Футбол • Бүгін, 09:15

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде сенсациялық жеңіске жетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Алғашқы ойында Кекер шәкірттері Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде сенсациялық жеңіске жетті

Фото: Ашық дереккөз

Кездесу Нидерландтағы Одензал қаласында өтті. Қазақстан құрамасының қақпасын «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза қорғады. Ол бірнеше қауіпті сәттерде команданы голдан құтқарып, матчтың басты қаһармандарының бірі атанды. Жалғыз және жеңісті голды алматылық шабуылшы Азамат Тұяқбаев салды.

Ойынның соңғы минуттарында, атап айтқанда 90-минутта, қорғаушы Карим Мұхаметжан алаңнан қуылып, Қазақстан құрамасы кездесуді аз құрамда аяқтады.

Енді Қазақстан құрамасы 15 қараша күні Нидерланд құрамасымен кездеседі. Ал соңғы турда, 18 қарашада, Кипр командасына қарсы ойнайды. Айта кетейік, Нидерланд бірінші турда Кипрді 7:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Жанкүйерлердің ерекше сүйіспеншілігіне ие болған Шерхан Қалмырза бүгінде елдегі ең танымал футболшы атанды. «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына әлеуметтік желілерде 350 мыңнан астам адам жазылған.