Ет
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Астанада шетелге жұмысқа дайындайтын орталық ашылды
Елордада шетелде еңбек етуге ниетті азаматтарға арналған жаңа көші-қон алдындағы дайындық орталығы ашылды. Бұл бастама қазақстандықтардың шетелде жұмысқа орналасар алдында жақсырақ дайындалуына, қорғалуына және ақпараттандырылуына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 04 Маусым, 2025
Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетонмен қамтылды
Астана мен Алматыда жедел медициналық жәрдем фельдшерлеріне арналған смарт-бейнежетондарды енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Маусым, 2025
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Қазақстанда қызметтік иттердің дайындығы сыналды
Қазақстанның түрлі өңірлерінде қызметтік иттердің төтенше жағдайлар кезіндегі тапсырмаларды орындауға қаншалықты дайын екенін айқындайтын сертификаттау сынақтары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіліп жатыр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметі 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында 182,2 мың рет көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Қазақстан да өз егемендігін жариялаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Содан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселесі тұрды. Еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 33 жыл толды. Рәміздердің мемлекеттік және этникалық бірегейлікті білдіретін түрлі мән-мазмұны бар, деп жазады Egemen.kz.
Жеңіл атлетика • 03 Маусым, 2025
Кристина Овчинникова алтын медаль еншіледі
Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасының мүшесі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде биіктікке секіру бойынша алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 03 Маусым, 2025
Сенатта энергетикалық инфрақұрылым туралы заң таныстырылды
Бүгін Сенатта 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 03 Маусым, 2025
Отандық өндірушілер үшін жаңа бастамалар іске қосылады
Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдау және жергілікті қамтуды арттыруға бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazenergy» қауымдастығының атқарушы директоры Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Маусым, 2025
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқартылды
Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Бұрын конкурс өткізу және жеңімпазды анықтау процесі шамамен екі айға созылса, қазір бұл мерзім едәуір қысқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2025
Мемлекеттік кеңесші «Орталық Азия – Қытай» форумына қатысты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтарының V форумының ашылуына қатысты. Ауқымды шараны ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты мен Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты бірлесіп ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Маусым, 2025
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 03 Маусым, 2025
Бектенов мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындарға ескерту жасады
Премьер-министр бюджет қаржысы мен даму институттарының қаражаты Қазақстан экономикасына жұмыс істеуі керектігін қадап айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 03 Маусым, 2025
Үкіметте бизнестің цифрлық картасын жетілдіру ұсынылды
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов отандық өндірісті қолдау мәселесін көтеріп, жаңа ынталандыру шараларын қарастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Жаздың алғашқы күндерінде екі жасөспірім суға батып кетті
Павлодар және Ақтөбе облыстарында 16 жастағы екі жасөспірім суға батып, қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 02 Маусым, 2025
Жасанды интеллектке рақмет айту дұрыс па
Соңғы жылдары жасанды интеллект (ЖИ) адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Хат жазудан бастап, есеп шығаруға дейін — бәрін жасайтын виртуалды көмекшілерге үйреніп кеттік. ЖИ-мен әңгімелесу, одан көмек сұрау, тіпті оған «рақмет» айту күнделікті қалыпты құбылысқа айналды. Бұл сыпайылық па, әлде байқалмай келе жатқан қауіпті үрдіс пе?
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Қарағандыда 40 жетім бала баспанаға ие болды
Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға көптен күткен баспана берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Маусым, 2025
2000-нан астам сарбаз мемлекеттік грант алды
Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімін абыроймен өткерген сарбаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім гранттары салтанатты жағдайда табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz .
Қоғам • 02 Маусым, 2025
Павлодарда жетім балаларды тасымалдауға жаңа көлік берілді
Облыс әкімі Асайын Байханов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсететін 8 мекемеге шағын автокөліктердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 01 Маусым, 2025
Халықаралық балалар күні мерекесінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Зербұлақ» демалыс кешенінде ауқымды мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Маусым, 2025
Мәдени орта - адамгершілік тәрбиенің негізі
Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру мәдени ортасыз және адамгершілік негізсіз мүмкін емес, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 01 Маусым, 2025
Көкшетауда жаңа демалыс аймағы ашылды
Халықаралық балаларды қорғау күні Көкшетауда ақ түйенің қарны жарылған әдемі оқиға болды. Қала іргесіндегі Қопа көлінің жағалауындағы балалардың дем алуына арналған нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Маусым, 2025
Коммуналдық қызметтердің цифрлық түбіртегімен қай өңірлер қамтылған
Қазақстанда коммуналдық және қосымша тұрғын үй қызметтерін төлеуге арналған Бірыңғай төлем құжатын (БТҚ) енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Жобаны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр, ол коммуналдық төлемдер жүйесіндегі ыңғайлылық пен ашықтықты арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет • 01 Маусым, 2025
2025 жылы балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінді
Қазақстанда балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі дәйекті түрде нығайтылуда. Ол үшін Үкімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы қазақстандық отбасылардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған түрлі қолдау шараларын іске асыруда, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Медицина • 01 Маусым, 2025
Балалар медицинасындағы жаңа стандарттар мен жетістіктер туралы не білеміз?
Қазақстанда өскелең ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз ету және қорғау үшін барлық жағдайлар жасалуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі арқылы балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған – өмірге келген күннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі жүйелі шаралар кешенін жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Балалар • 01 Маусым, 2025
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда
1 маусымда елімізде Балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – жас ұрпаққа сапалы білім алуға тең қолжетімділік беру және оқу үшін қауіпсіз, қолайлы жағдайлар жасау. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы әрбір баланы дамытуға, олардың құқықтарын қорғауға және тұтастай алғанда білім беру жүйесін нығайтуға бағытталған шаралар кешенін іске асырады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күні қандай шаралар өтеді?
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жол жүретін болады. Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға арналған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Инвестиция • 31 Мамыр, 2025
Жылуға салынған инвестиция: Қарағандыда ЖЭО жабдықтары күрделі жөндеуден өткізілуде
Қарағандылық ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те жеті ай ішінде 26 негізгі жабдық жөнделуі тиіс, оның ішінде бес қазандық пен үш турбинаны күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жобалар жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және жабдықтарға жүктемені азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 31 Мамыр, 2025
Өскеменде ерекше балаларға арналған әлеуметтік орталық ашылды
Ерекше балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін «DEMEY» Ресурстық орталығының салтанатты ашылуы болды. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.