Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 07 Қараша, 2023
СҚО-да жүк пойызы 16 бас уақ малды жапырып өтті
Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті қолданды. Алайда, жүк пойызы ұсақ малды жапырып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 07 Қараша, 2023
Жыл сайын ел көлемінде есірткі бизнесіне тосқауыл қойып, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіріп, баптаудың алдын алуға, оны таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге арналған іс-шара өткізіледі. Қызылорда полицейлері биыл да 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткен «Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады.
Тағзым • 07 Қараша, 2023
Биікке өлшем беру үшін билердің сөзіне жүгінетін қазақтың бабаға деген құрметі баланың әкеге деген махаббатындай. Ақ сауытын асынып, бабалар аруағына сүйеніп, ата жауын тықсырған даналарымыздың рухы өр, ойы дария. Ғасыр аунаса да бозжусан бейнесінің бояуы жұқармай, атар таңның қызылсаң сәулесіндей қайта бой көтеріп, болашақтың жүзіне нұрын шашып тұратыны содан-ау, сірә. Ендеше, Жетісу жұртының елі сүйген Ескелді бидің 330 жылдық мерейтойын тойлауының себебі арыда жатқанын осыдан-ақ аңғара беріңіз.
Руханият • 07 Қараша, 2023
Үнді қайраткері Қазақстан туралы не жазды?
Кейде айна-тарихтың бетін сүрткен сайын оның ар жағынан өткен дәуірдегі алуан түрлі оқиға, тарихи шындықтар, тіпті заманның ағысына төтеп беріп, өз еңбегімен ел жадында қалған тұлғалар туралы деректер кездеседі. Сол үшін де кешегі күннің оқымыстысының бірі Хенри Гласси: «Тарих – өткен күн ғана емес, ол қазіргі жиһанкезге пайдасы зор белгілі бір көзқарасқа ие карта» деп бекерге айтпаса керек. Қалай десек те, қазақ тарихы қазған сайын қазынасы қопарылып шыға беретін сарқылмас байлыққа ұқсайды. Әрине, тамыры терең, салты мен дәстүрі бекем елдің өткен уақыттың еншісінде өз үлесі болары даусыз. Отарлық саясат қанша жерден бұғалық салса да, тарихты ешкім тұншықтыра алмайтынына көз жетті. «Тарих сұрақ қоя білген адамға ғана жауап береді». Бұл парасатты сөзді осыдан бір ғасыр бұрын дүниеге келген Хаджо Холборн айтыпты. Оның бұл пайымы өз тарихыңды іздеуден жалықпа дегенді айтып тұрғандай. Әрине, іздейміз де. Өткен дәуірге, қызыл көз қоғам мен солақай саясатқа біздің көбірек есеміз кетті.
Ауа райы • 07 Қараша, 2023
Тұман, жаңбыр, көктайғақ: 14 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 8 қараша күні Астана мен еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы 90 жылдығын атап өтті. Жеке аудан болып шаңырақ көтерген мерейтойын жергілікті халық еңбек адамдарын марапаттап, ат шаптырып, балуан күресін өткізді.
Мәдениет • 07 Қараша, 2023
Ауыл мәдениетіндегі оң өзгеріс
Кейінгі жылдардағы жағымды үрдіс – ауыл мәдениетінің ахуалы жақсарып келеді. Өткен жылы Ақмола өңірінде төрт мемлекеттік клуб ашылып, «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында елдегі мәдениет ошақтарының инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік туды.
Спорт • 07 Қараша, 2023
Зайсан қаласында еркін күрестен 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестің негізін қалаған ардагер жаттықтырушы Досмұхамбет Хасеновті еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті. Оған Жетісу облысынан, Астана мен Семей қалаларынан, облыстың аудандары мен қалаларынан барлығы 230 балғын балуан қатысты.
Кино • 07 Қараша, 2023
Берік Айтжанов тілін білмесе де түріктің сериалына қалай түскенін айтты
«Османның құрылуы» атты тарихи түрік телесериалында Моңғол қолбасшысы Найман рөлінде ойнаған белгілі актер Берік Айтжанов түрік тілін қалай тез меңгергенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2023
Пәкістанның бас шаһары – Ислам-абадта таэквондодан өткен «Asian Open Championship» турнирінен Қазақстанның ұлттық құрамасы мол олжамен оралды.
Футбол • 07 Қараша, 2023
Германияның әйгілі «Transfermarkt» интернет-порталы өздерінің спорттық мансабында трансферлік тұрғыдан ең көп олжаға кенелген футболшылардың тізімін жасады.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
«Шамшырақ» газетінің 92 жылдығына орай Түлкібас ауданы әкімдігі мен Қазақстан Журналистер одағының қолдауымен аудан орталығындағы көшеге атауы берілді.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Қыран құс не алмайды салса баптап...
Краснояр селосының жанындағы «Құлагер» атшабарында атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған құсбегілер сайысы болып өтті.
Театр • 07 Қараша, 2023
Сәкен Сейфуллин атындағы театрдың қуыршақ труппасы Оман елінен олжалы оралды. Халықаралық қуыршақ фестивалі Маскат қаласында өтті. Онда қарағандылық өнер ұжымы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты халық ертегісін сахналады. Сөйтіп, «Үздік сахналық костюм үшін» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Медицина • 07 Қараша, 2023
Алматыда роботтың көмегімен 9 науқастың тізе, жамбас буындары алмастырылды
Қараша айының алғашқы аптасын отандық медицинадағы айтулы күн десек те болады. Өйткені 3 қарашадан бастап Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының хирургтары роботтың көмегімен тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операцияларын бастады. Бұл – Қазақстандағы роботтың қатысуымен жасалынған алғашқы ортопедиялық операциялар, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 07 Қараша, 2023
Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады – Ахмет Иассауи
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Қорқыт, Әбу Насыр Әл-Фараби, Ахмет Иассауи ойларын ұсындық.
Президент • 07 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Димаш Женевада БҰҰ басшылығымен кездесті
Кеше, 6 қарашада Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валовамен кездесті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
Мәдениет және ақпарат министрлігінде бірқатар вице-министрлер тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды. Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қараша, 2023
Президент Svevind Energy Group компаниясының бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Қараша, 2023
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды
Ержан Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Түркі ақпарат агенттіктерінің альянсы құрылды
Түркі ақпарат агенттіктерінің альянсы (Alliance of Turkic News Agencies-ATNA) құрылды. Оның құрамына QAZCONTENT АҚ (Қазақстан), Anadolu Ajansı (Түркия), AZERTAC (Әзербайжан), KABAR (Қырғызстан), UZA (Өзбекстан) Халықаралық ақпарат агенттіктері кірді. Ыстанбұлдағы тиісті декларацияға осы медиа компаниялардың басшылары қол қойды.
ANTIKOR • 07 Қараша, 2023
Қай өңірдің шенділері жемқорлыққа жиі барады?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 10 айдағы жұмыс нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 07 Қараша, 2023
«Бала күнгі арманым». Мейрамбек Бесбаев туған күнінде жеке радиосын ашты
Бұл туралы белгілі әнші жаңа радионың әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын іздеп барып Сәкен Сейфулиннің бейнесін таптық – зерттеуші
Жуырда Ресей мұрағатында зерттеу жобасы бойынша еңбектеніп, Сәкен Сейфуллиннің бейнесі жазылған таспаны тауып елге әкелген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Ермұхамет Маралбек әлі де алар олжамыз аз емес дейді. Тек індете іздеп, тереңдей зерттеуге қаржылай қолдау көрсетуді күшейту қажет. Ресейдің мемлекеттік архивінде тағы қандай құнды қазына «көмулі» жатқанын зерттеуші маманнан сұрадық.
Қазақстан • 07 Қараша, 2023
Қазақ қызы тұңғыш рет түйе үстінде жамбы атып, рекорд орнатты (видео)
Осыдан бір ай бұрын Алматы қаласында Топжарған этно-мәдени орталығы ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасында Қазақстанда тұңғыш рет түйе үстінде отырып жамбы атып, рекорд орнатқан Аружан Миравилдаеваның жетекшісі Ғабит Таңатовпен тілдесіп, пікірін білген едік.
Президент • 07 Қараша, 2023
Президентке ҚазҰУ қалашығы құрылысының барысы туралы айтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 07 Қараша, 2023
Жезқазғанда алып сәби дүние есігін ашты
Жезқазған қаласының перинаталдық орталығында салмағы 6 келідей болатын қыз бала туды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Қараша, 2023
Астанада жүргізушілер медициналық куәландырудан өте бастады
Астана қаласының №3 автобус паркінде Үкімет Аппараты, Көлік министрлігі және Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының «City Transportation Systems ЖШС өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.