парламент
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Қазақстанның халықаралық транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Депутат былапыт сөз қолданылатын тренингтерге баға беруді талап етті
AMANAT фракциясының депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке жаппай тренингтер мен іс-шараларда былапыт сөздерді ашық қолдану фактілеріне құқықтық әрі этикалық баға беру туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Қазақстанда жеке сот орындаушылары міндетті аттестаттаудан өтеді
Қабылданған заң аясында жұмыс істеп тұрған жеке сот орындаушыларын заңнама мен Кәсіби ар-намыс кодексін білу деңгейін тексере отырып, аттестаттаудан өткізу қарастырылады. Аттестаттаудан қайта өте алмаса, жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Машина жасау саласында қолдау артады: Мәжіліс жаңа заң жобасын қабылдады
Қазақстанда өнеркәсіптік кластерлер мен отандық өндірушілерді қолдау күшейеді. Мәжіліс Парламент депутаттары бастамашы болған машина жасау саласына қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Салық кодексіндегі өзгеріс: Конституциялық Сотқа жүгіну кезінде төленетін баж салығы жойылуы мүмкін
Салық кодексіне Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуына байланысты өзгерістер енгізіледі. Мәжіліс Парламент депутаттары бастамашы болған Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Заң жобасы: Мәжіліс рақымшылық мәселесін талқылайды
Парламент Мәжілісінің жалпы отрысы аясында салалық комитеттер бірқатар жаңа заң жобасы мен құжаттарды жұмысқа қабылдады. Жаңа құжаттар алдағы уақытта Мәжіліс комитеттерінде жан-жақты қаралып, кейін жалпы отырысқа шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Мамыр, 2026
Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Астанада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр. Жиында бірқатар маңызды заң жобалары қаралады. Күн тәртібіне экономикалық, құқықтық және әлеуметтік салаларды қамтитын бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылған құжаттар енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Жаңа заң жобасы: Қазақстанда билік жүйесі мен сайлау тәртібі қалай өзгереді?
Парламент палаталарының бірлескен отырысының екінші оқылымында депутаттар алты Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Қазақстанда облыстар мен ауылдарды құрудың жаңа тәртібі бекітілді
Парламент екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Астана туралы заң қаланы қалай өзгертеді?
Парламент «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат елорданың құқықтық мәртебесін бекітіп, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және жайлы, қауіпсіз орта жасауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 20 Мамыр, 2026
Қазақстан Халық Кеңесі билік пен халықтың өзара іс-қимылының жаңа алаңына айналады
Парламент екінші оқылымда Конституция нормаларын іске асыру үшін әзірленген «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Құжат халықтың мүдделерін білдіруді қамтамасыз етуге, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қоғамның қатысу тетіктерін дамытуға бағытталған жаңа институтты бекітеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Парламент әкім сайлауына қатысты жаңа ережелер қабылдады
Парламент «Қазақстан Республикасының заңнамасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат өткен сайлау науқандары барысында анықталған проблемалық мәселелерді ескере отырып әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Құрылтай депутаттары Конституциялық және Жоғарғы сот судьяларын қол сұғылмаушылығынан айыра алады
Парламент «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру мақсатымен әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады
Парламент жаңа Конституцияға сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Мамыр, 2026
Мұрат Ергешбаевтың Парламенттегі орнына кім келді?
Жуырда Қызылорда облысына әкім болып тағайындалған бұрынғы Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевтың орнына Берік Бейсенғалиев келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2026
Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі
Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі. Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 15 Мамыр, 2026
«Қазақстан Халық Кеңесі» мүшелерінің өкілеттік мерзімі 4 жыл болады
«Қазақстан Халық Кеңесі» мүшелерінің өкілеттік мерзімін төрт жыл деп белгілеу ұсынылды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Халық кеңесі туралы» заң жобасын талқылау кезінде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Мамыр, 2026
Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы заңды мақұлдады
Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Мамыр, 2026
«Қазақстан Халық Кеңесіне» қандай міндеттер жүктеледі?
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Қазақстан Халық Кеңесі» туралы Конституциялық заң жобасын таныстырды. Заң жобасында Қазақстан Халық Кеңесінің мақсат-міндеттері, қызмет қағидаттары мен өкілеттіктері айқындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 13 Мамыр, 2026
15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 13 Мамыр, 2026
eGov, e-Otinish және Aitu қызметтерін интернетсіз пайдалануға болады
Парламент Мәжілісі депутаттары телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Жұбайын «Парламент атынан» құттықтаған Мәжіліс депутаты көпшіліктің сынына ұшырады
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайын туған күнімен құттықтаймын деп сынның астында қалды. Оқырманның ашуын туғызған – құттықтаудың мазмұны емес, оның Парламенттің ресми стилінде рәсімделуінде, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Сайлаудағы жаңа ережелер: Бір мезгілде әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым салынады
Қазақстанда мәслихат депутаты мен ауылдық округ әкіміне бір уақытта үміткер болуға тыйым салынады. Бұл норма сайлау туралы конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Депутат Құрылтай комитеттері мүшелерінің санын шектеуді ұсынды
Парламентте Құрылтай комитеттерінің құрамындағы депутаттар санын шектеу мәселесі көтерілді. Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Ольга Булавкина айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?
Қазақстанда Құрылтайға жоғары мемлекеттік лауазымдарға кандидатураларды келісу өкілеттігі беріледі. Бұл туралы Парламент қарауындағы «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасында айқындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
5 жыл мерзімге 145 депутат – Мәжіліс Құрылтай туралы конституциялық заңды мақұлдады
Қазақстан Парламентінің қарауына «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді. Құжат Құрылтайдың қызметі мен заң шығару және бақылау өкілеттіктерін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2026
Парламентте Халық кеңесі туралы заң жобасы қаралады
Бүгін Парламент қарауына «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 05 Мамыр, 2026
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 29 Сәуір, 2026
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Мәжілісте «Педагог мәртебесі және білім беру» мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Енді білім мекемелерінде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 23 Сәуір, 2026
Қазақстанда ветеринарларға қосымша төлемдер енгізілуі мүмкін
Парламент Мәжілісінің отырысында ветеринария мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Құжатта ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.