Оқиға • Кеше

Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық жол апаты тіркелді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада қалың қар жауып, жолдардың тайғақ болуы салдарынан 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық жол апаты тіркелді

Фото: Астана қаласының полиция департаменті

Қалалық полиция департаменті жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жылдамдықты азайту және көліктер арасындағы қашықтықты сақтауды ұсынады.

«Сонымен қатар көлікті қысқы шиналарсыз пайдалану – бұл тек құқық бұзу ғана емес, сондай-ақ жолдарда ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, түнгі сағаттарда қалада қар жамылғысы шамамен екі сантиметрге жеткен. Таңертеңнен бастап Астанада қар тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Қалалық әкімдік алты аудан бойынша үш мыңға жуық жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылғанын мәлімдеді.