Энергетика • Кеше

Президент Жолдауы: 1,3 ГВт жаңа электр қуаты іске қосылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын орындау аясында Үкімет отын-энергетика кешенін жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Жолдауы: 1,3 ГВт жаңа электр қуаты іске қосылды

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, негізгі мақсат – елдің экономикалық өсімі мен азаматтардың әл-ауқатына берік негіз болатын сенімді әрі заманауи энергетикалық жүйе қалыптастыру.

«Электр энергетикасы мен жылумен жабдықтаудағы басты міндет — қуат көздерін арттыру және сенімді инфрақұрылым құру үшін жүйелі түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізу», деді министр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, алдағы бес жылда жалпы қуаты 14 ГВт жаңа энергия көздері іске қосылады. Соның ішінде соңғы екі жылда 1,3 ГВт қуат пайдалануға берілді.

Биыл тағы 622 МВт қосу жоспарланса, 2026 жылға қарай шамамен 2 700 МВт іске қосылады.

Қазір Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын электр стансасы салынып жатыр. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында 240 МВт жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды.