Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Түркістанда 3 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
Түркістан облысының Ақниет ауылында 3 жастағы бала жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан дала дәретханасына құлап кеткен. Оқиғаны байқаған жақындары бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Наурыз, 2026
Бірқатар өңірде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді
«Қазгидромет» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 11 наурыз күні бірқатар өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Наурыз, 2026
Михаил Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер тізіміне енді
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) өз қарамағындағы спорт түрлерінен жыл үздіктерін анықтауды жалғастырып жатыр. Кезек мәнерлеп сырғанауға жетті. Алдағы 8 күн ішінде жанкүйерлер «Үздік костюм», «Үздік жарқын бағдарлама», «Үздік хореограф», «Үздік бапкер» номинациясындағы үміткерлерге дауыс бере алады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Ұлытауда Жалпыұлттық коалиция мүшелері шахтерлермен жаңа Конституция жобасын талқылады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Ұлытау облысына сапары аясында Сәтбаев қаласындағы «Анненская» шахтасының жұмысшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Наурыз, 2026
Құрылыс кодексі: Жаңа құжатқа қандай қағидаттар енгізіледі?
Саланы жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тұрғын үй саясатын реформалау, құрылыс көлемін арттыру және саланы цифрландыру бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады. Министрдің айтуынша, 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі рекордтық деңгейге жеткен, ал алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Наурыз, 2026
Атыраудағы отбасының қазасы: Қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін
Атырауда жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Наурыз, 2026
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыста жүрген ел азаматтарына маңызды ескерту жариялады
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Таяу Шығыстағы қақтығыстардың толастамауына байланысты ел азаматтарына өңірге барудан бас тартуды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Шымкентте жер иесі мемлекеттен 83 млн теңге өтемақы өндіріп алды
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тұрғынның жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты өтемақы төлеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Референдум кезінде 54 елде сайлау учаскесі жұмыс істейді
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 10 Наурыз, 2026
Александра Сикумбаева: Қаңтар оқиғасы біз үшін үлкен сабақ болды
Нәзік жандылардың ерлермен қатар ауыр жұмысты еңсере берерін білеміз. Кешегі Әлия мен Мәншүктер қолға қару алып, жауды қалай жайратты. Солардың сынығы сынды арулар бүгін де ортамызда жүр. Полицияның іс-қағаздарымен емес, арнайы жасағында от пен су кешіп жүрген Александра Сикумбаевамен әңгімелестік.
Саясат • 10 Наурыз, 2026
СІМ ресми өкілі: Таяу Шығыста зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ
Сыртқы істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдардың, резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 8 585 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Қостанайда төленбеген 102 айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Қостанай облысының Қарабалық кентіндегі «Рубеж» бақылау бекетінде патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік тіркеудегі Lada Granta автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 10 Наурыз, 2026
Ольга Қалдыбаева: Конституциялық реформа – уақыт талабына сай жасалған қадам
Мемлекеттің Ата заңына өзгерістер енгізу мәселесі әрқашан кең қоғамдық қызығушылық тудырады. Себебі ол мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаттарына әсер етеді. Алайда конституциялық реформалар ешқашан кездейсоқ пайда болмайды. Олар тек қоғам институционалды жаңартуды қажет ететін трансформацияға мұқтаж болған кезде орын алады. Қазақстандағы конституциялық реформа бойынша алдағы референдумды осы тұрғыда қарастыруға болады.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Мәйіт донорлығына келісім бергендер саны 3 есе артты
Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 10 Наурыз, 2026
Министрлік: Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр
Денсаулық сақтау министрлігі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде қызылша жұқтырғандар саны өскенін хабарлады. Министрлік мәліметінше, ауруды жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмағандар екен, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Наурыз, 2026
Құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызмет цифрландырылды
Қазақстанда құрылыс саласындағы 54 мемлекеттік қызметтің барлығы цифрландырылып, онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Наурыз, 2026
Ұландықтар «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті
Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің Ерлер хоры Мәскеу қаласында танымал тележүргізуші Андрей Малахов жүргізетін «Россия-1» телеарнасындағы кешкі музыкалық «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 10 Наурыз, 2026
Елімізде 58 мыңнан астам әйел дәрігер еңбек етеді
Басқа-басқа медицинаға қыз-келіншектердің қосып отырған үлес салмағы басым. Дәрігер болу, адам жанына үңілу – болмысынан нәзік, қай іске болсын мұқият, асқан ыждағатпен қарайтын арулардың табиғатына жарасады да. Әйелдердің осындай қасиетінен болар, бүгінде саладағы қызметкерлердің 70%-ын нәзік жандар құрайды екен.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
«Kazkat» зауытының қызметкерлері конституциялық реформаны қолдады
Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында «Әділ әрі прогрессивті Қазақстан үшін Халықтық Конституция» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жезқазғандағы «Kazkat» зауытының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдары мен 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 10 Наурыз, 2026
1 шілдеден бастап электросамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстандағы жалға берілетін электросамокаттарға бірегей мемлекеттік нөмір беріледі. Бұл шешім Ішкі істер министрлігінің жаңа ережелері аясында қабылданды, мақсат – электросамокаттарды есепке алу жүйесін реттеу және жолдағы қауіпсіздікті арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді
Жезқазғандағы С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында «Әділ және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері облыс тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Наурыз, 2026
Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі
Аталған 2 қала бойынша 32 егжей-тегжейлі 32 жоспарлау жобасы әзірленіп отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Үкімет отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен қанша азамат елге қайтарылды?
Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Наурыз, 2026
Ақтүтек боран: Полиция жүргізушілерге алыс жолға шықпауды ескертті
Қарағанды облысында ақтүтек боран басталды. Салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше автожолда барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Наурыз, 2026
Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды
Астанада құрылыс нысандарының барысы жасанды интеллект (ЖИ) және компьютерлік көру технологиялары арқылы бақылауға алына бастады. Бұл туралы сала министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Вьетнамда жоғалған қазақ қызы аман-есен табылды
Вьетнамда түсініксіз жағдайда жоғалған 26 жастағы отандасымыз Әсем аман-есен табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Наурыз, 2026
Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 40% акциясын сатып алмақшы
Швейцарияның ірі тау-кен және шикізат трейдері Glencore қазақстандық кәсіпкер, Integra Construction KZ құрылыс тобының иесі Шахмұрат Мүтәліптің Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының 40%-дық үлесін сатып алу туралы ұсынысын қолдады, деп жазады Egemen.kz.