тіс
Энергетика • 05 Шілде, 2025
Алакөл жағалауы жарықпен толық қамтылды
Алакөлдегі демалыс орындары жаңа «Ақши» қосалқы станциясы арқылы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіле бастады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Жетісу облысында каналдар жаңғыртылып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше аталған облыста Ислам Даму Банкінің қолдауымен 2 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Жетісу тұрғындарын қабылдады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев өңірлерге сапары барысында 2 шілдеде Жетісу облысына барды. Партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдаған депутатқа тұрғындар ауылдағы орта мектептің техникалық жағдайы, өзен арнасын тазалау және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру және тағы басқа мәселелерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Шілде, 2025
Үкімет Үштөбенің жылу желілеріне қаражат бөлді
Мемлекет басшысының өңірлердегі инженерлік желілер мен жылу көздерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 01 Шілде, 2025
Жетісуда 5000 адам бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты
Бүгін Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы дала үні» атты облыстық флешмоб көпшіліктің рухын көтерген жарқын мәдени оқиғаға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Маусым, 2025
Қара Ертіс үш адамның өмірін жалмады
21 маусымда Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 2007 жылы туған азамат суға батқан. Оған 1991 және 1992 жылы туған екі азамат көмекке жүгірген. Өкінішке орай, ағысқа төтеп бере алмай үшеуі де мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Апталық шолу ақпаратты сала министрлігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Маусым, 2025
Өнеркәсіп өндірісінің бес айдағы жетістігі
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,4%-ға өсті, тау-кен өнеркәсібінде 7,8%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 6%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалады: қара металургияда (+3,4%), машина жасауда (+10,5%), тамақ өнімдерін шығаруда (+10,5%), мұнай өңдеуде (+11,3%), химия өнеркәсібінде (+9,9%), құрылыс материалдарын өндіруде (+10,3%), резеңке және пластмасса бұйымдарында (+4,8%), дайын металл бұйымдарында, машиналар мен жабдықтардан басқа (+17,5%), жеңіл өнеркәсіпте (+2,7%) және жиһаз өндірісінде (+6,8%), деп хабарлайды Egemen.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Жетісайда жекпе-жектен Орталық Азия ашық кубогі өтті
Түркістан облысы Жетісай қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен бәсекеге Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 70 спортшы қатысып, ерлер 9 салмақ дәрежесінде, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Маусым, 2025
Жетісуда құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген
Жетісу облысының Алакөл ауданында мемлекеттік меншікке тиесілі жер учаскесін бір заңды тұлға өз бетінше пайдаланып, құқық белгілейтін құжаттарсыз құм-қиыршықтас қоспасын өндірумен айналысқан, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Жетісуда жас дарындар марапатталды
Аймақ оқушылары халықаралық және республикалық зияткерлік байқауларда 70-тен астам жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Ертіс орманына найзағай түсіп, өрт шықты
Павлодар облысы аумағындағы қарағайлы орманға 14 жерден жай оты түскен. Өрт сөндіруге 150 адам мен 46 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Мамыр, 2025
Қазақстандық күш иесі Италияда үш әлемдік рекорд орнатты
Сергей Цырульников Италияда өткен әйгілі Lo Show Dei Record телешоуында үш бірдей Гиннес рекордын жаңартып, еліміздің абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 26 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Сала министрлігі өткен аптаға шолу жасады. Қазақ спортшылары 5 спорт түрі бойынша жеңістерге жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді
Бүгін Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға берілді. Пәтер кілттерін жаңа қоныс иелеріне облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Спорт • 19 Мамыр, 2025
Өткен аптадағы спортшылардың жеңістері
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері туралы шолу ақпарат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2025
Астанадағы 109-шы мектепке 109 күн толды
Астана қаласы әкімдігінің №109 орта мектебінде «№109 мектепке – 109 күн» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2025
Ертіс өзенінде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары жасалды
Биологиялық препарат баржалардан суға төгіліп, шыбын-шіркейдің дернәсілдерін жояды. Өңдеу Аққулы ауданынан басталып, ағын бойымен Ертіс ауданына дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адамның денесі табылды
Жетісу облысында бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Ертіс өзенінде суға батып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды
Марқұмның денесі оқиға болған жерден 150 километр қашықтықта табылған. Оны Железин ауылы маңында жергілікті тұрғындар байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Көліктен 300-ден астам киік мүйізі табылған
Заңсыз сауда Жетісу облысы аумағында болған, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Мамыр, 2025
Жетісу облысында тұрғындардың 70 пайыздан астамы газбен қамтылады
2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Спорт • 12 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері
Өткен аптаны шолған деректер топтамасы – сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған ер адам суға ағып кетті
Оқиға 10 мамыр күні Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған. Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған 1989 жылы туған ер адам өзеннің ортасына келгенде суға құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Талдықорғандағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді
Бүгін Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті.
Қылмыс • 03 Мамыр, 2025
Тіс емханасына ұрлыққа түскен адам ұсталды
Полиция қызметкерлері Тараздағы тіс емханаларының біріне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Тексеру кезінде 35 жасар азаматтың бұрын сотты болғаны анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Жетісуда ұзақ өмір сүру орталығы ашылды
Бұл – өңірдегі екінші орталық, алғашқысы былтыр Талдықорғанда іске қосылған. Жаңа нысан «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірге орналасқан. Екі орталыққа ортақ көлік бөлінген. Мұнда зейнеткерлердің белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулықтарын нығайтуына, шығармашылық және спорттық шараларға қатысуына жағдай жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Жетісуда ветеринарлық нысандар тапшылығы жойылады
Жетісуда ветеринария саласы дамып келеді. Облыс құрылғанға дейін 5 қана ветеринарлық пункт болса, бүгінде олардың саны 50-ге жетті (49 ветпункт, 1 ветстанция). Биыл тағы 17 ветпункт пен 3 ветстанция салу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Мүгедектерге нысандарға кедергісіз кіруге жағдай жасалды
Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылға жоспарланған 447 нысаннан асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.