Отандасымыз жұптық сайыста да тамаша өнер көрсетіп жүр. Ширек финалға жолдама алу үшін Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге германиялық Лаура Зигемунд пен америкалық София Кенин жұбына қарсы ойнап, 6:2, 7:5 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, Данилина мен Крунич 1/4 финалда америкалық Николь Меличар-Мартинес пен ресейлік Людмила Самсоновамен кездесіп, финалға жолдама үшін бақ сынайды.