
Бұл жарыста 19 жасқа дейінгі ойыншылар бақ сынап жатыр.
Солардың қатарында жастардың әлемдік рейтингінде жоғары сатыларға жайғасқан Ким Гаон (Оңтүстік Корея, №3), Ли Сынсу (Оңтүстік Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайпей, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15) және басқа танымал спортшылар бар.
Аспанасты елінде Қазақ елі намысын Алан Құрманғалиев қорғайды. Рейтингте 9 орында тұрған қандасымыз Тайпей, Сингапур және Гонконгтың өкілдерімен бір топта өнер көрсетеді.