Пол
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Астана қаласында Конституция көшесі бойындағы «Ильяс» дүкені маңында жас жігіттің соққыға жығылғаны белгілі болды. Зардап шегушінің туыстарының айтуынша, оқиғаға шамамен 40-қа жуық адамның қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 04 Мамыр, 2026
Жүк көлігімен Қазақстанға заңсыз адам тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды
Павлодар облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған жасырын арна анықталып, полиция тарапынан тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Алматы әуежайында 11 келі есірткімен шетелдік ұсталды: Ол өмір бойына сотталуы мүмкін
Арнайы тексеру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Алматы әуежайында есірткі контрабандасының жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылында бір топ жастың қатысуымен көшеде төбелес болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде суық қару қолданылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Мамыр, 2026
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Қытайдың Ханчжоу қаласында көше тәртібін қадағалау үшін роботтандырылған полицейлер қызметке кірісті. «Ақылды» патрульдер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол ережесін сақтауын бақылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Астанада 20 жастағы жігіт стоматологиялық клиникада көз жұмды
Елордадағы стоматологиялық клиникалардың бірінде ем қабылдап жатқан 20 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті мен премьер-министріне алғыс білдірілген хат жолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Қостанай облысының Жітіқара қаласында отбасылық жанжал қайғылы оқиғаға ұласып, 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Алматы полициясы Ганди саябағында болған отшашуға қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Куәгерлердің айтуынша, пиротехника салынған қорап аударылып қалып, снарядтар жан-жаққа, соның ішінде адамдарға қарай ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Мәскеу облысының Серпухов қаласында жаңа туған қыз баланың өліміне байланысты 28 жастағы әйел қамауға алынды. Бұл туралы 26 сәуір күні өңірлік прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Алматыда қолына газ кілтін ұстап қан-жоса болып сұлулық салонына кірген ер адам қызметкерлерді шошытты. Ол әкімшілікке сес көрсетіп, жуынып алмақ болған. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2026
Мәйітті төсектің астына жасырған: Солтүстік Қазақтан облысында әйел танысын балтамен ұрып өлтірген
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты танысын балтамен өлтіріп, мәйітті төсек астына жасырған 53 жастағы әйелге қатысты үкім кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2026
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Алматыда қарт әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамның бұрын да ауыр қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2026
Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады
Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг нәтижесінде беттерін тұмшалаған бірнеше әйелмен бірге қоғамдық орында жүрген ер адамның бейнесі бар видеоны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматыда аялдамада қарт әйелге шабуыл жасаған күдікті жедел ұсталды. Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жәбірленушінің қызы жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 23 Сәуір, 2026
Қостанай облысында пара алған үш полицей ұсталды
Қостанай облысында Рудный қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкері пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Павлодар облысының Ақсу қаласында әйел адамды аса қатыгездікпен өлтіру дерегі тіркелді. Марқұмның денесі қала аумағында, өндірістік аумаққа жақын тұстан табылған, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 22 Сәуір, 2026
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Жетісу облысының Ескелді ауданында 46 миллион теңгеден астам шығын келтірген мал ұрлығы фактісі анықталды. Отарды 17 жыл баққан шопан қылмысқа басты күдікті ретінде саналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Шығыс Қазақстан облысында білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полицияның ерекше бақылауына алынды. Бұл бастама оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елордадағы «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде екі шетел азаматы қару-жарақ арсеналымен ұсталды деген ақпарат тарады. Алайда Астана қалалық Полиция департаменті бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Сәуір, 2026
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында жасөспірімдер арасындағы жанжал атысқа ұласып, салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға мектеп іргесіндегі саябақта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
20 сәуір күні полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның тұрғаны туралы хабар түскен. Тексеру барысында оның Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен секіруге әрекет жасауы мүмкін болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Ақтау қаласында жеке бейнематериалдың заңсыз таралуына қатысты оқиға тіркеліп, полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Сәуір, 2026
Полиция нұсқауын орындаған жүргізушіге 21 мың теңге айыппұл салынды
Әлеуметтік желілерде патрульдік полицияның талабын орындап, айыппұл арқалаған азаматқа қатысты даулы жағдай талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2026
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер тобы бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Қоғамдық тәртіпті елемей, жол қозғалысына қауіп төндіргендердің әрекетіне қалалық полиция департаменті құқықтық баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Қарағанды облысында екі мотоциклдің қатысуымен болған апат екі адамның өмірін қиды. Тағы бір адам жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Құпия орында бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-ресурстар арқылы жалған сақтандыру қызметтерін ұсыну фактілерінің көбейгенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану: Бейнебақылау камералары қалай жұмыс істейді?
Бүгінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде технологияның тіліне жүгіну үйреншікті құбылысқа айналды. Көше бойындағы сансыз камералар құқықбұзушылықтың әрбін сәтін қалт жібермей тіркеп тұр. Алайда цифрлық жүйенің қырағылығы мен заңның әділдігі тоғысқан тұста жүргізушілерді мазалайтын сауалдар аз емес. Бұл ретте Ішкі істер министрлігі көлік басқару кезінде телефонды пайдалану мен оған салынатын айыппұл төңірегіндегі өзекті мәселелерге ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2026
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 50 жастағы күдіктіні ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол зейнеткерлерге қарсы жасалған бірнеше ұрлыққа қатысты күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.