Редакция таңдауы
Отандық экспорттаушылар теміржол тарифтерінің көтерілуіне қатысты дабыл қағып жатыр. Жыл басынан бері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы магистралдық теміржол желісі (МТЖ) қызметтерінің тарифін 5%-ға арттырған. Бұған қоса «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС локомотивтік тарту қызметтері тарифін 35%-ға көбейтуге өтінім жолдапты. Алайда 2023 жылдың өзінде жүктерді тасымалдауға арналған теміржол тарифтері үш рет (МТЖ қызметтеріне – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға және 2023 жылғы 27 сәуірден бастап 28,4%-ға, локомотивтік тарту қызметтері – 2023 жылғы 6 қарашадан бастап 11,4%-ға) көтерілген екен.
13 Ақпан, 2024
Дін мен дәстүрді бір-біріне қарсы қою – пәтуасыз іс
Таяуда руханият кеңістігінде маңызды екі оқиға болды. Бірі – 2024 жылды «Дін мен дәстүр құндылықтары» деп атаған мүфтияттың Түркістанда өткізген конференциясы. Екіншісі – осы тақырыпта «Egemen Qazaqstan» газеті ұйымдастырған арнайы басқосу. Екі іс-шараға да түрлі себептермен қатыса алмағандықтан жамағат өкілінің базынасы немесе азаматтық қоғам өкілінің ұлт дамуындағы өзекті мәселеге көзқарасы деп қабылдауға болатын мақаланы ұсынуды жөн көрдім.
13 Ақпан, 2024
Әлімжеттікпен күресте нәтиже аздау
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде оқушылардың бір-біріне әлімжеттігі тыйылмай тұрғанын айтып, буллингтің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырған еді. Осы орайда Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Жанетта Жазықбаеваны әңгімеге тартып, аймақтағы осы мәселеге қатысты біраз жайға қатысты сұрақтарымызды қойған едік.
13 Ақпан, 2024
Күні кеше Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «National Geographic» журналының «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» атты фотокөрмесі ашылды. Әлемнің түкпір-түкпірінде қырағы фотографтардың назарына іліккен түрлі таңғажайып сәттер мен жабайы аңдардың суреті көрген жанды табиғатпен етене жақындастыра түседі.
13 Ақпан, 2024
Қоғамда ажырасу оқиғаларының көбеюімен алимент төлеушілер қатары да артып келеді. «Алимент төлеуге міндеттілер» деген дұрыс шығар. Өйткені міндетті болғанымен, олардың бәрі бірдей «төлеуші» емес. Сондықтан прокуратура қызметкерлері алименттен қашқандарды анықтап, заң аясында күштеп төлеттіруге мәжбүр.
12 Ақпан, 2024
Талғат Хасенов: Сарбаздардың сүйегі – аманат
От-жалынның ортасынан оралғандар ағынан жарылып, ашыла бермейтіні бар. Тарихи күнге орай облыстағы «Ардагер» Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Талғат Хасеновпен әңгімелескен едік.
12 Ақпан, 2024
Дәстүрі мен салтының киесіне айналып, қазақ әйелі қадірлеп басына салған ақ орамалдың әдебі терең, қасиеті мол. Салмағы жеңіл болғанымен, құны қымбат, шаршысы шектеулі келгенімен, жолы үлкен, пәле мен жаладан қорған болар ақ орамал ата салтында отбасының алтын байрағы саналған. Ана екенін, айнымас жары, адал ниетпен аттаған шаңырағы бар екенін аңғартатын орамал атойлап келген жаудың да бетін қайтарып, бір атауы «жаулық» болып желбіреген.
12 Ақпан, 2024
Алматы технологиялық университетінің 3-курс студенті Нұрдәулет Байханов жаңа қосымша құрастырды. Өзі де ҰБТ тапсырған ол жаңа қосымшасын UNAI деп атаған.
12 Ақпан, 2024
Президентке Павлодар облысының әлеуметтік дамуы туралы есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады. Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2024
+ 40 градустан жоғары. Алдағы жаз былтырғыдан да ыстық болады - ТЖМ
Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов алдағы жаз былтырғыдан да ыстық болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
12 Ақпан, 2024
Селдір орман алқабын сақтау маңызды – депутат
Мәжілісте өткен орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Ермұрат Бапи Экология және табиғи ресурстар министрі Ержан Нысанбаевқа сауал жолдап, өрт зардабын жоюдың жайын сұрады, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2024
Боранда халыққа көмекке асыққан қызметкерлер мемлекеттік наградаға ұсынылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Ақпан, 2024
Биыл ел экономикасын не күтіп тұр?
Жаңа Үкімет жасақталып, оған экономикалық дамуды өрістету міндеті қойылды. Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек деді. Қарапайым халық түсінбейтін цифрларды сапырып өте шығатын министрлер енді елмен етене бола бастайтын шығар деген үміт бар. Кәсіби сарапшылар биылғы экономикалық ахуалға қатысты болжамдарын жария етті. Олардың меңзеуінше, биыл былтырға қарағанда даму үдерісі біршама өспек.
12 Ақпан, 2024
Ұлыбритания тәжі кімге бұйырады?
Өткен аптада Ұлыбритания монархы Чарльз патша қатерлі ісікке шалдыққаны жарты әлемді дүр сілкінтті. Таяуда ғана Тұманды Альбионның патшасы атанған оның науқастануы билік тізгінін енді кім ұстайтыны туралы әңгіменің басын қылтитып отыр.
11 Ақпан, 2024
Су тапшылығы болмасын десек...
Жаһандық экономикалық дағдарыстың шиеленісуі, тұрақсыз геосаяси жағдай мемлекеттерді жаңа экономикалық модельдер құру қажет екенін көрсетті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент биылғы экономикалық күн тәртібіндегі бірқатар негізгі міндетке басымдық берді.
11 Ақпан, 2024
Текеліде электр қозғалтқыштарын жөндеп, қалпына келтіретін шебер тұрады. Бала күнінен бұл технологияның тілін жетік меңгерген Юрий Семичев осы бағытта кәсіптің көзін тапқан. Сөйтіп, мемлекет қолдауының нәтижесінде шағын шеберханасының іргесін қалайды. Қала тұрғындары ғана емес, маңайдағы аудан азаматтарды да кәсіп иесінің көмегіне жүгінеді.
11 Ақпан, 2024
«9-20-25» бағдарламасы. Кімдер қатыса алады?
Биыл 1 наурызда «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Бұл жайлы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті. Айтуынша, бағдарлама республикалық бюджеттің қаржыландыруымен, «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылады.
11 Ақпан, 2024
Бақытбек Смағұл: Ауған ардагерлеріне ерекше көзқарас қажет
15 ақпанда кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Ауған тарапының көмек сұрауына байланысты КСРО басшылығының шешімімен 1979-1989 жылдары бұл елге кеңес жауынгерлері жіберіліп тұрды. Солардың қатарында қазақ сарбаздары да сын сағатта антына адалдық танытып, майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетті. Осы датаға орай біз Ауған соғысының ардагері, белгілі қоғам қайраткері, «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлды әңгімеге тартқан едік.
11 Ақпан, 2024
Әлібек Асқаров, жазушы: «Терең білім – кітапта!»
Әлібек Асқаров прозасы – оралымды тілімен, біраз уақыт санаңды санға бөлер қою атмосферасымен таныс. Жазушының біз байқаған өз болмысы – көңілдегіні көзден ұғар қырағы, кең. Жақында қаламгермен арнайы әңгімелескен едік.
11 Ақпан, 2024
Арқаның ақпандатқан ақ бораны бір көтерілсе, жыны басылғанша тыншымайтын әдеті. Бұл жолы да бірнеше күн бойы аласұрып тұрып алды. Өңірде жол қатынасы үзіліп, қаншама елді мекен қар құрсауында қалды.
11 Ақпан, 2024