Редакция таңдауы
Ұлттық аспап туралы сөз қозғала қалса, Мұңлық пен Зарлық туралы аңыз сананы сілкілеп, ойыңды онға бөліп, жүрек пен жүйке тамырларын шырқырата түсетіні сөзсіз. Қос ішектен төгілген күй көңіл пернесін дөп басқанда, толқымайтын, шалқымайтын адам кемде-кем шығар. Ханға қаралы хабарды естірткен қасиетті аспаптың құдіретін сезінбеу әсте мүмкін емес. Кетбұғаның «Ақсақ құланынан» жеткен үн жүрегіңді жұлқылай түсетіні де даусыз.
05 Шілде, 2025
Біз жастарымыздың талабына қарап, ел болашағын айқындаймыз. Алдымызда қаншама мақсат-міндет тұр. Осыны орындауда жас буынға үміт артамыз. Сондай жігерлі жастың бірі – тіл маманы, Мәскеуде шыққан «Казахский язык. Самоучитель» (2018) оқу құралының авторы Кәмшат Шахатова еді... Тағдырдың жазуымен болашаққа елеулі жоспар құрып жүрген осы филолог қырық күн бұрын ауыр науқастан бақиға озды.
05 Шілде, 2025
Астана күні қарсаңында елордада коммуналдық сала қызметкерлеріне арналған ерекше нысан ашылды. Абай даңғылы мен А.Янушкевич көшесі қиылысынан орын тепкен «Коммуналдық қызметкерлер аллеясы» тұрғындардың көзайымына айналды десе де болғандай.
05 Шілде, 2025
Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсететін эпизод бар. Бірақ сезімтал тіршілік иелері бір-біріне жақындамай, екі жаққа жүзіп, түсірілім тобын біраз әбігерге салған.
05 Шілде, 2025
«Reuters» агенттігінің зерттеуінше, 2024 жылы әлемде жарияланған жаңалықтың 8,5 миллионын жасанды интеллект жазған. Ал адамдардың 72 пайызы тек алгоритм ұсынған контентті тұтынады екен. Бұл – медиадағы адамның рөлін алгоритмдердің біртіндеп алмастырып жатқанын көрсетеді. Алайда мәселе тек ақпаратпен шектелмейді. Бүгінде ЖИ диагноз қояды, несие беру-бермеуді шешеді, көлікті өзі жүргізеді, тіпті адам бейнесін тірілтіп, онымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Яғни жасанды интеллект көмекші құрал ғана емес, адам орнына шешім қабылдайтын жүйеге айналып барады.
04 Шілде, 2025
Юрий Никулинмен қалай кездестік?
Бір топ солдат ну орманды аралап келе жаттық. Кенет алдымыздан қаз-қатар сап түзеп тұрған әскери техникалар шыға келді. Таңырқағаннан аузымыз ашылып қалыпты. Қоршаудан оңай өттік. Жастық желік қойсын ба, әрқайсымыз әр техникаға барып, төбесіне шығып жатырмыз. Ойпырмай, мұнда не жоқ дейсіз? Кәдімгі ат-арбадан бастап, танкілердің нешеме атасы қойылыпты. Немістердің де танкілері, жүк көліктері, қару-жарақтары тізіліп тұр. Алдыңғы жетектеуші бөлігіне кәдімгі дөңгелек орнатқан шынжыр табанды танкіні алғаш көруіміз. Ұшақтардың да бірнеше түрі бар.
04 Шілде, 2025
Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов балуандардың Азия ойындарынан алтын медаль олжалай алмай келе жатқанына 31 жыл болғанын айтты. 1994 жылы Мәулен Мамыров Азия ойындарында чемпион атанып, құрлықтың аламанында ат ойнатты. Содан бері балуандарымызға бұл асқар асу берілмей келеді. Келесі жылы Азия ойындарын Жапония қабылдайды. Нагоя қаласындағы дүбірлі аламанда еркін күрестен алтын медаль олжалау – балуандарға серт.
04 Шілде, 2025
Соғыс жылдары тылдағы тіршіліктің бар ауыртпалығын әйелдер мен жас балалар көтерді. Ер-азаматын, әкесін, ағасын майданға шығарып салған аналар, қыз-келіншектер, шиеттей бала-шаға ауыр еңбекке араласып станокта тұрды, оқ-дәрі шығарды, комбайн-тракторға мініп жер жыртты, егін орып, масақ терді, жер астына түсіп көмір қазды, кен өндірді.
04 Шілде, 2025
АҚШ-тың Юта штатында ғалымдар ешбір түрге жатпайтын ежелгі өсімдіктің тасқа айналған қалдықтарын тапты.
04 Шілде, 2025
Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы
Қытай ғарышта жасанды интеллект инфрақұрылымын салуды көздеп отыр.
04 Шілде, 2025
Кембридж университетінің ғалымдары адамның ДНҚ-сын қолдан құрастыруды бастады. Бұл – тарихта алғаш рет жүзеге асып отырған тәжірибе.
04 Шілде, 2025
Қоршаған ортаны аялау мен таза күйінде ұстау – әркімнің азаматтық парызы, қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осы бағыттағы маңызды бастаманың бірі ретінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын атауға болады.
03 Шілде, 2025
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің оқытушы-студенттерінен құралған ғылыми-шығармашылық топ модульдік үй құрастырды. Төтенше жағдай туындағанда, туристік аймақтар мен вахталық кенттерде, халық тығыз орналасқан өңірлерде баспана мәселесін шешуге арналған жоба авторлар атына патенттеліп үлгерген.
03 Шілде, 2025
Студенттер жазғы демалысын қалай өткізеді?
Жазғы демалыс – оқушылар мен студенттердің асыға күтетін сәті. Бұл демалып, жаңа оқу жылына күш жинайтын уақыт па, әлде өзіңді дамытуға мүмкіндік пе? Студенттер жазғы демалысын қалай өткізеді?
03 Шілде, 2025
Жетісуға жетелейтін жеті себеп
«Талдықорған – Лепсі – Балқаш» автожолының ашылуына орай ұйымдастырылған баспасөз туры барысында журналистер қауымы бірқатар оң өзгерістің куәсі болды. БАҚ өкілдері Балқаш туризмінің дамуына соны серпін беретін, жаңғырған күре жолмен алғашқылардың қатарында жүріп өтті.
03 Шілде, 2025
Нидерланд 2017 жылдан бері жел энергиясына көшкен. Пойыздар дизельмен не көмірмен емес желмен жүреді.
03 Шілде, 2025
Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара – АҚШ пен Канада арасында орналасқан. Бұл шекараның жалпы ұзындығы 8 893 шақырымға созылып жатыр.
03 Шілде, 2025
Тынық мұхитында орналасқан Тувалу мемлекетінде 12 халық өмір сүреді. Алайда елде ешқандай қазба байлық жоқ. Бірақ қазынаны толтырудың жолын тапқан.
03 Шілде, 2025
Бір сәтте бес мың адам күй тартты
Жетісу жерінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала үні» атты мерекелік флешмоб өтті. Онда бір сәтте 5 мың адам күй тартып, еліміздің рекордтар кітабына енді.
03 Шілде, 2025
Өнім дизайнері бәсекелі маманға айналды
Әсіресе банк секторы мен қаржылық технология саласында өнім дизайнерінің рөлі барған сайын күшейіп жатыр. Себебі қаржы – сенімге құрылған сала, ал сенім интерфейстен басталады. Дизайнер десе, көпшілік оның тек сурет салып, түстер мен шрифтерді таңдаумен айналысатынын елестетеді. Алайда өнім дизайнерінің жұмысы әлдеқайда ауқымды әрі стратегиялық мәнге ие. Ол пайдаланушы тәжірибесін (UX) зерттеп, сол негізде интерфейсті (UI) әзірлейді. Сонымен қатар тұтынушы мінез-құлқы, нарықтағы трендтер, бәсекелестер, бизнес мақсаттар барлығы осы маманның шешімдеріне әсер етеді.
02 Шілде, 2025