Оқиға • Кеше

Шығыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсанда Шемонаиха-Усть-Таловка тасжолында болған. Салдарынан бір жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Облыстық полиция демартаменті жол апатына қатысты тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Сонымен қатар сараптамалар тағайындалып, оның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. 

«Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», делінген хабарламада.