бай
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Көкшетауда қолөнер шеберлері ғажайып бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды
«Шебер қолдан шыққан терме баулар төрде айқасып, кіре бергенде көзіңе соғылады». Иә, Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармасынан алынған осы бір ғана сөйлемде он саусағынан өнер тамған халқымыздың ісмерлігі тіліміздегі сөздіктің алтын қорымен сипатталады. Облыс орталығы Көкшетау қаласында қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада жиырмаға тарта шебер бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 19 Қараша, 2025
Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті
Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Ш. Ералиев ауылдық округінің Оспан Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Еркем-ай» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Бала Шабыт» байқауынан бірінші және екінші орын алып, жүлделі оралды. «Еркем-ай» би ансамблі 5-7-8-сынып оқушыларынан құралған.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Дрондар иесіз жайылған малды анықтайды
Қараусыз жануарлар жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатыны мәлім. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 19 Қараша, 2025
Мәскеудегі «Голос. Дети» байқауының финалында «Жас сарбаз» солисі ел намысын қорғайды
Таланты мен табанды жігерінің арқасында «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының солисі Жасмина Түзелова ресейлік «Голос. Дети» шоуының 12-маусымының финалына өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Абай облысында 500 орындық оқушылар сарайы ашылады
Биыл облыста «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 2 700 орынға арналған 4 мектеп іске қосылды. Енді 500 орындық оқушылар сарайы ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Талғат Байсуфинов: Ойын тұрақтылығын сақтай алсақ нәтижеге жетеміз
Фарер аралдарына қарсы өтетін жолдастық матч алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов команда дайындығы, қарсыластың қарқыны және ойын тәртібінің маңыздылығы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Қараша, 2025
Президент қолынан марапат алған жас комбайншының жетістігі
Биыл көктен иіп, жерден беріп, өңір диқандары мол табысқа кенелді. Ырыздық жорығына қатысқан жігерлі жастар да аз емес. Соның бірі – комбайншы Диас Біләлов. Ол орақ науқаны кезінде 1 830 гектар алқаптың егінін орып, 4 920 тонна астық бастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қараша, 2025
Әйгілі әуе компаниясы бортта гаджет пайдалануға тыйым салды
Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшу кезінде сыртқы аккумуляторларды (power bank) пайдалануға толық тыйым салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қараша, 2025
Бестеректегі 4 баланың өліміне себеп болған жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді
Абай облысының Үржар ауданында төрт бірдей баланың қазасымен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс сот қарауына жолданды. Процесс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ашық түрде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қараша, 2025
Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды
Дубай қаласында орналасқан әлемдегі ең биік қонақүй – Ciel Dubai Marina алғашқы қонақтарын қарсы алды. Ғимарат биіктігімен және керемет инфрақұрылымымен туристерді тәнті етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 13 Қараша, 2025
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың нәтижелері қандай?
Бүгін Париж қаласында (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өз жұмысын бастады. Екі күндік іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Абай облысында үш басқарма басшысы қызметінен кетті
Облыстық көлік, құрылыс және спорт басқармаларының басшылар ауысты. Көлік басқармасы басшысы қызметіне Мерей Байырхан тағайындалды. Ол 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған.
Қазақстан • 12 Қараша, 2025
Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз-5» зымыраны әкелінді
11 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағына Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы шеңберінде жасалған жаңа «Союз-5» зымыраны жеткізілді. Бұл оқиға – Байқоңыр тарихындағы ашылған жаңа бет деуге болады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Абай облысы: 250 миллион теңгеге жабдықтар мен жиһаз алынды
Абай облысында спорт, жастар саясаты, мәдениет және білім беру сияқты негізгі әлеуметтік бағыттар тұрақты дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов мәлімдеді.
Президент • 11 Қараша, 2025
Еліміздің туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр
Қазақстанның көк туы Ресейдің бас шаһарының көшелерінде желбіреп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қараша, 2025
«Әлемдік космонавтиканың алтын бесігі»: Тоқаев Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланды. Онда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Байқоңыр ғарыш айлағының стратегиялық маңызын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 10 Қараша, 2025
ERG Skills International байқауы жастар мен мамандарды біріктірді
Ақсу қаласында тау-кен металлургия кешеніндегі 160-тан астам маманды, студенттер мен тәлімгерлерді біріктірген ERG Skills International халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында WorldSkills стандарттары бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қараша, 2025
Күйші Жанғали Жүзбай халықаралық беделді сыйлыққа ие болды
Белгілі күйші, ұстаз Жанғали Жүзбай Түркияның Алания қаласында медиа саласы мамандарының V Халықаралық кеңесінде Ысмайыл Гаспралы атындағы сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 08 Қараша, 2025
Абай облысында ашылған жаңа зауыттың ерекшелігі неде?
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» деген Абай елінде тағы бір кірпіш зауыты іске қосылып, аймақ жұртшылығын қуанышқа бөледі.
Білім • 06 Қараша, 2025
Әлеуметтік желіде Қазақстан мұғалімдері байқауы басталды
Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған TikTok жетекші платформасы төртінші жыл қатарынан өтетін #Қазақстанмұғалімдері байқауын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 06 Қараша, 2025
Абай университеті QS рейтингінде «Бес Жұлдыз» марапатына ие болды
Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, позициясын одан ары нықтай түсті. Мәртебелі марапат еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнына академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін табыс етілді.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Елдегі ең бай адамдар қайырымдылыққа қанша ақша жұмсайды?
Қазан айының басында Forbes.kz Қазақстанның ең бай 10 азаматтарының жаңартылған тізімін жариялады. Егер қарапайым қазақстандықтар табысының шамамен 1,2%-ын мұқтаж жандарға көмектесуге жұмсайтын болса, елдегі ең дәулетті азаматтар бұл бағытта әлдеқайда ауқымды жобаларды жүзеге асырып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Абай ұлттық мектебі жаңа ғимаратқа көшіріледі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі Алматыдағы Абай атындағы республикалық мектеп-интернатын трансформациялауды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Табиғат • 02 Қараша, 2025
«Бурабай» ұлттық паркінде 7 жаңа көрініс алаңы ашылды
Тұмса табиғатымен өзіне тартып тұратын «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде биыл ірі инфрақұрылым жобасы жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 01 Қараша, 2025
Әзербайжан университеті мен Қазақстан ЖОО-лары ынтымақтастығын кеңейтуде
Әзербайжанның Бакин мемлекеттік университетінің (БМУ) ректоры Эльчин Бабаев білім мен ғылым саласындағы жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы күшейіп келе жатқанын атап өтті.
Жемқорлық • 01 Қараша, 2025
Рудныйдың бұрынғы прокуроры 20 млн теңге пара алып, ұсталды
Қостанай қаласының №2 сотында ірі көлемде пара алуға оқталды деп айыпталған У. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу тәртібімен қысқартылған іс жүргізу шеңберінде қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 31 Қазан, 2025
Шығармашылық зертхана: Ғалым Жайлыбай өлеңді қалай жазады?
Шығармашылық зертхана туындының жазылу себебін, қаламгердің сол сәттегі көңіл ауанын, жазушы еңбегіне тән белгі-ерекшеліктерді арқау етеді. Бұл жолы біз ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбайдың көркемдік кеңістігіне бойлайтын боламыз.
Президент • 31 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 30 Қазан, 2025
Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды
Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Ұлттық мереке – Республика күнінде Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ ашылды. Салтанатты жиынға зиялы қауым, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.