
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамытуға басымдық беріліп, кадр даярлауды күшейту, дәрі-дәрмек бағасын төмендету және цифрлық трансформацияны ілгерілету шаралары жүзеге асырылып жатыр.
Әсіресе кадр тапшылығын жоюға ерекше назар аударылып отыр. «Педиатрия» мамандығы қайта енгізіліп, өте тапшы 14 балаларды емдеу мамандығы бойынша резидентура ашылды.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, медициналық білім беруді күшейтіп, науқастарды жеке қабылдауға басымдық беру арқылы мейірбикелік тәжірибе дамытылады. Бұл ретте үздіксіз кәсіби біліктілікті арттыру симуляциялық орталықтары мен қашықтан оқыту платформалары қолданысқа енгізіледі.
2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарының түлектері 11 600 маманды құрады. Олардың үштен екісі өңірлердегі медициналық ұйымдарға жолданған. Жас дәрігерлерді ауылдық жерлерге тарту үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен аса тапшы мамандық бойынша ауылға барған дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көлемінде әлеуметтік төлем бөлінеді.
Бұл қадамдар еліміздегі медициналық кадр тапшылығын жоюға және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.