Редакция таңдауы
Салық кодексі һәм кәсіпкер мүддесі
Қоғамға қай тұрғыдан да салмақ салып тұрған Салық кодексі оңайшылықпен қабылдана қоймайтын сияқты. Үкімет биыл оны едел-жедел қабылдап жібергісі келгенімен, қоғам және бизнес-қауымдастық ыңғай танытпады. Ішінде шикі тармақтар әлі де көп деседі. Мұны Президент те байқапты. Жолдауда кодексті сапалы әзірлеу үшін қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстырайық дегенді меңзеді.
06 Қыркүйек, 2024
Өңірлер: Әл-ауқат деңгейі әрқилы
Президент 2022 жылы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның өңірлері бірдей деңгейде дамып жатпағаны баршаға аян. Теңсіздік әлеуметтік жайсыздық пен миграциялық көңіл күйге жол ашады», деген болатын.
06 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауы – оның Ата заңда бекітілген конституциялық міндеті ғана емес, ол – мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы ең маңызды институт. Қоғам өмірінің көптеген саласына қатысты сөз қозғалған биылғы құжаттың да көтерер жүгі мол. Қазіргі таңда бүкіл ел көлемінде Жолдауда айтылған келелі ойларды талқылау басқосулары өтіп жатыр.
06 Қыркүйек, 2024
Кеше Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылық кеңестің бесінші отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: референдумның құқықтық базасы – 2024 жылғы түзетулер; референдум үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері.
06 Қыркүйек, 2024
Парижде өтіп жатқан ХVІІ жазғы Паралимпиада додасында ел қоржынына кезекті медальдар түсті: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола! Қазақстан спортының тарихында Давид Дегтярев алғаш болып Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанса, Ақмарал Науатбек пара дзюдодан алтын, Нұрдәулет Жұмағали пара жүзуден күміс жүлде олжалады.
06 Қыркүйек, 2024
Қ.Сәтбаев Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының студенті Аружан Қапасова дипломдық жұмысында көру қабілеті төмен жандардың кеңістікті бағдарлай алуын жақсартатын тактильді карталар жасап шығарған.
06 Қыркүйек, 2024
Екінші алтын: Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
Париждегі Паралимпиада ойындарында Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ақмарал Науатбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2024
Даяшының қызметіне төленетін 10% қосымша ақыға заңмен тыйым салынады
Елімізде мейрамханаға келген қонақтардан тапсырыс берілген тағам құнынан бөлек, даяшының қызметі үшін 10 пайыздық қосымша ақы алуға енді заң жүзінде тыйым салынады. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша қазан айында ішкі сауда ережесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.
05 Қыркүйек, 2024
Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізілді
Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылында сібір жарасына байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2024
«Қазақстан халқына мың алғыс»: Давид Дегтярев ел азаматтарына үндеу жолдады
Күні кеше отандасымыз Давид Дегтярев XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пара пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алған еді. Жеңісінен кейін екі дүркін чемпион ел азаматтары мен қолдау білдірген жанкүйерлеріне видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2024
«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 150 ел азаматы «Болашақ» бағдарламасымен оқу, тағлымдамадан өту мүмкіндігін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2024
Алаяқтардан айла артылар емес. Қазір халықтың бәрі интернетте отыратынын, жасың да, жасамысың да уақытының көбін телефонға шұқшиюмен өткізетінін білетін әккілер интернет алаяқтықтың құлақ естіп, көз көрмеген небір түрін ойлап тауып жатыр. Бүгінгі жұрттың заң жағынан ғана емес, медиа сауаттылығының да таяздығы – олар үшін іздегенге сұраған.
05 Қыркүйек, 2024
Егістікке қажет машиналардың ескіруі шаруашылық жұмысын тұралатып тұр. Осы жылдың мамыр айында бір топ мәжілісмен Өнеркәсіп және Ауыл шаруашылығы министріне депутаттық сауал жолдады. Онда тозған техника салдарынан шаруалардың көктемгі және күзгі науқан кезінде қиындыққа тап болатыны айтылды. Жаңа техника бағасының тым қымбат болуы, шетелдік ауыл шаруашылығы машиналарын алып келудегі күрделі талаптар да шаруашылық өнімділігін арттыруға кедергі келтіріп тұр.
05 Қыркүйек, 2024
Асуан Сиябеков: АЭС қауіпсіздігіне бүкіл әлем мүдделі
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергия тапшылығына кеңінен тоқталып, атом электр стансасының құрылысына қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанға белгілейтінін мәлімдеді. Осы орайда «Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас менеджері Асуан Сиябековпен сұхбат құрған едік.
05 Қыркүйек, 2024
«Жайлы мектептерге» директорлар тағайындалды
Жаңа оқу жылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған алғашқы оқу ошақтары ашылған еді. Енді осы мектептерге «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» бағдарламасына қатысқан 20 білікті маман директор болып тағайындалды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
05 Қыркүйек, 2024
50 мың ауыл тұрғыны медициналық әрі құқықтық көмек алды
Бүгінде еліміздің шығысындағы шалғай елді мекендерде сапарын жалғастырып жатқан «Саламатты Қазақстан» пойызының медицина қызметкерлері өткен аптада, яғни 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында ақысыз 613 адамның денсаулығын қарады, олардың 180-і – бала. Жылжымалы құрамдағы медиатор мен заңгер мамандар болса, тиісті мерзімде әлеуметтік-еңбек құқығы мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының 177 тұрғынына кеңес берді.
05 Қыркүйек, 2024
Салалық инновацияға серпін береді
Президент Қазақстан халқына Жолдауында университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Салалық инновацияларға серпін беріп, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін ашу қажет.
05 Қыркүйек, 2024
Қазақша жасанды интеллект қалыптастыру бастамасы
Кернеуі күннен-күнге күшейіп, өмірімізде өріс алып келе жатқан ғылымның күрделі саласының бірі – жасанды интеллект. Бұл – адамның ойлау үдерісін компьютерлік жүйеде модельдейтін бағдарлама желісі. Елімізде енді ғана қолға алынып жатқан мәселе болғанымен, «жасанды интеллект» термині бағдарламашы Джон Маккартидің аузынан 1956 жылы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференциясында шығып үлгерген. Нәтижесінде, жасанды интеллектіні игерген жасампаз мемлекеттер даму реттілігінде алғашқы орындарға орнығып алды.
05 Қыркүйек, 2024
Мұнай саласының ардагерлері марапатталды
Премьер-министр Олжас Бектенов қазақ даласында мұнай өндірісінің басталғанына 125 жыл толуына орай мұнай-газ кешенінің ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтап, ел экономикасы құрылымындағы саланың маңызын атап өтті.
05 Қыркүйек, 2024
Кеше Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалық етуімен өткен палатаның жалпы отырысында 8 қаулы мен 2 заң жобасы қаралып, мақұлданды. Оның ішінде тұтынушылар құқығын қорғау, салық пен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға байланысты құжаттар да бар. Сондай-ақ аймақ халқының айтарына құлақ түрген депутаттардың да Үкіметке жолдаған сауалы аз болмады.
05 Қыркүйек, 2024