Редакция таңдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру аясында Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді. Басқосудың басты мақсаты – ауыл тұрғындары өндірген өнімді өңдеу және тиімді өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру мәселесін жан-жақты талқылау.
21 Маусым, 2025
Аспалы көпірге жөндеу жүргізіліп жатыр
Семейдегі 25 жыл бұрын пайдалануға берілген аспалы көпірдің бүгінде тозығы жетіп, өңі ескірген. Жақында нысанға күрделі жөндеу жүргізіле бастады.
21 Маусым, 2025
Кейінгі бірнеше жылдың бедерінде облыс орталығы Тараз қаласының көшелері едәуір жаңарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика саласын жақсарту, қала жолдарының сапасын арттыру туралы тапсырма бергені белгілі. Содан да болса керек, қала ішіндегі көше жолдарының сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, бұл бағытта қолға алынған жұмыс ілкі сәтке де тоқтамақ емес.
21 Маусым, 2025
Отандық медицинаның озық тәжірибесі
Биыл жылдың басында Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру операциясы жасалды. Он жыл бұрын бауыр циррозына шалдыққан 40 жастағы келіншекке күйеуі мен ағасының ағзасы сәйкес келмей, доноры қайнысы болды. Дәрігерлер 10 сағатқа созылған күрделі операция барысында донор бауырының 65%-ын реципиентке салып, операцияны сәтті аяқтады.
21 Маусым, 2025
Индустриялық аймаққа инвестиция тартылды
Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.
21 Маусым, 2025
Су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құрылады
Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді.
21 Маусым, 2025
Ормұз бұғазы жабылса, мұнай бағасы күрт өсуі мүмкін
Citigroup сарапшылары Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы жоғары Ормұз бұғазы жабылған жағдайда Brent маркалы мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін деген болжам айтты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
20 Маусым, 2025
Ерекше балаларға елдік қамқорлық қажет
Қоғамның өркениеттілігі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға, әсіресе балаларға деген көзқарасымен өлшенеді. Олардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау – тек ата-аналардың ғана емес, мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
20 Маусым, 2025
Әбіш Кекілбаевтың жеке архиві мемлекет қорына тапсырылды
Алаш руханиятының алыбы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы – қазақ елінің тарихи жадындағы алтын арқау. Бүгін осы бір тау тұлғаның рухани мұрасын ұрпаққа аманаттап, келер буынға табыстау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне мемлекеттік сақтауға ресми тапсыруға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
20 Маусым, 2025
«Қартайған» халық қатарына қосылмайық десек...
Келешекте еліміздің демографиялық жағдайы күрделі мәселелермен бетпе-бет келуі мүмкін. Себебі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда елдегі халықтың туу деңгейі төмендеп, қарттық жастағы азаматтарының үлес салмағы артқан. Мамандар бұл қауіптің алдын алу үшін демографиялық дамудың бірыңғай жүйесін жасап, арнайы бағдарламалар қабылдау керектігін айтады.
20 Маусым, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, терең өңдеуге баса назар аудара отырып, экономиканы әртараптандыру, энергетикалық инфрақұрылым мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
20 Маусым, 2025
Еуропалық одақпен диалог нығайып келеді
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси конфигурациядағы ынтымақтастық комитетінің 22-отырысы өтті. Тараптар негізінен Қазақстан мен Еуроодақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді талқылады.
20 Маусым, 2025
«World Boxing» ұйымының мұрындық болуымен 30 маусым – 7 шілде аралығында Астанада бокстан Әлем кубогінің үшінші кезеңі өтеді. Алғашқы екі жарыста Өзбекстан құрамасы басымдық танытты. Бұл жолы қазақтың қайсар ұлдары барын салатыны анық.
20 Маусым, 2025
Президент медициналық көрмені тамашалады
Президент медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын елордалық кәсіпорындар көрмесін тамашалады. Мемлекет басшысына Heart Center Foundation қоғамдық қорының өкілдері Қазақстандағы кардиохирургия мен трансплантологияны дамыту миссиясы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Маусым, 2025
Президент Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады
Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып, биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Маусым, 2025
Отандық ғалымдар балқытылған күкіртті құнды өнімге айналдырмақ. Осыған қажетті технологияны олар АҚШ-тың Аризона университетінің зерттеушілерімен бірлесіп әзірледі.
19 Маусым, 2025
Курчатовта ғылым қалашығы бой көтереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ғылымға қатысты ерекше бастама көтергені есімізде. Онда Президент: «Шын мәнінде, ғылым қалашығы керек. Оларды Алматыда, Курчатовта салу ақылға қонады. Бірақ Үкімет те, ғалымдар мен салалық министрлік те нәтиже шығару қажет екенін түсінгені жөн», деген еді. Жуырда Абай облысына келген Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысында да бұл мәселе қайта көтерілді.
19 Маусым, 2025
Ынтымақшыл елдердің ырысы артады
Қауіпсіздігі мен тұрақтылығы шатқаяқтап тұрған бүгінгі әлемде мүддесі мен мақсаты бір мемлекеттердің күш біріктіріп, тізе қосып алға басуы – маңызды үдеріс. Осы орайда Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінің өтуі аймақтық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты. Сарапшылар бұл форматтың келешегін жоғары бағалап отыр.
19 Маусым, 2025
Ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны байқалады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелер, еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болатын республикалық бюджеттің атқарылуы жайы қаралды. Отырыста депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның өткен жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдады.
19 Маусым, 2025
Ел ішінде күнделікті тұтынатын қызметтер мен тауарлардың құны тағы да өсе бастады. Бұл жолы баға құбылуы ұялы байланыс, электр энергиясы және халықаралық емтихандар саласынан байқалды. Әсіресе, тұрғындар үшін тұрмыстық қызметтердің қалтаға түсер салмағы ауырлай түсті. Маусым айынан бастап мобильді тарифтер өзгеріп, жарықтың құны қымбаттады, ал IELTS емтиханына қатысу бағасы бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
18 Маусым, 2025