Аймақтар • Бүгін, 10:17

Еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысы мен Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Azattyq Rýhy

Алматы облысындағы «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 36-67 шақырым аралығы, төлемақы алу пунктінен Қонаев қаласына дейін, сондай-ақ «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының 24-136 шақырым аралығы, төлемақы алу пунктінен Шелек ауылына дейін жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат етілмейді. Шектеу бүгін сағат 9:00 шамасында енгізілген. 

Аталған жол учаскелерін шамамен сағат 13:00-де ашу жоспарланған. 

Ал Жамбыл облысындағы «Астана-Қарағанды-Алматы» тасжолының 2152-2214 шақырымы аралығы, Бұрылбайтал ауылынан Алматы облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. 

Бұл жол бөлігін де шамамен сағат 13:00-де ашу жоспарланып отыр.