у
Ауа райы • 03 Ақпан, 2026
Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді
Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар жолдарда барлық көлік түріне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2026
Батыс Қазақстан облысы активі жаңа Конституция жобасын қолдады
Орал қаласында облыс басшысы Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Ақтөбеде сурдофутзалдан Қазақстан чемпионаты өтті
Ақтөбе қаласында жақында пайдалануға берілген «Қуат» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдофутзалдан ел чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің 15 өңірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Бір аптаға жуық созылған командалық кездесулерде Қарағанды облысының сурдо футболшылары чемпион атанса, Жетісу мен Қостанай облысының спортшылары күміс және қола медальдар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан чемпионаты: Бірінші лигада кімдер ойнайды?
Биылғы маусымда футболдан Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасына қатысатын барлық команда анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 02 Ақпан, 2026
«Қайрат» футболшылары грант иегері атанды
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының ойыншыларына грант табыстады, деп жазады Egemen.kz
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Алматы облысында еліміздің жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті. Өңір активі жаңа Ата заң қабылданған жағдайда биліктің халық алдындағы жауапкершілігі күшейіп, елдің саяси жүйесі толық жаңаратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Ақпан, 2026
Тұман, көктайғақ, бұрқасын; Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті. Қазақстанның бірқатар өңірінде аяз қайта күшіне мініп, бұрқасын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Ақпан, 2026
Енді курсанттарды әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы жүргізіледі
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап еліміздегі 18-24 жас аралығындағы ер азаматтар әскери оқу орындарына өтініштерін eGov.kz порталында онлайн режимде қалдыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Қазақстанның саяси партиялары Жаңа Конституцияның жобасын талқылады
Қазақстан саяси партиялары Мемлекет басшысының бастамасымен Конституциялық комиссия әзірлеген Конституциясының жаңа жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Семейде Жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды
Жаңа Конституция жобасы жарияланғаннан кейін елімізде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың артқаны байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 02 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Үнзила Шапақ: Адам құқықтары – жаңа Конституцияның өзегі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес келеді және демократиялық әрі құқықтық мемлекеттің орнықты дамуына берік негіз қалайды. Бұл туралы Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Жанарбек Әшімжанов: Халық Кеңесі мемлекеттік шешімдерге нақты ықпал ететін тиімді механизм
Мәжілісте өткен «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында депутат Жанарбек Әшімжанов Халық Кеңесі Конституциялық реформалардың ең маңызды институттарының бірі екенін және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясының фракциясы елдегі конституциялық реформаны қолдады
Бүгін Қазақстан Халық партиясы депутаттық фракциясының отырысында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Жиын барысында депутаттар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен елдің саяси-құқықтық дамуына ықпалы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Ақпан, 2026
Атырауда студентті жазалаған мұғалім жауапкершілікке тартылды
Атырауда колледж студентін физикалық тұрғыда жазалаған ұстаз тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен ондағы ұсынылған түрлі жобалардың елді дамытуға деген мүмкіндігі барысын саралады. Сондай-ақ, саяси жүйенің қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымағы мен жаңартудағы маңызды кезеңдерді қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады
Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында Конституцияның жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?
Қаржылық тұрақтылық пен отбасының болашағын ойлаған адам үшін өмірді сақтандыру маңызды. Мамандар полис таңдауда ең алдымен оның қандай мақсатқа қажет екенін айқындап алуға кеңес береді: жинақтау ма, инвестиция ма, әлде күтпеген жағдайдан қорғау ма? Яғни, нарықта ұсынылатын өнімдер көп, шарттары әртүрлі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2026
Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Кендірлі туристік аймағын дамыту жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2026
Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жергілікті асфальтбетон төселді
Маңғыстаудағы ірі жол-құрылыс жобалары жергілікті өніммен қамтамасыз етіліп келеді. «КаспийТасЖол» зауыты өндірген асфальтбетон Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жаңартуға жұмсалды. Осылайша әуеайлақ жабындары халықаралық талаптарға сай қайта төселді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Алаяқтардың құрығынан қорғау: 10 халықаралық call-орталық жойылды
Бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында 2025 жылдан бері интернет-алаяқтыққа қарсы жүргізіліп жатқан ауқымды шаралар туралы мәлімет ұсынды. Оның айтуынша, ведомствоаралық кешенді жұмыстардың нәтижесінде азаматтар мен бизнестің қаржысын қорғауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Ұлттық қордан 10 жыл ішінде жұмсалмаған қаржы зейнетақы шотына аударылады
Елімізде 18 жасқа толған азаматтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жинақталған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығына ие. Отбасы банктің мәліметінше, соңғы үш жылда әрбір кәмелетке толған тұрғынның шотына орта есеппен 370,56 доллар түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Ақпан, 2026
Мұнай алпауыттары Қашағандағы экологиялық талаптарды бұзып келген
Bloomberg агенттігінің мәлімдеуінше, «Болашақ» қондырғысындағы күкірттің шамадан тыс жиналғанын Қашаған консорциумы бұрыннан білген, алайда экологиялық шығындардан қашып, ешқандай әрекет жасамаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Ақпан, 2026
Олжас Бектенов: Конституция жобасы – Әділетті Қазақстан мен технологиялық серпілістің берік негізі
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2026
Маңғыстаулық студент ұшақ бортында жолаушыға жәрдемдесті
«Астана − Ақтау» бағытындағы әуе рейсі кезінде жолаушылардың біріне шұғыл көмек көрсеткен маңғыстаулық Махсуд Ибадуллаев − Қарағанды медициналық институтының интернатурасында оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды
Елімізде 60 жастан асқан және 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар үшін пойыз билеттеріне жаңа жеңілдіктер енгізілді. Енді зейнеткерлер QURMET картасымен 25%, ал жастар KETTİK33 картасымен 33% жеңілдікке ие болады. Бұл карталар Ұлттық тасымалдаушының барлық бағыттарында бір жыл бойы жарамды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 02 Ақпан, 2026
Ақпан қан тапсыру айы деп жарияланды: Ақмарал Әлназарова қан доноры болды
Жалпыұлттық әлеуметтік бастамаларды қолдау аясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын – өтеусіз қан донорлығы айы деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру: Арандатушылар заң алдында жауап береді
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Ақпан, 2026
Ақпан айында ауа райы қандай болады?
Биыл ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы әдеттегіден жылы болады деп болжанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, орташа айлық температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болмақ. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана температура қалыпты деңгейде сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2026
Атырау облысында адам саудасымен айналысқан 21 дерек анықталды
Жергілікті полицейлер былтыр адам саудасымен байланысты 21 деректің тіркелгеніне алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.