Ар
Қаржы • 18 Сәуір, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
18 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Сәуір, 2026
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Алматы тұрғыны хайуанаттар бағында тәртіп бұзып, арыстанның қоршауына тасқа ұқсас зат лақтырғаны үшін жауапқа тартылды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Шығыс Қазақстан облысында жалпы құны 450 миллион теңгені құрайтын үш экопарк салынады. Жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
2026 жылдың жаз маусымында жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады. Енді ел азаматтарының Грузия мен Моңғолия елдеріне қатынауы одан әрі жеңілдей түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Сәуір, 2026
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Астанада топырақтағы органикалық көміртекті өлшеу мен бақылау тетіктері талқыланды. Сарапшылар жердің тозуын тежеу, көміртек жобаларын дамыту, халықаралық климаттық міндеттемелерді іске асыру бағытындағы ұсыныстарды ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Сәуір, 2026
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Саясат • 17 Сәуір, 2026
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Алдағы аптада елімізде жоғары деңгейдегі дипломатиялық келіссөздер мен өңірлік маңызы бар халықаралық форумдар ұйымдастырылады. Саяси серіктестікті нығайту, экологиялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 17 Сәуір, 2026
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Елімізде еңбек нарығындағы әлсіз топтарға қолдау көрсету тетіктері жаңартылып жатыр. Енді негізгі күш-жігер жұмыс табуы қиын азаматтарды нақты сүйемелдеуге бағытталады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2026
Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп сирек жер металдарын игереді
Қазақстанның Парламент Сенаты Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Сәуір, 2026
Жыл соңына қарай инфляция 10%-ға дейін төмендейді
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер мен экономикалық саясаттың жаңа бағыттары халықаралық рейтингтік агенттіктер назарында тұр. Вашингтонда өткен кездесуде елдің институционалдық дамуы, инфляцияны тежеу және тұрақты өсім мәселелері жан-жақты қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 17 Сәуір, 2026
Қазақстанда инсульттен болатын өлім-жітім 4%-ға төмендеді
Қазақстанда инсульттің алдын алу және емдеу жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар нәтижесін беріп отыр. 2026 жылдың алғашқы екі айында қанайналым жүйесі ауруларынан болатын жалпы өлім-жітім 16,3%-ға төмендеді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 17 Сәуір, 2026
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Елімізде базарлардағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тауар өткізу тізбектерін ашық қалыптастыру бағытындағы жұмыс күшейтілді. Бұл ретте өнімсіз делдалдарды қысқарту, көлеңкелі айналымды азайту және әділ бәсекелестікті орнықтыру негізгі басымдыққа айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 17 Сәуір, 2026
Астана, Алматы қалаларының ақша айырбастау орындарындағы доллар, еуро, рубль және юань бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Солтүстік Қазақстан облысындағы Шекара қызметі мен облыстың Төтенше жағдайлар қызметі өзара іс-қимыл жоспары аясында бірлескен өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Семей қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары дер кезінде әрекет етіп, жазатайым жағдайдың алдын алды. Ашық терезе алдында қараусыз қалған бүлдіршіннің өміріне төнген қауіптің беті қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2026
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
UFC-де күш сынасып жүрген Бекзат Алмахан өзінің келесі жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде Жан Мацумотоға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
«Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігіне партия құру ниеті туралы хабарлама ұсынып, оның қабылданғанын растайтын құжат алды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 16 Сәуір, 2026
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясы өтті. Жиынға әлемнің 155 елінен делегаттар қатысып, «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбын талқылады. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 16 Сәуір, 2026
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес түрлерінен Бішкекте өткен Азия чемпионаты мәреге жетті. Биыл күзде Жапонияда алауы тұтанатын жазғы Азия ойындары мен Бахрейнде жалауы желбірейтін әлем чемпионатына тыңғылықты даярланып жатқан Қазақстанның ұлттық командасы Қырғызстанға қосалқы құрамдағы балуандарын жіберді. Бірақ ізбассарлар бұл «майданға» дайын болмай шықты. Күрестің үш түрі бойынша 30 жерлесіміз күш сынасқанымен, солардың жетуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді. Қалған спортшымыз елге еңселері түсіп оралды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 16 Сәуір, 2026
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Шығыс Қазақстанда ұстаздардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында ұйымдастырылған бұл бастама білім беру саласы қызметкерлерінің алаяқтыққа қарсы иммунитетін күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Сәуір, 2026
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және жылыту маусымына дайындық аясында 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Шымкент қаласында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында «Coca-Cola» компаниясының контрафактілік өнімдері анықталды. Бұл туралы қалалық Әділет департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Құпия орында бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?
Баспана мәселесі – еліміздегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында жеңілдетілген бағдарламалар іске қосылып жатыр. Ипотекалық бағдарламалар саны көбейгенімен, олардың әрқайсының өзіндік ерекшелігі бар. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген несиелердің қайсы тиімді екенін Egemen.kz тілшісіне тұрғын үй сарапшысы, «Квартал» жылжымайтын мүліктер агенттігінің директоры Анна Таянович айтып берді.
Спорт • 16 Сәуір, 2026
Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары аяқталып, жартылай финалға жолдама алған төрт клуб анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 16 Сәуір, 2026
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-ресурстар арқылы жалған сақтандыру қызметтерін ұсыну фактілерінің көбейгенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.