Жоба аясында 20 000 гектар жерге автоматтандырылған суару жүйелері орнатылып, жүгері, соя және техникалық кенеп (конопля) өсіріледі. Барлық агротехникалық үдеріс жасанды интеллект пен телеметрия жүйесі арқылы басқарылады. Аталған кешеннің жұмысымен Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та танысып шыққан еді.

Өндірістік кешен құрамында кенеп талшығын өңдейтін зауыт, май өндіру цехы және 100 мың тоннаға дейін астық сақтайтын қойма кешені салынады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 51 млрд теңге. Барлық жұмысты 2025-2028 жылдары іске асыру жоспарланған.
Бұл жоба экспортқа бағытталған және жыл сайын 70 мың тонна жүгері, 20 мың тонна соя мен 42 мың тонна кенеп өнімдерін өндіруді көздейді.
«Біздің мақсатымыз – тек шикізат өндіру емес, толық экожүйе қалыптастыру: жер мен судан бастап, тауарды толық өңдеу мен экспортқа дейін қамтылады», дейді компания директоры Даулет Увашев.
Жоба нәтижесінде 150-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуеті айтарлықтай артады.