и
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек беріледі: Қорғаныс министрлігі төлем ережесін өзгертті
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілеріге ақшалай үлес, жәрдемақылар және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер енгізді. Енді әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Қостанай облысының Жітіқара қаласында отбасылық жанжал қайғылы оқиғаға ұласып, 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 28 Сәуір, 2026
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Қазақстанда деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту және жаңа буын есептеу қуаттарын енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин бұл бағыттағы негізгі жобалар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша төленетін ай сайынғы стипендия көлемін 10-15%-ға арттыру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарма төрағасының орынбасары Абай Рахмет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Алматы полициясы Ганди саябағында болған отшашуға қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Куәгерлердің айтуынша, пиротехника салынған қорап аударылып қалып, снарядтар жан-жаққа, соның ішінде адамдарға қарай ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 28 Сәуір, 2026
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Қазақстанда геология саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мұрағаттық геологиялық деректерді электрондық форматқа көшіру қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2026
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Жыл сайын 28 сәуірде Жедел медициналық жәрдем қызметі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке – адам өмірін арашалау үшін тәулік бойы тынымсыз еңбек ететін мамандардың еңбегін айшықтайтын күн, деп жазады Egemen.kz.
Инновация • 28 Сәуір, 2026
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Елімізде мобильді байланыс сапасын арттыру үшін операторларға жасанды интелект енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 28 Сәуір, 2026
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Елімізде бизнес ашу процесін жеңілдетуге арналған жасанды интеллект негізіндегі жаңа AI-көмекші әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Сәуір, 2026
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Сәуір, 2026
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
АҚШ-та президентке қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталған азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2026
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Қазақстанда инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесі бірқатар өңірде өлім-жітім көрсеткішін 40%-ға азайтуға септігін тигізді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 28 Сәуір, 2026
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Энергетика министрлігі Германияға экспортталатын 260 мың тонна мұнайды тасымалдау бағыттарын жоспарлы түрде қайта бөлетінін мәлімдеді. Бұл шешім «Дружба» мұнай құбыры арқылы транзиттің уақытша тоқтауына байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 28 Сәуір, 2026
Перизат Қайраттың қоры арқылы пәтер үлестірмек болған кәсіпкерге қатысты тергеу жүріп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Сәуір, 2026
Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Астанадағы Орталық саябақта болған оқыс оқиға кезінде аттракцион кабинасы үзіліп, ішінде отырған балалармен бірге жерге құлаған. Қаладағы демалыс орнының басшылығы оқиғаның себебі сирек кездесетін техникалық ақау екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 27 Сәуір, 2026
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Алматы облысында соғыс ардагерлерінің есімін мәңгілікке қалдыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Өңірде көшелерге батырлардың атын беру, тарихи әділдікті қалпына келтіру ісі жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Сәуір, 2026
Өтініш қабылдау аяқталды: Негізгі ҰБТ мамыр айында басталады
2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау науқаны мәресіне жетті. Тестілеу 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады, ал талапкерлерге оны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі берілген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
27 сәуірде KAZ Minerals тобына қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға тіркеліп, бір қызметкер көз жұмды. Тағы бір жұмысшы зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 27 Сәуір, 2026
Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Астана қаласындағы №99 орта мектепте заманауи технологиялармен жабдықталған, оқу процесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған инновациялық білім беру кеңістігі ашылды. TopIQ Smart Class пилоттық жобасы қала әкімдігінің бастамасымен енгізіліп отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Сәуір, 2026
Президент бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Израильдің сан қырлы байланыстары ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Алматы қаласында жүргізілген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушысының бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталып, сот үкімімен жаза тағайындалды. Қаржылық заңбұзушылықтың нақты схемасын қалалық прокуратура әшкереді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 27 Сәуір, 2026
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған елордалық оқушылар зор жетістікке жетті. Олар екі бірдей басты марапатты иеленіп, ел мерейін асқақтатты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогпен еліміздің төрінде жүздескеніне қуанышты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ипотека • 27 Сәуір, 2026
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотека беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Ең басты жаңалық – ипотекалық несиелер бойынша екі түрлі шекті мөлшерлеме белгіленеді: 20% және 25%, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Сәуір, 2026
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының жаңа маусымына арналған ресми таныстырылым өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Сәуір, 2026
«Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды
2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Энтони Муннды Бас хатшы қызметіне бекітті. Ол бұл лауазымды 2030 жылғы 12 шілдеге дейін атқаратын болады. Жаңа бас хатшы өз міндеттерін 2026 жылғы 13 шілдеде бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 27 Сәуір, 2026
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Қазақстанда тауық жұмыртқасын шетелден әкелуге алты айға уақытша тыйым салынды. Бұл шешім отандық құс фабрикаларын қолдау мақсатында қабылданып, 21 сәуірден бастап күшіне енді. Тиісті бұйрық Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған. Шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен қатар, басқа мемлекеттерден келетін импортқа да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Сәуір, 2026
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз болады. Енді абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуге міндеттеледі. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.