Ем
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Алматының 212 тұрғынын кене шақты
Көктем мезгілі басталғалы бері Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында екі мыңға жуық адам өтемақы алды
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 1 966 адамға мемлекеттен жалпы сомасы 638,8 миллион теңгеге жуық әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының үздік үштігін түйіндеді
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қыз-жігіттері Түрікменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Жүргізуші куәлігін алу үшін автомектептерде оқу міндеттелді
Бүгіннен бастап елдің мамандандырылған орталықтарында автомобильдерді тіркеу кезінде нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шарттарын ұсыну қажет болады. Сонымен бірге мәміленің жазбаша нысаны туралы талап жойылады, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
Семейде ультра заманауи спорт кешені салынады
Семейде «Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынады. Соңғы эскиз бекітілді. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалар рәсімделіп жатыр, құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталады. Құрылысты 2026 жылдың ақпан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Қазақ боксшысы үш дүркін Азия чемпионын жеңді
Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен бокстан Дүйсенқұл Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Былтыр 50 жастан асқан аналар 96 баланы дүниеге әкелген
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы Қазақстандағы туу көрсеткіші туралы деректерді жариялады. Былтыр елімізде 388 428 бала дүниеге келген. Оның ішінде 51,6% – ұлдар, 48,4% – қыздар, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 22 Сәуір, 2024
Шымкентте дін қызметкерлеріне арналған тренинг өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлар мен тренингтер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 22 Сәуір, 2024
Түркістан облысында дін мәселелері бойынша оқыту семинарлары өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Түркістан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Сәуір, 2024
Түркиядағы әлем кубогінде Қазақстан командасы чемпион атанды
Қазіргі бессайыстан ел спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Қазақстанда көріпкелдердің қызметі заңды түрде реттелген бе?
Қазақстанда көріпкел, бақсы, астрологтардың қызметі заңды түрде реттелген бе? Олардың болжамына сенетін адамдардың кесірінен кісі өлімі тіркелсе, денсаулыққа зақым келсе жауапкершілікке кім тартылады? Бұл сауалдарға Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2024
Темірхан Дайырбек Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Бүгін Қазақстан пара спортшысы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды. Азия чемпионаты сәуірдің 18-21 күндері Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2024
Қоржынға Париж Олимпиадасының 43-інші жолдамасы түсті
Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Сәуір, 2024
Қазақстан-Испания ынтымақтастығы инновациялық зерттеулерді ынталандыруға ықпал етеді
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан және Испания елшіліктерінің қолдауымен екі елдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан-Испания – Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық» халықаралық семинары өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Сәуір, 2024
Өскеменде 94 млн теңге ұрлаған екі күдікті ұсталды
Өскеменде белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып, 94 млн теңге ұрлап кеткен. Бұл туралы жәбірленушілер 5 сәуір күні қалалық полиция қызметкерлеріне хабарлаған, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ANTIKOR • 19 Сәуір, 2024
75 млн теңге сұраған. «Алматы Су» бас директорының орынбасары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Алматы Су» бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысын ұстады. Олар ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Сәуір, 2024
Иранның Исфахан қаласындағы әуежай маңында жарылыс болды. Бұл туралы ирандық БАҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
БҚО-да тасқыннан зардап шеккендер жәрдемақы алып жатыр
Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына байланысты күрделі де қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында қауіпті деңгейге жақындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Биыл 8 мамыр демалыс күні болып белгіленді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 17 сәуірдегі «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2024
Болат Өтемұратов Ақтөбе облысының тұрғындарына 10 млрд теңге бөлді
Болат Өтемұратов қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына кезекті 10 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға апта соңына дейін өтемақы төленеді
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленген екен. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы аптаның соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 17 Сәуір, 2024
Қазақстандағы ең жемқор өңір аталды
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны өсті. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы мұндай фактілер ең аз тіркелген өңірлердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Сәуір, 2024
Бас сүйегі жарылып, миы шайқалған. Үстіне ағаш құлаған алматылық өтемақы ала алмай отыр
Өткен жылы Алматы қаласының тұрғыны Айдын Боранбаевтың үстіне қарағаш құлап түскен. Сол сәтте ол өз велосипедін тұраққа қойып тұрған еді. Ақыры ауыр дене жарақаттарын алған ер адам жұмысын жалғастыра алмай, қызметтен кетуге мәжбүр болған. Келеңсіз оқиғадан бері 9 ай өтті, ал кінәлілер әлі табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Сәуір, 2024
UFC рейтингі. Шавкат Рахмонов нешінші орында?
Ultimate Fighting Championship (UFC) әр салмақ дәрежесі бойынша көрсеткіштерді жаңартты. Рейтингтің жаңартылған нұсқасында отандасымыз Шавкат Рахмонов өз орнын сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz,
Төтенше жағдай • 17 Сәуір, 2024
АШМ малынан айырылған шаруалардың өтемақыны қалай алатынын түсіндірді
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин су тасқыны салдарынан малынан айырылған шаруалардың өтемақыны қалай алатынын түсіндірді, деп хабарлады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады
Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылған. Бүгінгі күнге дейін 62 мектептің 37-сі іске қосылып, оқушылардың пайдалануына берілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге елдің түкпір-түкпірінен көмек легі толассыз жеткізіліп жатыр. Гуманитарлық көмектен өзге, ауыр техникалардың қажеттілігі де арта түсті. Осыған орай Қонаев және Алматы қалаларындағы станциялардан Батыс Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін арнайы және инженерлік техникалар тізбегі жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Сәуір, 2024
Қазақстанда күн райы 30 градусқа дейін жылиды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, 16-18 сәуір аралығында Қазақстанда күн райы 30 градусқа дейін жылиды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Сәуір, 2024
Тасқынның келесі толқынына дайындық: Премьер-министр Оралға барды
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру мақсатында Орал қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.