Редакция таңдауы
Қазақстандағы ең жемқор өңір аталды
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны өсті. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы мұндай фактілер ең аз тіркелген өңірлердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
17 Сәуір, 2024
Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген пікір - таза фейк
Мемлекет басшысы отбасы институтын, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған заңға қол қойды. Түзетулер бүкіл азаматтық қоғамның белсене қатысып, түрлі алаңдарда алдын ала кеңінен талқылап жатқан мәселелердің нәтижесі бойынша әзірленді.
17 Сәуір, 2024
Құлсары тұрғындары Маңғыстау облысына көшірілді
Құтқарушылар 26 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетіне сілтеме жасап.
17 Сәуір, 2024
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды
Шығыс Қазақстан облысының орта таулы аймақтарының оңтүстік беткейлерінде қардың еруіне байланысты су тасқынының екінші толқыны басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері Аяулым Кекиева мәлімедеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінен келетін су тасқынына қарсы кешенді іс-қимыл жалғасып жатыр. Арнайы күштер мен еріктілердің көмегімен өңірде 771 мың құм толтырылған қапшық төселіп, 100 шақырымнан аса бөген тұрғызылған.
17 Сәуір, 2024
Майқайыңдағы автобус апаты: Сот кінәліні анықтады
2024 жылдың 4 ақпанында Павлодар облысы аумағындағы «Майқайыңалтын» кен орнында 4 адам мінген автобус ойыққа құлап, апат болған еді. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды, ал қалған екеуі із-түссіз жоғалды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты төтенше жағдайға кінәлі адамдарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
Ертіс бойындағы жұрт неден секемденеді?
Павлодар облысы су тасқынының екінші кезеңіне дайындықты үдете түсті. Ертіс арқылы ағып келе жатқан мол судан туындайтын қауіптің алдын алу мақсатында өңірлік жедел штаб құрылды. Өзеннің ойпаң тұстарында орналасқан елді мекендердің айналасындағы топырақ үйінділері биіктетіліп, құм толтырылған қаптар қойылып жатыр.
17 Сәуір, 2024
Қазақ-қырғыз бір туған, алға қарай ұмтылған...
Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров пен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың арасындағы жылы қарым-қатынастың арқасында екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми байланыстар айтарлықтай ілгерілеп, нақты, табысты жұмыстар атқарылып жатыр. Екі президент Бішкекте, Ыстықкөлде, Астанада бірнеше рет кездесіп, қырғыз-қазақ халықтары арасындағы ынтымақ пен бауырластықты нығайтуға күш-жігерін жұмсап келеді.
17 Сәуір, 2024
Ұлттық бірегейлік: тіл ме, дін бе?
Барша ұлттың өз ерекшелігі бар. Ол ғасырлар бойы қалыптасатын мемлекеттің мүддесіне, ұлттың тарихы және өмір сүру тәжірибесіне байланысты. Ұлттық бірегейлік санатына дүниетаным, ана тілі, ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, халықтық өнер түрлері, атамекені, Отандық рухты негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім және ғылым жатады.
17 Сәуір, 2024
Уақытыңыз балқып бара жатқан жоқ па?
Сюрреалистік жанрда жазылған Сальвадор Далидің «Естің тұрақтылығы» деп аталатын картинасы көпшілікке белгілі туынды. Бұл бағытта картина жазатын суретшілердің қиялы ерекше ұшқыр, ойлары жүйрік болады. Сондықтан да шығар, пәлсапалық ойға толы тақырыптық картинаға көпшілік суретшінің көңілі ауа бермеген.
17 Сәуір, 2024
«Күләшпен кездесу – әнмен кездесу еді» деп еске алыпты әнші турасында әйгілі композитор Латиф Хамиди. Олай деуіне себеп те, дәлел де мол. Өйткені әншінің бойындағы саф алтындай жарқыраған тума талант қай кезде де өзінің даралығын танытып тұратын.
17 Сәуір, 2024
Ғаламшар ғажаптары: Андромеда галактикасы
Бұл – Жерге жақын галактика. Оны алғаш зерттеп жазған парсы астрономы Абдуррахман ас-Суфиден «Тұрақты жұлдыз» атты кітабында «Кішкентай бұлт» деп сипаттаған.
17 Сәуір, 2024
Ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күші жойылады - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай обылысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Президент ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күші жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Сәуір, 2024
Президент су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа типтегі үй салуды тапсырды
Президент Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
16 Сәуір, 2024
Үкімет тасқынға қарсы күрес қарқынын арттырды
Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды. Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Сәуір, 2024
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесі қаланы су басу қаупі бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Сәуір, 2024
Жақын арадағы 10 күн өте қауіпті болады деп ойлаймын - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Сәуір, 2024
Су тасқыны: ел бойынша бүгінгі ахуал қандай?
Төтенше жағдайлар министрлігі әр сағаттың басында су тасқынына байланысты жағдайды баяндап жатыр. ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомствоға қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бірқатар мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
16 Сәуір, 2024
Оралда тасқынмен күрес амалдары күшейтілді
Батыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Оралда «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» АҚ нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Сәуір, 2024
Ғасыр саңлағы, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай таутұлғаның туған жері – Баянауыл ауданында «Қазақтың Қанышы» атты рухани іс-шара өтті.
16 Сәуір, 2024