздық құрдымға кетіреді
Биыл Шымкентте экономикалық тергеу департаменті жалған энергетикалық сусындар шығаратын жасырын цехты анықтады. Дәл осындай жағдай мұның алдында да болған. Департамент ыдыс-аяқ жуатын химиялық тұрмыстық зат жасау бойынша экономикалық қылмысты әшкере еткен еді.
Саясат • 07 Қараша, 2023
Аумақтық қорғаныс мәселелері талқыланды
Қорғаныс министрлігінде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысқан жиында аумақтық қорғаныс және әскери инфрақұрылым жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.
Инфляция • 07 Қараша, 2023
Жылдық инфляция өсімі баяулады
Елімізде жылдық инфляция қазан айының қорытындысы бойынша 10,8 пайыз болды. Осылайша, қыркүйекпен салыстырғанда төмендеу байқалды (өткен айда 11,8 пайыз болған). Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сүйенсек, соңғы бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы – 10,4 пайызға, ақылы қызметтер – 11 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар 11,1 пайызға қымбаттаған.
Денсаулық • 07 Қараша, 2023
Суық түссе Солтүстікте тұмауға шалдыққан адамдар көбейеді. Бұл – қалыпты жағдай. Халық оған қарсы күресудің, вакцина алудың жолдарын әбден меңгерген. Бірақ кейінгі жылдары балалар арасында қызылшаның көбеюі медицина қызметкерлерін алаңдатып отыр.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Жасанды интеллект жоғары мектебі
Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, LUPIC халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университет жобасының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, IT саласы бойынша жұмыс берушілер қатысты.
Қазақстан • 07 Қараша, 2023
«Ауыл аманаты» қалай орындалып жатыр?
Алматы облысының қай саласында да ілгерілеушілікпен қатар, кемшіліктердің де бары Қонаев қаласында өткен «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының отырысында жан-жақты баяндалды.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Эндаумент қорлардың даму келешегі
Елімізде эндаументтер қауымдастығы құрылып, «Мақсатты капитал қорлары туралы» заң жобасы дайындалды. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған III халықаралық эндаументтер конференциясында мәлім болды.
Пікір • 07 Қараша, 2023
Атырау облысының Исатай және Қызылқоға аудандарында қанатқақты режімде сайлау өтті. Екі ауданның 34 сайлау учаскесінде тіркелген электораттың 56 пайызы дауыс берді. Қызылқоға ауданы барынша белсенділік танытты. Сайлауға 57,2 пайыз халық қатысты.
Өндіріс • 07 Қараша, 2023
«Hyundai» «Қорғаста» құрастырылады
Қорғас – Орталық Азияның ең үлкен қақпасы. Оның игілігін елдің экономикалық культіне айналдыруға болады. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында да тәптіштеп түсіндірген еді. Демек ел шекарасында орналасқан арнайы экономикалық аймақтар қызметін жандандыру шарт. Осы мақсатта «Қорғаста» «Hyundai» автокөліктерін құрастыратын зауыт салынады.
Қаржы • 07 Қараша, 2023
Ел ақшасы айналымға енгенде...
Ұлттық валюта – кез келген тәуелсіз елдің төл нышаны. Аңсап күткен азаттықтың арнайы атрибуттарының бірі. Бұл – егемен елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, оны басқарудың негізгі құралы. Кез келген елдің шежіресі ұлттық валютасының тарихына тікелей байланысты болып келеді. Талай мемлекеттің ұлттық валюта тарихы ғасырлар бойы қалыптасқаны да белгілі. Оған сарғайған тарих парақтары куәгер. Ал енді төл теңгеміздің тарихы туралы аз-кем сөз алсақ.
Үкімет • 07 Қараша, 2023
Конфессияаралық келісімнің ортақ моделі
Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Абу-Даби қаласында өткен «Сенімдердің тоғысуы: рухани лидерлердің жаһандық жаңғыру жолында бірігуі» атты халықаралық конференцияға қатысты. Сондай-ақ ол сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктері Федералды Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті.
Сайлау • 07 Қараша, 2023
Өткен жексенбіде еліміз маңызды тағы бір саяси белесті бағындырды. 5 қарашада алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті.
Экономика • 07 Қараша, 2023
Шағын және орта бизнес дамыса, халықтың ахуалы жақсарады. Мұны экономистер үнемі ескертеді. Істің көзін білетін азаматтар мемлекеттің қолдауынан қалыс қалмаса, мүмкіндікті пайдаланса екен дейсің. Біз мұны бірер күн бұрын қаладағы бизнес-нысандарды аралағанда түсіндік.
Алматы • 07 Қараша, 2023
Осыдан 11 жыл бұрын 25 желтоқсанда ҰҚК Шекара қызметінің «Астана – Шымкент» бағытына ұшқан әскери ұшағы апатқа ұшырап, 27 әскери қызметшінің қаза табуы қалың бұқараның қабырғасын қайыстырды. Сол күні Астана қаласында Шекара қызметінің жылды қорытындылаған Әскери кеңесі өтіп, жауынгерлік-даярлық қызметінің үздіктері марапатталған болатын. Осы рәсімнен соң Шекара саласының басшысы, полковник Т.Стамбеков бастаған топ әскери ұшақпен Шымкентке бет түзеген-ді. Өкінішке қарай, әскери бөлім командирлері мен әскери қызметшілер діттеген жерге жете алмады...
Баға • 07 Қараша, 2023
Баспана мәселесі әлі де болса ел тұрғындарының бас ауруына айналып тұрғаны белгілі. Үйсіз-күйсіз сенделген жұрт бар тапқан-таянғанын пәтер қожайындарына түгелімен санап беруге үйреніп барады. Өйтпеске басқа амалдары да жоқ.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
«Жоқ мұғалімнің» жалақысы қанша?
Кейінгі жылдары білім саласындағы жемқорлыққа қатысты жаға ұстатар сұмдықтардың санынан жаңылып, ұрпақ болашағын кімге сеніп тапсырарымызды білмей дал болатын күнге жеттік. Бұлай деуімізге себеп те жоқ емес. Айталық, биыл да республика бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің аймақтағы білім беру бөлімдеріне жүргізген тексерісі барысында есепшілердің ебін тауып қаржыға қарық болып келгені анықталып отыр. Осылайша, аудандық білім бөлімдерінің кейбір лауазымды тұлғалары мен есеп-қисапқа жауапты мамандары заманауи жүйеде кеткен ұрымтал сәтті де ұтымды пайдаланып, ел қазынасына орасан шығын келтірген.
Пікір • 07 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 25 мамырда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Бұл құжат аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізді.
Білім • 07 Қараша, 2023
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша «Қазақстан Республикасындағы білім беру» атты кезекті жинақты жарыққа шығарды. Жинақта еліміздегі түрлі деңгейдегі білімі бар халықтың саны және сауаттылық дәрежесі көрініс тапқан.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Ирина Кайратовна тобындағы мобилографтың неден көз жұмғаны анықталды
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы Ирина Кайратовна тобының концерті кезінде көз жұмған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қараша, 2023
Жаңбырдың соңы қар: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 7-9 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.