Нис
Әскер • 04 Тамыз, 2025
Жоғалған тікұшақты іздеу жұмысы 11 тәуліктен бері жалғасып жатыр – Қорғаныс министрлігі
11 тәулік бойы жалғасып жатқан тікұшақты іздестіру-құтқару операциясына 330-дан астам жеке құрам, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық топтар жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Тамыз, 2025
Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды
Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Тамыз, 2025
Қазақстандық екі төреші үстел теннисінен халықаралық іріктеуге қатысады
Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) төрешілер комитетінің хабарлауынша жас төрешілерге арналған жаңа жоба басталды. Үміткерлер – Сенегалдың Дакар қаласында жасөспірімдер арасында 2026 жылы өтетін Олимпиада ойындарына төреші ретінде қатысуға іріктеледі, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 04 Тамыз, 2025
Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғанын растады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Тамыз, 2025
Қорғаныс министрлігінің әскери колледждеріне құжат қабылдау басталды
Қорғаныс министрлігінің қарамағына кіретін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылатын бес колледжге құжат қабылдау жүріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Теннис • 01 Тамыз, 2025
Рыбакина Монреальдағы турнирдің төртінші кезеңіне өтті
Еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында тұсауы кесілген WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 01 Тамыз, 2025
Алматыда теннисшілердің турнирі өтеді
4-9 тамыз аралығында Алматыда теннистен «Roland Garros Juniors» турнирінің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Шілде, 2025
Алматыда жас теннисшілерге арналған халықаралық іріктеу турнирі өтеді
4–9 тамыз күндері Алматы қаласында екінші рет Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia турнирінің іріктеу кезеңі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Премьер-министр Түркістан облысындағы су саласының негізгі нысандарын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған аймаққа жұмыс сапары барысында су қоймаларының жай-күйімен, гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен және еліміздің оңтүстік өңірлерін тұрақты сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Шілде, 2025
Елімізде этносаралық қатынастар тұрақты
Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 95%-дан астам респондент елдегі этносаралық қатынастарды тұрақты әрі қолайлы деп сипаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Шілде, 2025
Жоғалған экипажды табу үшін бар күшімізді саламыз - Қорғаныс министрі
ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Іздестіру операциясы Сорбұлақ көлінде жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Шілде, 2025
Қытайда «Хан Тәңірі» инновациялық хабы ашылды
Zhangjiang ғылыми-технологиялық паркінде, Азияның «Кремний алқабында» Орталық Еуразия елдерінің технологиялық мүмкіндіктерін Қытайдың ірі экожүйесімен байланыстыруды мақсат еткен алғашқы кәсіби алаң – Khan Tengri Innovation Hub («Хан Тәңірі» инновациялық хабы) өз жұмысын ресми түрде бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 28 Шілде, 2025
2025-2026 оқу жылы қашан басталады?
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған оқудың басталу және аяқталу уақытын, сондай-ақ мектеп оқушыларына арналған демалыс күндерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Шілде, 2025
Сорбұлақ аумағында жоғалған тікұшақты іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр
25 шілдеде жоспарлы ұшып өту кезінде жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағында болған адамдардың орнын анықтау мақсатында Сорбұлақ су қоймасы ауданында ауқымды іздестіру-құтқару операциясы тәулік бойы және күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Шілде, 2025
Астанада теннистен Президент кубогы өтеді
Астана қаласында теннистен Президент кубогы аясында 27 шілде мен 16 тамыз аралығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 26 Шілде, 2025
Рыбакина Вашингтондағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 25 Шілде, 2025
Медициналық қызмет тарифтерінің өсуі емделу құнына әсер етпейді - министрлік
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында халық үшін емдеу құны өседі деген мазмұндағы жаңалықтарға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Шілде, 2025
Ұлттық құрама үстел теннисінен үш медаль еншіледі
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі өтіп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, кезекті жарыс күнінде ұлттық құрама үш жүлде иеленді. Медальдардың үшеуі де – қола, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Алматыдағы атаусыз көшелердің біріне Денис Теннің есімі беріледі
Алматы қаласының жеті ауданындағы 156 атаусыз көшеге жаңа атау берілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Суды ортақ пайдаланудың ережелері бекітілді
Жаңа Су кодексіне сәйкес, азаматтардың су нысандарына кіруін шектеуге жеке және заңды тұлғалардың құқығы жоқ. Егер заңда көрсетілмесе, қоршаулар, күзет немесе өзге де шектеулер қоюға тыйым салынады. Аталған норманың сақталуы үшін сала министрлігі азаматтардың елдің су нысандарына қолжетімділігін реттейтін суды ортақ пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
Алматылық дәрігер Сингапурдан келген альпинисті құтқарып қалды
Сонау Сингапурдан келген турист қыз Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Сәтпаев шыңына көтерілген кезде зақым алғаны туралы Алматы қалалық құтқару қызметінің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Шілде, 2025
Министр еліміздегі музейлер туралы айтты
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «AIQYN» басылымына сұхбат берді. Мәдени саладағы өзгерістер мен жетістіктер қамтылған сұхбат барысында «Музейлердің жай-күйі қалай?» деген сұрақ қойылып, сала басшысы тұщымды жауабын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Шілде, 2025
Қазақстандықтар жеті айда 2 трлн теңгеден астам зейнетақы алған
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 98,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 419,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Министр лауазымды қызметке тағайындалды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) директорлар үйлестіру комитетінің құрамына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Алматыда үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу өтті
Алматыдағы «ADD Ustel Tennis Ortalygy» спорт кешенінде 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
245,5 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2025 жылдың 1 шілдесіндегі деректерге сәйкес, еліміздегі 45,7 мың отбасындағы 245,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) берілді. Бұл мақсатқа 16,2 миллиард теңге бөлінген. Жалпы алғанда, 2025 жылы АӘК төлемдеріне республикалық бюджеттен 10,7 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
Бақытбек Сыдықов лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 14 Шілде, 2025
Медициналық қызмет сапасына бақылау күшейтіледі
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа заң қабылданып, денсаулық сақтау саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктері айтарлықтай күшейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Шілде, 2025
Қазақстан теннисшісі жарысты жеңіспен бастады
Отандасымыз Тимофей Скатов (әлемнің 209-ракеткасы) Бостад (Швеция) АТР 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.