Ақ
Балалар • 01 Маусым, 2025
«Ақорда» резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 01 Маусым, 2025
«Ұлттық қор – балаларға»: 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды
Медициналық және әлеуметтік қолдау жүйесін толықтыра отырып, мемлекет болашақ ұрпақ үшін қаржылық тұрақтылықтың ұзақмерзімді тетіктерін енгізуде. Мұндай тетік 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы болды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шаруашылық • 31 Мамыр, 2025
Су ресурстары ұлттық ақпараттық жүйесінің төрт модулі пилоттық режимде іске қосылды
Қоғам • 31 Мамыр, 2025
Ақмола облысында 1000-нан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Ақмола облысында 1037 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Табиғат • 30 Мамыр, 2025
Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа 25 рет түскен
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары жануарларды зерттеу үшін фототұзақтар орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Мамыр, 2025
Қазақстанда аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 31 мамыр мен 2 маусым аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Астана форумында зияткерлік меншіктің болашағы талқыланды
Астана халықаралық форумының аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік» тақырыбында панельдік сессия өтті. Жиын барысында жетекші сарапшылар, саясаткерлер және цифрлық экономиканың өкілдері цифрлық трансформация дәуіріндегі зияткерлік меншікті қорғау мен реттеудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келді
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2025
Қазақстанда әйелдер қылмысы көбейген
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында әйелдер жасаған 3 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді – бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға көп. Бұл деректерді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Италия бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 30 Мамыр, 2025
Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашылады
Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қытай мен Орталық Азия арасындағы мемлекеттік басқару және гуманитарлық байланыстар жөніндегі симпозиумда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 30 Мамыр, 2025
«Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы әзірленіп жатыр
Елімізде әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіретін «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы жасақталуда, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Ақордада Джорджа Мелониді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Жүргізушілер "Жайсаң" өткізу бекетіндегі кептелісті азайтуды сұрайды
Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысында Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу бекетінде енгізілген «CarGoRuqsat» электронды кезегінің тиімділігі туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Мамыр, 2025
Атақты италиялық жазушы Карло Коллодидің аңызға айналған «Пиноккио» ертегісі қазақ тіліне аударылады. Кішкентай оқырманға арналған классикалық шығарманы тәржімалауды Алматыдағы Италия мәдениет институты қолға алмақ, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда әскери-теңіз күштеріне тиесілі патрульдік ұшақ апатқа ұшырап, төрт экипаж мүшесі мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Алматы облысындағы жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматы облысында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам көз жұмды, алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай 29 мамыр күні Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 32-шақырымында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Қазақстан мен БАӘ тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтады
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазуриді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Ақтау теңіз портының басшысы ұсталды
Ақтауда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биылғы жыл басынан бері 4 427 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған, қандастардың 45,8% – Қытайдан, 40,9% – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,3% – Ресейден және 2,6% – басқа елдерден келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Мамыр, 2025
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы стипендия жеңімпаздарының тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Мамыр, 2025
Үш миллион қазақстандық жинақтарын Отбасы банкке сеніп тапсырған
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Отбасы банкте үш миллионыншы депозит ашылды. Оның иесі Жанат Құлбаева Шымкентте тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 29 Мамыр, 2025
Қызылордада көпсалалы спорт кешені салынады
Қызылорда қаласында көпфункционалды «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл нысан өңірдегі спорттық және мәдени инфрақұрылымды дамытуға серпін береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Мамыр, 2025
COVID-19 вирусының таралуы күрт азайды – министрлік
Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Тоқаев жаһандық сын-қатерді жалғыз еңсеру мүмкін еместігін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында қатысушыларды мазмұнды диалог орнатуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Мамыр, 2025
Илон Маск Трамп әкімшілігінен кететінін мәлімдеді
Миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының басшысы әрі АҚШ үкіметінің тиімділік департаментін (DOGE) басқарып келген Илон Маск өзінің мемлекеттік қызметтегі өкілеттігінің аяқталғанын мәлімдеп, Дональд Трампқа алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 29 Мамыр, 2025
Ақтөбе облысында екі бала терезеден құлап кетті
Облыстық полиция департаменті соңғы тәулікте Ақтөбе облысында үш және бес жастағы балалардың көп қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кеткенін хабарлайды. Оқиға 27 мамыр күні болған. Біреуі облыс орталығында, екіншісі Алға қаласында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 28 Мамыр, 2025
«Қиял әлемі» көзден ғайып болды
Шымкентте ширек ғасырдан астам халыққа қызмет көрсеткен аттракциондар паркі «Қиял әлемі» саябағы қызметің біржолата тоқтатты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.