Редакция таңдауы
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті
Үкімет үйінде Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиында Мәжіліс және Сенат депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітті. Сондай-ақ ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы нақтыланды.
28 Маусым, 2025
Семей көшелерінде – заманауи көліктер
Облыс орталығының көшелеріне жаңа 44 автобус шықты. Жаңа көліктер №24, №4, №35, №12 бағыттарда жолаушы тасымалдауға маусым айының соңында кіріседі.
28 Маусым, 2025
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Маусым, 2025
2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
27 Маусым, 2025
Қазақстанда 2026 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артады
Елімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
27 Маусым, 2025
«Tasqyn» жүйесін жетілдіру қадамдары
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы және «Tasqyn» су тасқынын болжау мен модельдеу жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шара барысында қолданыстағы механизмнің тиімділігі сараланды.
27 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылу көздері мен жылу желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру аясында Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
27 Маусым, 2025
«Келешек мектептері» – болашаққа салынған инвестиция
Кейінгі жылдары отандық білім саласында сапалы және қолжетімді білім алуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жиі айтылатын екі ұғым бар: біріншісі – «Келешек мектептері», екіншісі – элиталық мектеп. Сырт көзге ұқсас көрінгенмен бұл екі форматтың миссиясы мен жүзеге асу жолдары әртүрлі.
27 Маусым, 2025
Сенат сессия жұмысын қорытындылады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Онда сенаторлар бірқатар заңды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
27 Маусым, 2025
ЕАЭО ғаламдық үдеріс көшінен кеш қалмауы керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь астанасы Минск қаласына барып, Еуразиялық экономикалық форумға қатысты.
27 Маусым, 2025
Жамбылда 30 жоба іске асырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңызы зор екенін ұдайы айтып жүр. Әсіресе, тікелей шетелдік инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы ел экономикасын үстемелеу Президент назарынан тыс қалған емес. Сол тұрғыда соңғы жылдары өңірлерде жаңа жобаларды жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жамбыл өңірінде де көңіл көншітерліктей жобалар қолға алынған.
27 Маусым, 2025
Президент орман шаруашылығы туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Маусым, 2025
2025 жылдың алғашқы 5 айында республикалық бюджет түсімі жоспардан 1,2 трлн теңгеге кем болды. Алайда Үкімет шығындарды 1 трлн теңгеге қысқартып, тапшылықты 1,03 трлн теңгемен шектеді. Қаржы министрлігінің дерегінше, 1 маусымға дейін республикалық бюджетке 8,8 трлн теңге түсті. Бұл жоспарланған 10 трлн теңгеден 12%-ға аз. Әсіресе салықтық түсімдер айтарлықтай төмендеп, 5,54 трлн теңге болды (жоспар 5,61 трлн теңге). ҚҚС бойынша түсім 8,1%-ға орындалмай қалған. Керісінше, салықтан тыс түсімдер 38%-ға асыра орындалыпты.
26 Маусым, 2025
Израиль – Иран қақтығысы: әлеуетке әсері қандай?
Израиль мен Иран аспанында жасын ойнатып жатқан зымырандар «шеруі» жаһандық мұнай бағасын қымбаттатуға да, құлдыратуға да қабілетті. Осыдан бірер күн бұрын Иран Ормуз бұғазын жауып тастайтын болса, мұнай бағасы өсуі мүмкін (жалпы, екі ел арасында соғыс басталғалы «қара алтын» құны 11%-ға өсіп те үлгерген еді) деген пікір белсенді тараса, енді Иран мен Израиль татуласуға келіскеннен кейін баға қайтадан төмендей бастады.
26 Маусым, 2025
Ақнұр Иманқұл: Отбасы құндылығы қашанда маңызды
Отбасы қашанда әлеуметтік маңызды институт саналады. Елімізде отбасылық-демографиялық саясатты нығайту мақсатында түрлі әлеуметтанулық зерттеу жүргізіледі. Шаңырақтың шайқалмауы, керегенің сетінемеуі – отбасы құндылығының басты нышаны. Қазақстан қоғамдық даму институты Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының сарапшысы Ақнұр Иманқұлмен сұхбатымыз осы тақырып төңірегінде өрбіді.
26 Маусым, 2025
2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Сөйтіп, мемлекетіміз қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қатысты кемсітушілік жағдайларды жоюға міндеттеме алды.
26 Маусым, 2025
ЕЭО-ның Кеден кодексіне түзету енгізілді
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын, атап айтсақ, нотариаттық қызмет мәселелері, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарады.
26 Маусым, 2025
Өскелең ұрпақты отаншылдыққа баулитын жиын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына келіп, «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.
26 Маусым, 2025
Жастар бейбіт заманның қадірін түсінуге тиіс - Президент
Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында қазіргі құбылмалы, бұлыңғыр заманда біз осы тарихи ақиқатқа адал болып, зұлмат соғыстың қасіретті сабағын ұмытпауымыз қажет екендігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
25 Маусым, 2025
Қазақстан мен ЕҚДБ ынтымақтастығы нығайып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесу өткізді.
25 Маусым, 2025